1 кГц=1*103 Гц; 1мГц= 1*106 Гц
Анықтама бойынша период пен жиілік бір-біріне қарама қарсы шамалар, яғни Фаза – тербелістің берілген амплитудасы кезінде тербелмелі жүйенің кез келген уақыт мезетіндегі күйін анықтайды.
Айнымалы шамалар фаза бойынша сәйкес келуі мүмкін.
Мұнда тоқтар I1 және I2 фаза бойынша сәйкес келеді
Мұнда кернеу U1 және U2 қарсы фазада болады.
Фаза бойынша жылжуды градуспен көрсетеді. Барлық период 3600, себебі период шеңбер бойынша магнит өрісінде өткізгіштің бір толық айланысын алады.
Бұл яғни олар біруақытта нөлдік және максимал мәндеріне қарама-қарсы бағытта жетеді.
Егер айнымалы шамалар фаза бойынша сәйкес келмесе, онда фаза бойынша жылжытылған.
Мұнда кернеу тоқтан 900 –қа қалса, онда тоқ және кернеу фаза бойынша 900 –қа жылжытылған.
Басында тоқ максимумға жетті, ал кернеу нөлде тұр.
Кернеу максимумға 900 –тан кейін жетеді.
Фаза бойынша жылжу грек әрпімен φ белгіленеді, мысалы φ=900 .
Айнымалы тоқ генераторының роторы неғұрлым тез айналса, соғұрлым ЭҚК немесе тоқтың өзгеру периоды аз болады.
Айнымалы тоқтың максималды мәні (ЭҚК немесе кернеу) оның амплитудасы немесе тоқтың амплитудалық мәні деп аталады.
Im, Em және Um — тоқтың, ЭҚК-тің және кернеудің амплитудалары.
Өндірістік жиілікті айнымалы тоқтың энергия көзі ретінде электр машиналы генераторлар пайдаланылады, оған айналмалы қозғалыс беретін бірінші қозғалтқыштар: бу машиналары, гидравликалық турбиналар және т.б. қозғалтқыштар жатады. Генератордың айналмайтын бөлігі статордан және айналатын бөлігі ротордан тұрады. Көпшілік жағдайда роторда электромагнит орналасады. Ротор орамдары щеткалар мен сақиналар арқылы тұрақты тоқ көзінен қоректенеді. Ротор айналған кезде осы магниттік ағын статордың өткізгіштерін қиып өтеді, яғни оларда ЭҚК пайда болады.
Е= Blu мұндағы В – саңылаудағы магниттік индукция, l - өткізгіштіктің актив ұзындығы, u – магниттік өрістің өткізгішке қатысты орын ауыстыру жылдамдығы;
800-ден 8000 Гц дейінгі жиіліктер, бұдан да жоғары жиіліктегі айнымалы тоқты тек электрондық генераторлардан алады.
Достарыңызбен бөлісу: |