Ќазаќстан республикасы білім жєне



бет2/3
Дата14.10.2023
өлшемі51,5 Kb.
#114783
1   2   3
Байланысты:
stud.kz-40967

Мәшһүр жүсіп көпейұлы
(1858-1931)
Дұрысында тарихта болған, заманында өз әлінше қоғамдық прогресшіл қызмет атқарған, әлеуметтік-мәдени, әдеби мәні бар азды-көпті шығармалар қалдырған ақын-жазушылардың бәрінің де аттары аталуға, қызметтері мен шығармалары көрсетілмеген ақын-жазушылар болмауға тиісті...
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қаршадай жасынан қолына қалам алып ескше оқыған, ескіше хат таныған. Ол кішкентайынан молданың алдын көрген, оның балауса көк шыбығының «дәмін» татқан. Өйткені, молда қыбыр-жыбыр еткенді, оқымағанды табан астына жазалайтын.
Жас Мәшһүр Жүсіп молдадан бір «қиындық» көрсе, бірге оқыған балалар «түйебас» қып ойнап, тағы да өмір тауқыметін тартқызыпты.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлына қара сөзден гөрі, өлеңмен сөйлеген әлдеқайда жеңіл болған,ол аузын ашса болды өлең құйылып-төгіліп, саулап жүре берген.
Жабысты маған өлең он бес жаста,
Жұрт айтты: «не қыласың», - деді баста.
Дегенмен қоя алмадым үйренген соң,
Мінім жоқ қылған жұртқа мұнан басқа.

Шүкірлік, бергеніңе, Құдай Патша,


Он бесте шабыттандым жүйрк атша.
Бір күндер ұйықтап жатқан мезгілімде,
Кеудеме өлең толды сызған хатша.
Мәшһүр Жүсіп алғш қолына қаламды мұсылман болып алып, көзін де сол мұсылман қалпында жұмған абзал жан. Өзінің кімнен сабақ алғаны, қайда оқығаны, кінің жәрдем көмек жасағаны бәрі де өлеңдерінде тайға таңба басқандай айтылған...
Ақын өзінің қандай харіптен бастап оқып, одан кейін оны қалай жалғастырғанын жіпке тізген меруерттей мөлдіретіп жырлаған. Мәшһүр Жүсіптің жазған өлеңі болсын, аңыздары болсын, қиссасы болсын – бәрі де оның өмірбаяны, өзін айту арқылы сол кездегі қоғамдқ жағдайды, ел тұрмысын жан-жақты сипаттаған. Ақынның өмір сүрген мезгілі – елдің қаймағы бұзылмаған таза кезі. Діннің де, ділдің де жан-жағы бүтін, жұлмаланбаған орын-орнында тұрған шағы еді. Әкесі Көпей де Алланың ақ жолындағы кісілікті кісі екен.
Халқымыздың ХХ ғасырдың бас кезінде жадап-жүдеп, қатты қиындықкөргені белгілі. Ақын соның бәрін өнер білімнің жоқтығынан деп біледі, егер ел-жұрттың көзі қарақты болса, осыншама қиналмас еді, әттең сауатсыздық діңкелетіп тұр дей келіп:

Қазағым, өнер ізден, ұрлық-зорлық,


Қыласың бір-біріңе неге озбырлық.
Болғаннан алты ауызды ынтыьақсыз,
Басыңа келген жоқ па талай қорлық.
Атақты Мәшһүр Жүсіптің поэзиядағы алатын орны бір төбе болса, оның ел тарихын, жер тарихын зерделеуге қосқан үлесі екінші биігі. Оның қазақ этнографиясын, әдет-ғұрпын зерттеушілерге беретін білімі ұшан-теңіз.[2,3-4]
Мәшһүр Жүсіптің бүкіл тірлігі – жастарға үлгі-өнеге, ол мал-мүлікті көзіне сүртпеген аса жомарт, мол білім иесі, ғұлама, ағылып-төгіліп тұрған ақын, Адам Атадан бері толғап кетсе – шежіреші, тарихшы, этнограф, әр нәрсенің байыбына бармай, тексермей қалам тербемемейтін терең ойшыл екені даусыз. Ол бір жаратушы Алладан басқаға мойын бұрмаған діндар да еді, аузына арам салмаған тахуа да еді. Аққынның осындай алабөтен таза мінезі оны ел ішінде қадір-құрметке бөледі. Халайық-қауымның сүйіп қойған «Мәшһүр» деген атына лайық заты да болды, ол айналасының да, өзінің де қадір-қасиетін жақсы түсінді, осы себепті де:

Көп алдым, атасы өлсе, аталмаспын,


Көз қиып қалың малға матамасын.
Атымды «МӘШҺҮР» деген үш жүз білді,
Дүниеде мұнан артық не табасың?! [3,112]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет