Шәкәрім құдайбердіұлы
(1858-1931)
Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы туып, 1931 жылы қызыл диктатураның қанды қылышынан мерт болған оқымысты, қайраткер, ұлы ұстаз.
Шәкәрімнің әдеби мұрасы да жоғары да айтылған кеңестік идеологияның кесірінен халқынан жасырын ұсталды. Бірақ оның шығармашылығы архивте жатқанымен, там-тұмдап ел арасында жасырын таратылып та жүрді. Бірақ Горбачев заманының жылымық сәтінде Ш.Құдайбердіұлы ақын ретінде ақталып, мұрасы жарыққа шықты.
«Шәкәрімнің әдеби шығармашылығы идеялық-тақырыптық мазмұнының ауқымдылығымен, әсерлі де көркемдік қуатының молдығымен ерекшеленеді. Жалпы алғанда, оның шығармашылық мұрасы мол да, мағыналы және ол ХІХ және ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінен ерекше орын алады. Бұл мұра ұзақ жылдарға «үнсіздік» пен нақақ жаладан кейін халыққа оралуға тиіс» [4]
Шәкәрім үлкен атасы Құнанбай мен ағасы Абайдың ықпалында тәрбиеленіп, екі жақты әрі мұсылмандық, әрі еуропалық білім алады. Сондықтан да Шәкәрімнің шығармашылығынан текреволюциялық, демократиялық бағыт іздеуге болмайды. Олүлкен психологиялық ауыр жағдайда өмір сүрген адам. Себебі, ол мұсылмандық, имандылық, діни-ағртушылық идеядан бас тарта алмады, кеңестік, атеистік, революциялық, пролетарлық идеяға да біржола көше алмады. Сол себепті де,өмірінің едәуір бөлігін саяқ, шығармашылыққа арнап,и елден жырақ өмір кешті.
Ірі отбасында туған Шәкәрімнің ерте білім алуға мүмкіндігі болды. Ол бес жасында оқудың дәмін білді. Сонымен бірге қазақтың жасқа тән желікті ғұмырынан да шет қалмайды. Сұлу ат мініп, құс салып, серілік өмірдің де сән-салтанатын көреді:
Бесімде оқу білсін деп,
Ата-анам берді сабаққа.
Жеті жаста жетім боп,
Түскендей болдым абаққа.
Ардақты кенже жетім деп,
Әлпештеді мені кеп.
Надандыққа болды сеп,
Қақпай ешкім қабаққа, -
деп жазды ол өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты өмірбаяндық поэмасында.
Ақынның дастандары мол, солардың ішінде айрықша атауға тұрарлығы, көлемі де, көркедігі де айтса ауыз толатын «Ләйлі-Мәжнүн» ғашықтық жыры дер едік. «Ләйлі-Мәжнүн» бір ғана араб елінде емес, бүкіл дүние-жүзі әдебиетінен өзінің мәнерлі сұлулығымен, терең мағына, ғажайып фантазиясымен белгілі орын алады.
Ақынның халық ішіне кең тараған атақты кітабы 1911 жылы Орынбор қаласынан жеке кітап болып жарық көрген «Мұсылмандық шарты» екені зиялы қауымға белгілі. Бұл туындыда мұсылман баласы қайтсе күнәдән тазарады, қайтсе сауапқа кенеледі,соның бәрі түсіндіріліп, жн-жақты айтылған. Тіпті бес уақыт намаз, отыз күн оразаның қадір-қасиетін де жеткізе толғаған...Шәкәрім тек ақын ғана емес, жан-жақты талант, ол көп дүние тындырып, мол мұра қалдырған ғұлама. Біз оның «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ пен Айсұлу», «Мұтылғанның өмірі» сияқты шебер жазылған дстандарынан тарихымыздың қатпар-қатпар сырларын ұқсақ, кешегі ата-бабамыздың жан сырын, асқақ арманын да сезініп білгендей боламыз.
қорытынды
Біз сөз еткен жоғарыдағы ақындар дінімізді, жерімізді, ділімізді, тілімізді беріп, қорлық көргенше, Алланың ақ өлімін қарсы алғанымыз дұрыс дейтіндей.
Еліміздің «ұяттан өлім күшті» немесе «малым арымның садағасы, арым жанымның садағасы» деп, бәрінен арлы болуды биік санаған ата-бабамыздың аталы сөзін ұстанғанды ақындар жөн көрген, кейінгі болашақ жастарға да осы нақылды үлгі-өнеге етіп ұсынған.
Сөйтіп жатпай-тұрмай, халық қамын ойлап, олардың әр күн көрген азабын, көз жасын қара сиямен ақ қағаз бетіне қабырғасы қайысып жазып отырған аяулы ақындарды кезінде М.Дулатов та жырлады:
Оралдан Әбубәкір молда шықты,
Оралдан Қыпшақбайдай жорға шықты.
Торғайда Ақмолла мен Нұржан жатыр,
Шөже, Орынбай, Мәшһүр Жүсіп ол да шықты. [5,76]
Пайдаланылған әдебиеттер
Военный сборник Т., ХХҮІІІ 1871
Көпейұлы М. Ел аузынан жинаған әдебиет үлгілері. Алматы, «Ғылым» 1992 жыл
Көпейұлы М. Таңдамалы. Алматы, «Ғылым» 1996 жыл
Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің ақың Шәкәрімнің творчествалықмұрасы жөніндегі қаулысы. «Социалистік Қазақстан». 1988 жыл 14 сәуір
Дулатов М. Шығармалары. Алматы, «Жазушы», 1991 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |