Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет107/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   199
Байланысты:
Темиргалиев Философия каз

Көйбей  бидің  пәлсафалық  тұжырымынан  үзінді:    «Зер  ұстаған  зердің 
жайын  біледі,  Жақсы  басшы  елдің  жайын  біледі.  Басынан  көп  өмірді  өткізген 
жан,  Қайғы  мен  жердің  жәйін  біледі…  Ой  дүние-ай,  дүниесің,  Дем  алғанша 
құбыласың. Шаң жұқтырмайтын кейде тұлпар, Кейде орға жығасың. Кеше көл 
еді бүгін тақыр, Кеше бай еді бүгін пақыр, Ар сатуға ақырын келе жатыр.» 
Тек  қана  қазаққа  тиесілі  философиялық  мәселе  ол  тектілік.  Себебі  мен 
қазақтан басқа тектілікке соншалықты қамжейтін халықты көрмедім. Қазақтан 
басқа қаны таза халықтын шежіресін кормедім , естімедім, оқымадым!: 
Тектіден текті туады, Тектілік тұқым қуады. Тектілердің тұяғы, Таңдайды 
құз-қияны.  Шын  тектілер  халқы  үшін,  Өлімге  басын  қияды.  Жақсы,  жаман 
деместен, 
Жанына 
жұртын 
жияды... 
Бекасыл 
әулие 
(1822-1915).  
Текті  де  терең  тамырлы  бай  тарихы  бар  қазақ  халқы  қашанда  асылы  мен 
жасығын,  жаманы  мен  жақсысын  парықтауға  айрықша  мән  беріп,  тектілік 
қасиетті  ерекше  классикалық  биік  деңгейге  көтерді.  Тектің  һәм  ұрпақтың 
тағдыры  –  ұлттың  тағдыры.  Ата  қазақ  келешек  ұрпағының  кемел  болуы  үшін 
өзіне талапты биік қойған. Зерделі, тапқыр, жігерлі, қайратты, ақылды, білімді 
т.б.  болып  өсуді  ер  жігіттің  басындағы  асыл  қасиеттерге  теңеген.  Қазақта 
біреудің баласы жақсы өнегелі азамат болып өссе: «Оның әкесі жақсы кісі еді, 
өнегелі жерден шыққан ғой», - дейді. 
Дәстүрлі  қазақ  қоғамында  қалыптасқан  некелік-отбасылық  қатынастың 
негізгі  өзегі  бозбала  мен  бойжеткеннің  арасындағы  тамыры  жоқ  арзан  сезім 
емес,  жарық  дүниеге  ақыл-ойы  зерек,  дені  сау,  аяқ-қолы  балғадай  текті  ұрпақ 
әкелу  философиясымен  байланысып  жатыр.  Өйткені  қай  кезде  де  ұрпақтың 
денсаулығы мен зердесі мемлекеттің ең үлкен қазынасы екені сөзсіз. 
Ортағасырлық  жазба  деректерде  бірде  Жәнібек  хан  ғұлама  ғалым, 
шипагерліктен  қара  үзіп  шыққан  Өтейбойдақ  Тілеуқабылұлынан:  «Қандай  ау-
руды  емдеу  қиын?»,  -  деп  сұрағанда  емші:  «Тұқым  қуалайтын  ауруды  емдеу 
қиын», - деп жауап береді. «Оның алдын алуға бола ма?» - деген ханның екінші 
сұрағына  Өтейбойдақ:  «Болады.  Жеті  атаға  дейін  туыс  адамдар  өзара  қыз 
алыспау  керек.  Жеті  қазақ  үшін  қасиетті  сан»,  -  деген  екен.  Аты  аңызға 
айналған  емшінің  айтқанына  тоқтаған  Жәнібек  хан  жеті  атаға  дейін  үйленуге 
тыйым салып: «Кімде-кім жеті атаға толмай үйленсе, өлім жазасына кесілсін!» 
деген жарлық шығарады. Көшпелі қазақтардың ел билеу заңы Жеті жарғы бо-
йынша  да  жеті  ата  ішінде  қан  араластыру  өлімге  не  ағайындар  белгілеген 


133 
 
жазаға  бұйырылады.  М.Қозыбаевтың  пікірінше,  «тоқсан  тоғыз  қырылып, 
тоқсан  тоғыз  тірілген  ол  халықтың  асыл  тұқымын  қалай  сақтау  заңын  игерді. 
Жеті  атаға  дейін  өзара  қан  араластыруға  болмайтынын  барша  түрік 
тайпаларының ішінде ең алдымен түсінді» . 
Шешендер, ақын-жыраулар, батырлар мен қолбасшылар, хандар мен билер 
-  өзінше  ерекше  ойларды  беріп,  онда  объективті  дүние  туралы  көзқарастарын 
түйіндеді.  Бірақ  олар  нақты  философиялық  мектептерін  қалыптастыра  алмаса 
да,  өз  замандарының  қоғамдық  дамуының  негізгі  тенденцияларын  көрсетіп, 
ойтұжырымдап отырды.  
Философиялық  ойлау  әрбір  халықтың  ұлттық-мәдени  ерекшеліктерімен 
сипатталады. Қазақ философиясының қалыптасуының өзіндік ерекшелігі қазақ 
халқының өмір-тіршілігінің ерекшелігімен көрінді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет