Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет110/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   199
Шәкәрім 
Құдайбердіұлы 
(1858-1931 
жж.) 
дүниетанымына  Абай  ықпалы  зор  болды.  Шәкәрім 
философиясының өзекті жақтары: 
-  онтологиялық  көзқарастарында  деизм  бағытын 
ұстанды.  Болмыс  өзгерісте  болатындығын,  оны  өзгеріске 
келтіретін  қозғалыс  екендігі,  ал  сол  қозғалыстың  өзінің 
тіпкі мәні болатындығын айтады. Түпкі мән тек қозғалысты 
тудырып,  әрі  қарай  еш  нәрсеге  араласпайтындығын, 
сондықтан 
ол 
ешбір 
өзгеріссіз 
қалатындығын 
тұжырымдады. 


135 
 
-   жан  мен  тән  арақатынасы  мәселесінде,  жанды  алғашқы,  ал  тәнді  екінші 
ретте санап, жанның қасиеті ақыл-парасатта, сондықтан жан тәнді билейді деп 
идеалистік бағытты ұстанды. 
-   таным мәселесінде, қоршаған дүниені тануда таным процессінің сезімдік 
және  рационалды  деңгейлерден  өтетіндігін,  танымның  негізі  ақиқатта,  сол 
ақиқатқа жету жолында қажырлылық танытуды ескертті. 
Шәкәрімнің  этикалық,  ағартушылық  көзқарастары  негізінде  «Үш  анық» 
концепциясы қалыптасып, рухани ізденістерінің аумағы айқындалды. Алғашқы 
ақиқат  –  діни  анықтықтың  дәлелі  дүниенің  бір  заңдылыққа  сүйеніп 
дамитындығы  мен  ондағы  кездейсоқтықтың  болмайтындығы.  Яғни,  ойшыл 
бұндай  заңдылық  пен  үйлесімділіктің  түпкі  тамырында  Құдай  жатыр.  Екінші 
ақиқат  –  ғылым  ақиқаты,  жанмен,  оның  ажалсыздығымен  байланысты  ақыл-
ойды  алды.  Шәкәрімде  жанның  мәңгілігі  рухпен  айқындалмайды,  оның 
түсінігіндегі  рух  ақыл-ой  қасиеті.  Ал  жанның  азығы  ретінде  үшінші  ақиқат 
ретінде  ұжданды  көрсетті.  Ұждан  –  адамның  ішкі  рухани  әлемі,  онсыз  адам 
жанын  елестету  де  мүмкін  емес.  Ұждан  жанның  азығы  ретінде,  адамның 
адамдығы  мен  адамгершілік  қасиеттерінің  негізі,  қоғамдық  дамудың  көзі. 
Шәкәрім  ар  ілімімен  қоғамдық  дамытудың  негізі  мен  оның  дамуының  жолын 
көрсетіп берді. Қоғамдағы әрбір адамның ары мен ұятын оятып, оны жетілдіру 
арқылы  мүмкін  екендігін  айқындады.  Адамның  ішкі  дүниесін  жетілдіруді 
ұсынған  ойшыл,  ағартушы  ретінде  өзіндік  ерекше  жолды  нұсқады.  Оның 
нұсқаған жолы ар ілімінде көрсетілгендей адамды ең басты құндылық ретінде 
тану  болып  табылады.  Ойшылдың  бұл  ойы  бүгінгі  күннің  де  мәнді  мәселесі 
екендігі  анық.  Осы  тұрғыда  ойшылдың  ілімінің  құндылығы  адамның  өзін-өзі 
тәрбиелеу,  мүмкіндіктерін  тек  жағымды  жағдайларға  пайдалану,  адам  деген 
атқа сай өмір сүру, өзін-өзі жетілдіру, білім мен еңбек арқылы дүниенің кілтіне 
ие болатындығы туралы ойларынан көрінеді.  
Шәкәрім  Құдайбердіұлының  ұсынған  ілімі  гуманизм,  ол  адам  жанын 
жетілдіру  арқылы  адамға  қолайлы  қоғам  орнығатындығын,  онда  тек  адами 
заңдар  басшылыққа  алынатын,  қоғамның  ең  басты  құндылығы  адам  болып 
табылатынын тұжырымдады. 
Тарих  сахнасына  алашорда-халық  Кеңесі  үкіметін  алып  келген  жалпы 
ұлттық  күрестің  басында  ұлттық  күрестің  басында  ұлттық  интеллигенция 
тұрды. Олардың ортақ түсінігі бойынша отарлық езгі мен феодалдық мешеулік 
жағдайында  аяқ  асты  болған  ұлттық  мүддені  қорғап,  қазақ  елін  өркениетті 
елдер  қатарына  алып  шыға  алатын  жалқы  жол-ұлттық  мемлекеттік 
құрылымның болуы еді. 
Кеңес  дәуірі  кезінде  жарық  көрген  ғылыми  зерттеулерде  саяси  -идеялық 
ахуалдың қалыптасуына әсер еткен, факторлардың ролі, ықпалдары маркстік — 
лениндік  көзқараспен  бағаланды.  Керісінше,  қазақтың  кең  даласында  анда-
санда  көрініс  берген  большевиктік  идеологияның  таралу  заңдылығы,   яғни 
социалистік революцияның болуы дәйекті қажеттіліктен туды деген тұжырым, 
қағидалар  ғылыми  зерттеулерде  аксиома  ретінде  дәлелденді.  Ал,  қазақ 
қайраткерлері  қоғамды  күшпен  құлатып,  дәстүрлі  саяси-құқықтық  мөдени 


136 
 
дамуды  ұлт  санасына  жат  институттармен  алмастыруға  үзілді-кесілді  қарсы 
болды.  Философ  А.Қасабековтың  түсігінше:  «XX  ғасырдың  басындағы  қазақ 
ұлт-азаттық 
қозғалысының 
көрнекті 
қайраткерлері 
А.Байтұрсынов, 
Ә.Бөкейханов,  М.Дулатов,  М.Тынышбаев,  М.Шоқаев  және  басқалары  өмірдің 
обьективті  жағдайларын  өзгертуді  күшпен  емес,  сананы  сол  процеске  енгізу 
арқылы  өзгерту  керек  деп  уағыздады.  Олардың  негізгі  идеялары-бостандық, 
тәуелсіздік,  отаршылдық  езгіден  құтылу  жолдары  және  қазақ  халқын  жалпы 
адамзаттық құндылыққа жақындастыру болды». 
Негізінен қазақ зиялыларының түрікшілдік идеяға бойсұнулары үлкен үш 
негізден  бастау  алды:  Біріншіден,  XX  ғасырдың  басындағы  қазақ  зиялылары 
өздерінің  білімділігі  мен  ізденістері  нәтижесінде  байырғы  түрік  мәдениетіне, 
оның Байкал көлінен бастап, Қара теңізге дейінгі аралықтағы ұлы далада үлкен, 
күшті тайпалық бірлестік құрып, дүниежүзілік тарихта із қалдырған ұлы Түрік 
қағанатының  батырлық  еріктік  істеріне  қанық  болды  да,  солардың  тікелей 
ұрпақтары  ретінде  өз  халқын  сол  бай  тарихи  аталар  дәстүрімен  патриотизмге 
жігерлендіру  арқылы  отарлық  саясат  пен  ұлттық  езгіге  қарсы  тұру  санасын 
оятқысы  келді.  Екіншіден,  түрікшілдік  идея,  қазақ  зиялыларының  пікірінше, 
Ресейдің  қол  астында  отарлық  саясаттан  тепкі  көрген  барлық  түрік  тілдес 
халықтарды  бір  ту  астына  біріктірер  бірден-бір  ортақ  рухани  күш  ретінде 
танылды. Себебі, түрік тілдес халықтар батыс пен шығысты қанды шеңгелінде 
ұстап  тұрған  екі  басты  самұрық  құстың  тырнағынан  жеке-жеке  ұлт  болып 
босанып  шығулары  мүмкін  еместігін  анық  түсіне  білді.  Үшіншіден, 
түрікшілдік, түркі бірлігі идеясы, қазақ зиялыларының пікірінше, көшпелі түрік 
тілдес  халықтардың  бай  тілі  мен мәдениетін,  тамырын  тереңнен  тартқан  дінін 
дуние  жүзілік  деңгейге  көтеретін  сол  арқылы  евроцентристік  көзқарастарға 
тойтарыс  беріп,  ғылымдағы  ұлыдержавалық  шовинизмді  тежейтін  негізгі 
факторлардың бірі деп саналды. 
Міне,  осындай  ұлттық  маңызы  зор  мәселелерді  жете  түсінген  Алаш 
зиялылары  түрікшілдік  туы  астына  топтасып,  Орыс  империясының  зорлық  — 
зомбылықты «бөліп ал да, билей бер» саясатына қарсы тұруға жан айғайымен 
шақырды. 
Түрікшілдік,  түрік  етіп  көтерген  Ысмайылбек  Гаспринский  (Гаспралы) 
болды.  Ол  көзі  тірі  кезінде,  халық  арасында  «біздің  сүйікті  ұстазымыз», 
«халықтың қызметшісі», «түрік-татар ұлтарының ағартушысы», «прогреске жол 
ашқан» сияқты теңеу, атақтарға ие болған еді. XX ғасырдың басында жаңадан 
қалыптасып  келе  жатқан  қазақ  зиялылары  Ысмайылбек  Гаспралыны  бүкіл 
Ресей  түркі  халықтарыны  мұңын  мұңдап,  жоғын  жоқтайтын  саяси  көсемі 
ретінде танылды. Оның еңбектерін оқыған қазақ зиялылары түрікшілдікке бас 
ұрмай  кетуі  мүмкін  емес  еді.  Ахмет  Байтұрсынов,  Мұхамеджан  Сералин, 
Шәкәрім Құдайбердиев, Сұлтанмахмүд Торайғыров, Мағжан Жұмабаев сияқты 
қазақ  зиялылары  Ысмайылбек  Гаспралының  түрікшілдік  идеяларын  қазақ 
топырағында  жандандырып,  ел  арасына  түрік  патриотизмі,  түрік  бірлігі 
рухының дәнін екті, фәлсафасын уағыздады. 


137 
 
Қазақ  зиялыларының  түрікшілдіктен  нәр  алған  өздерінің  көкейлерінен 
шыққан  жалынды  сөздері  қазақ  халқын  саяси  бостандық  пен  теңдікке 
жігерлендіргені хақ.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет