Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


 - ТАРАУ. ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет137/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   199
Байланысты:
Темиргалиев Философия каз

4 - ТАРАУ. ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
4.1.  ОНТОЛОГИЯ. ДҮНИЕНІ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ҰҒЫНУДЫҢ 
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРЫ: БОЛМЫС, МАТЕРИЯ 
 
Болмыс  мәселесі  екі  жарым  мың  жылдай  философияның  объектісі  болып 
табылады.  «Болмыс  болуы  керек  дегенді  айту  және  ойлау  қажет:  тек  болмыс 
қана  бар,  ештеңе  –  ол  жоқ»,  -  деп  антика  философы  Парменид  «Табиғат 
туралы» поэмасында тұжырымдаған.  
Болмыс категориясы дүниенің философиялық бейнесінің негізі құрылатын 
бастапқы  ұғым  болып  табылады.  Болмыс  мәселесінің  қарастырмайтын 
философиялық жүйе жоқ деп айтуға болады. Болмыс қатынасы философияның 
негізгі сұрағында көрсетілген, ол дүние тіршілік етуінде бұрынғы, қазіргі және 
болашақпен, адамның өмірі мен әрекетінде тығыз байланыста.  
Философиялық категория «болмыстың» қалыптасуы философиялық ойдың 
тарихи дамуының нәтижесі  болып  табылады.  Тарихи  кезеңге және ойшылдың 
философиялық  ұстанымына  байланысты  болмыс  ұғымы  да  әр  түрлі  мағынада 
қарастырылды.  
Көне  грек  философиясынан  бастап  ол  ұғым  біркелкі  емес  түсіндіріле 
бастады. 
1. 
Болмыс  дүниенің  негізі,  барлық  заттардың  негізі  ретінде  көрсетілді. 
Милеттіктер  үшін  –  ол  заттың  нақты  түрі,  Гераклит  үшін  –  ол  от,  мәңгі 
қозғалыс, даму, үрдіс, атомистер үшін – ол атом.  
2. 
Болмыс тіршілік ретінде қарастырылды. Олай Парменид ойлады, болмыс 
– ол сезімдік заттар дүниесінен тыс бар, ол ой, логос – ғарыштық ақыл, ақиқат 
зат.  Парменид  болмыс  ештеңеден  пайда  болмаған  және  жойылмайды,  оның 
өткені  жок,  өйткені  өткен  –  ол  жок  нәрсе  және  оның  болашағы  болмайды, 
өйткені ол  еш жерде  жоқ.  Болмыс ол мәңгі  қазіргі бастамасы және  соңы  жоқ, 
аяқталған  және  жетілген,  ол  өзгермелі  заттар  дүниесіне  ұқсас  емес.    Болмыс 
туралы білімді адам ақылмен тікелей қатынасқанда алады, ақиқат тәжірибе мен 
логика көмегінсіз ашылады.  
Парменидтің  болмыс  туралы  ілімі  осы  мәселенің  әр  түрлі  бағыттардың 
философиялық жүйелерінде ары қарай дамуына үлкен ықпалын тигізді.  
Авиценнаның  философиялық  мұраларында  болмыс  құдайшыл  ақыл 
шағармасы  ретінде  ұсынылған.  Авиценна  болмыста  нақтының  қажеттігін 
айырады, ол болмауы мүмкін емес – ол Құдай, және шындық түрінде шынайы, 
оның болмауы да мүмкін еді.   
Заттардың себеп-шарттық тізбегі бойынша жүру қажетті нақты-құдайшыл 
ақылға әкеледі.   
Ф.Аквинский  философиясында  шынайы  болмыс  болып  Құдай  табылады. 
Ол  өзі  болмыс,  ал  дүние  шектелген,  шынайы  емес  болмысқа  ғана  ие  болады. 
Барлық  нақтылық  Аквинский  философиясында  мән  мен  тіршілік  етуден 
тұрады.  Мән  мен  тіршілік  Құдайға ұқсас,  ал  онымен  жаратылған  заттар  ұқсас 
емес  және  байланыспайды,  өйткені  тіршілік  ету  заттардың  жеке  мәніне 


172 
 
жатпайды.  Барлық  жаратылыс,  осылайша  кездейсоқ,  жеке,  байланыссыз,  тек 
Құдайға ғана қатысты.  
Жаңа  дәуір  философиясы  болмысты  тану  мәселесін  ғарыштық  ақылға 
қатыстыру  ұстанымымен  емес,  ал  адамның  танымдық  қабілеттері 
ұстанымдарымен  сұрақты  қояды.  Ақылға  болмыс  тікелей  берілмеген, 
танымның тәсілдері мен әдістері негізіндегі танымдық әрекет қажет.  
Сонымен  бірге,  ХІХ  және  ХХ  ғасырларда  болмыс  мәселесін  ғылыми-
материалистік  көзқараспен  қатар  рационалды  талдау  басталды.  С.Кьеркегор, 
Ф.Ницше,  А.Шопенгауэр,  содан  кейін  М.Фуко  еңбектерінде  ақыл  сыналады, 
адам  санасының  әлсіздігі  мен  шарасыздығы,  тіршілік  етудің  мәнсіз  екендігі 
кейбір әлеуметтік  топтардың ұғынуымен көрінеді.  Жаңа көзқарас өзімен бірге 
болмыс мәселесінің жаңаша қойылуын әкелді, бірақ шынайы болмыс бұл жерде 
жалған мәселе болып тұрды.  
ХІХ  және  ХХ  ғасырларда  болмыс  мәселесін  орыс  философиясында  орыс 
халқының  діни  санасымен,  мәдениеті  мен  дүниетанымының  ерекшелігімен 
байланысты болды. Адам және дүние болмысы Абсолютпен тығыз байланыста. 
Осылайша  В.С.Соловьев  нақтылықты  болмыстың  негізі  ретінде  қабылдаған. 
Нақтылық болмыс емес, өйткені ол жоғарғы Абсолют, бірақта оған бар болмыс 
жатады.  Құдайылық  және  табиғи  болмыс  бір  бірімен  мәңгі  бірге 
ажырамастықта  болады.  Құдайдың  шынайылығы  ақыл  мен  логикадан  шығуы 
мүмкін  емес,  Соловьевтың  ойынша  құдайшыл  бастаманың  тіршілік  етуі 
сеніммен  ғана  тұжырымдалады.  Бірақта,  абсолюттік  болмыстан  басқа 
потенциалды болмыс та,  табиғи бастама, бірінші материя, әлем жаны тіршілік 
етеді.  Әлем  жаны  өзін  адамда  сезінеді.  Әлем  жаны  Абсолютке  және  адамға 
қатысты  болғандықтан,  ал  адам  Құдайға  жақын  және  бірінші  материя  құдайы 
адам болып табылады.  
Болмысты категориялық анықтау үшін бастапқы болып тіршілік ету ұғымы 
табылады.  «Болу»  термині  өмір  сүруді,  бар  болуды  білдіреді.  Болмысты  өмір 
сүру деп анықтағандар Аристотель, И.Кант, Г.Гегель, Л.Фейербах, Ф.Энгельс.   
Хайдеггер  былай  деп  сұрақ  қояды:  “Болмыс  мәселесі  кім  үшін  маңызды 
және  оның  қандай  мәні  бар?»  Ол  үшін  болмыс  туралы  сұрақ  мән-мағынаға 
толы.  Ол  болмыс  мәселесін  талдауда  ғылыми  танымға  үлкен  көңіл  қояды. 
Ғылым  үшін  болмыс  туралы  мәселе  қою,  оның  құрылымдық  құрамдастары, 
субстанционалды негіздері тұрғысынан алғанда маңызды. 
Хайдеггер  болмысты  философиялық  рефлексия  саласына  қайтару 
тақырыбын  талдаумен  айналысады.  Ол  метафизика  адам  үшін  маңызды  деп 
санайды,  себебі  ол  адаммен  байланысты.  Ахуал  қалыптасқан  жағдайда  адам 
өзін  Ешнәрсеге  бағытталған  әлемде  аңғаруы  мүмкін.  Өз  болмысының 
Ешнәрсеге  бағытталғанын  терең  сезініп,  ойға  батқанда,  өзінің  ақырын  толық 
сезгенде,  өлімге  тура  қараған  сәтте  ғана  адам  болмыс  туралы  сұрақты  айқын 
қоя  алады.  Хайдеггердің  ойынша,  болмыс  мәселесі  өлімнің  табалдырығында 
тұрған  Ешнәрсеге  бағытталған  өзінің  шарасыздығын  сезген  адамға  қатысты 
ғана  маңызды.  Сондықтан да болмыс туралы  мәселені  көтеретін  метафизика  - 
адам және адамға қатысты ғана маңызды, тек адамға байланысты ғана мәнге ие 


173 
 
болады.  Тек  адам  ғана  болмыс  туралы  сұрауға,  болмыс  мәселесін  қоюға 
қабілетті.  Және  бұл  болмыс  мәселесін  сұрауды,  осы  болуды  Хайдеггер 
терминологиялық  тұрғыда  «Осы  –  болмыс»  деп  белгілейді.  Мұны  біз 
болмыстың  шеңберінен  шығып  кеткенде  ғана  ұғына  аламыз.  Бұл  көкжиекке 
ұмтылу болмыс туралы сұрақ қоятын жанның кім және қандай екендігі туралы 
мәселені шешуге мүмкіндік береді. 
Қазырғы  заман  философиясында  болмыс  категориясы  әр  түрлi 
талқыланады.  Феноменология  (Гуссерль)  болмыс  –  сана  арқылы  танылатын 
заттар  болмысы,  мәннiң  идеалды  болмысы.  Герменевтика  да  болмыс  –  бұл 
интерпретация, әр түрлi талдау, өйткенi болмыс адамға тек болмысты түсiнуде 
ғана  танылады.  Экзистенциализм  де,  болмыс  –  адамның  өзi,  оның  дүниедегi 
болмысын ұайымдау, адамға тiкелей тiршiлiк ету ретiнде берiлген. 
Шынында да болмыс категориясы адамның және оны қоршаған әлемнiң ең 
маңызды қасиеттерiн бейнелейдi. Болмыс сөзiнiң әр түрлi мағынасын аңғартуға 
болады:  болмыс  –  адамның  санасынан  тәуелсiз,  тысқары  өмiр  сүретiн 
объективтi,  материалдық  дүниенi  бiлдiредi;  болмыс  –бардың  бәрiн,  өмiр 
сүретiннiң барлығын - материалдық дүниемен қоса рухани дүниенi де қамтиды; 
болмыс  –  бар  болуды,  өмiр  сүрудi  айқындап  белгiлейтiн,  реалды  дүниенiң 
барлық түрлерiн қамтитын кең ауқымды философиялық ұғым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет