174
В.И.Ленин метерияның диалектикалық-материалистiк анықтамасың бердi:
«Материя дегенiмiз - адамға оның түйсiктерi арқылы мәлiм болатын, бiздiң
түйсiктерiмiзге тәуелсiз түрде бар бола отырып, сол түйсiктерiмiз арқылы
көшiрмесi алыналатын, суретi түсiрiлетiн, бейнесi жасалатын, объективтiк
реалдықты белгiлеу үшiн қолданылатын философиялық категория»
(«Материализм және эмпириокритицизм», ш.т.ж.18т.138б.).
Материя
– дүниенi адамның санасынан тыс, әрi тәуелсiз объективтi
шындық деп қарайтын дүниетанымның түп қазығы, мән мағынасы болып
табылатын, және сана арқылы бейнеленетiн әмбебап категория.
Бұл анықтамада материяның негiзгi белгiлерi айқын көрсетiледi: 1)
материя адам санасына тәуелсiз өмiр сүредi; 2) ол адам санасында бейнеленедi;
3) материя санаға қарағанда бiрiншi, бастапқы екендiгiн бiлдiредi; 4)
материалдық дүниенi танып бiлуге болатындығын көрсетедi.
Материя мәнгi, шексiз, жасанды емес, кеңiстiк пен уақытта үнемi
қозғалыста болады. (Спиноза – материя өзi өзiнiң себебi). Бұл қасиеттерiнiң
бәрi материядаң ажырамас бiрлiкте – атрибуттар. Олардаң басқа тағы, модустар
бар – материяның жеке түрлерiнiң әр түрлiкүйлерi мен құрылымдық даму
деңгейлерi (жылу өтiмдiлiгi, тектiлiк т.б.).
14 - сызбанұсқа. Онтология.
Материя атрибуттары
Достарыңызбен бөлісу: