Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет83/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   199
Людвиг  Фейербах  (1804  –  1872  жж.)  –  немiс 
классикалық  философиясының  соңғы  өкiлi.  И.Канттан 
бастап  Гегельге  дейiн  немiс  философиясының  өкiлдерi 
идеалистiк  бағыт  ұстағанын  жоғарыда  байқадық.  
Гегельдiң  философиясының  алғашқы  негiздерiн  зерттей 
келе Фейербах оның түп-тамырының теологияға кететiнiн 
айқын  көрсетедi.  Фейербахтың  ойынша,  қайсыбiр 
идеализм,  соның  iшiнде  Гегельдiң  философиялық  жүйесi 
де,  дүниеге  деген  нәзiктелген  дiни  көзқарас.  Табиғаттың 
алдында  өмiр  сүрiп  жатқан  логикалық  категориялар 
жөнiндегi  Гегельдiң  iлiмi  басқаша  сөздермен  айтылған  Дүниенi  Жаратушы 
идеясы.  Ойлауға  қабiлетi  бар  пәнделерден  басқа  материадан  тыс  өмiр  сүрiп 
жатқан  таза  ойлау  ешжерде  жоқ.  Материя  рухтан  шықпайды,  керiсiнше, 
материя рухты тудырады. Адамның ойлау қабiлетi – ол қандай ғажап болса да – 
мидың қызметiнен туады. «Табиғат тек қана асқазан шеберханасын жасап қана 
қоймай,  сонымен  қатар  мидың  әсем  сарайын  орнатты.  Табиғат  рухтың, 
бейсаналық  -  саналықтың,  беймақсаттық  мақсаттылықтың  алдында  өмiр 
сүредi».  Фейербахтың  ойынша,  рух  дегенiмiз  –  ол  iс-әрекеттегi  адамның 
қабiлетi,  қасиетi.  Денеден  бөлiп  алып,  адамның  шектелген  және  соңы  бар 
өмiрiнен  босатып  қаралған  рух  Құдайға  айналады.  Мән  дегенiмiз  –  ол  ұғым 
ғана,  оны  адамның  денесiн  құрастыратын  сүйектерiмен  салыстыруға  болады. 
Бiрақ тiрi адамның денесi, етi мен қаны да бар. Бiрақ, Гегельдiң философиясы 
тек  өлiмтiктi  жеп  қоректенетiн  қорқау  сияқты  Дүниенiң  қаңқасымен  ғана 
қанағаттанады. 
Олай  болса,  философия  өзiнiң  қайнар  көзiн  болмыс  ұғымынан  емес,  нақ 
болмыстың  өзiнен  бастауы  қажет.  Онда  бiз  заңды  түрде  жалпылықтан  емес 
жалқылықтан  бүкiл  философиялық  ұғымдарды  шығаруымыз  керек.  Өйткенi, 
қайсыбiр  болмыс  –  ол  нақтылы  болмыс  –  дүниеде  болып  жатқан  «бiрдеңе», 
«мынау»,  «анау».  Болмыс  жалқылық  пен  жекелiктен  тұрса,  ойлау  – 
жалпылықты тудырады. 


105 
 
Таным мәселесiн қарай келе, Фейербах агностицизмдi қатты сынға алады. 
Оның  ойынша,  түйсiктер  бiздi  Дүниеден  алшақтатпайды,  керiсiнше,  бiздi 
онымен  байланыстырады.  Ол  сыртқы  Дүниенiң  бейнесi.  Бұл  жерде  ол  дiни 
терминдi  қолданып  оны  «Евангелие»  (яғни  «Iзгi  хабар»)  ретiнде  түсiнедi. 
Түйсiктер арқылы бiз Дүние жөнiнде хабардар боламыз. 
Фейербах  Дүниенiң  көптүрлiлiгiн  мойындайды.  Материяның  өмiр  сүру 
формасы – ол қозғалыс, ал ол қажеттi түрде кеңiстiк пен уақытты талап кетедi. 
Олай  болса,  олар  болмыстың  өмiр  сүруiнiң  негiзгi  жағдайлары.  Табиғаттың 
өзiнiң себебi өзiнде, оны ешкiм тудырған жоқ, ол мәңгiлiк өмiр сүредi. Табиғат 
пен  қоғамнан  тыс  ешкiм  және  ешнәрсе  жоқ.  Табиғатта  ақыл-ой  жоқ,  ол  адам 
арқылы  ғана  ақыл-ойға  ие  болады.  Адам  арқылы  ғана  ол  өзiн-өзi  түсiну 
дәрежесiне көтерiледi. Тек адам ғана өзiнiң iс-әрекет жасау негiзiнде табиғатты 
қайта өзгертiп, өзiнiң санасын табиғатқа таңады. 
Олай болса, рух дегенiмiз ол тiрi пәнде – адамның қасиетi, ойлау мүшесi – 
ми  –  адамның  денесiне  жатады.  Сондықтан,  адамды  Құдай  жаратты  деген 
жалған  аңыз  Құдайдың  өзiн  адам  тудырды  деген  шынайы  бiлiмге  негiзделген 
қағидаға ауыстырылуы керек. 
Осы  мақсатты  өз  алдына  қойып,  оны  өмiрге  еңгiзу  жолында  Фейербах 
қажымай-талмай  батыл  жұмыс  жасады.  Оның  ойынша,  қалың  бұқараның 
Құдайға  сенуiнiң  қайнар-көзi  адамның  жан-дүниесiнiң  құпияларында  жатыр. 
Солардың  iшiндегi  ең  негiзгiлерiнiң  бiреуi  –  адамның  табиғаттың  орасан-зор 
күштерiнен  қорқып  соларға  тәуелдi  болуы  «үрей  құдайларды»  тудырды. 
Барлығын  билеп-төстейтiн  бұл  үрейдiң  өзiн  кiм  тудырды?  Оны  тудырған  тiрi 
пәнденiң бақытқа  деген  ұмтылысы,-  деп  қорытады  ол.  Қаһарлы  я  болмаса 
мейiрбанды  құдайлар  адамдардың  құмартуының  тұңғиығы  мен  шытырман 
қажеттiктерiнен шығады. Сонымен, адамдардың сан-алуан мұқтаждықтары мен 
содан шығатын тiлектерi – дiннiң дүниеге келуiнiң әкесi. Ал сонда оның шешесi 
кiм?  Фейербахтың  ойынша,  ол  адамның  бақытқа  деген  iңкәрiнен  шығатын 
қиялдары,  яғни  таным  процесiндегi  қиындықтарда  жатыр.  «Адамның 
надандығының  түбi  және  қиялының  шегi жоқ.  Надандықтың арқасында өзiнiң 
негiзiнен  айырылған  табиғат  күштерi  шексiз  қиялдауға  қосылып  Құдiреттi 
Құдайды тудырады». 
Сонымен  қатар,  Фейербах  дiннiң  психологиялық  түп-тамырына  да  терең 
мiнездеме  бередi.  Ол  адамның  өлместiкке  деген  iңкәрi,  соның  себебiнде 
қайсыбiр  дiннiң  «о  дүние»  жөнiндегi  ғажап  қағидасына  сенуi.  «Адам  өзiнiң 
өмiрiнiң соңдығын, әлсiздiгiн, шектелгенiн басқа ешнәрсеге қарағанда өлiмнен 
қашып  құтыла  алмайтындығынан  ең  терең  сезiнiп  тебiренедi»,-  деп  қорытады 
ұлы ойшыл. Сонымен, дiн дегенiмiз құпияландырылған қиялдың жемiсi болып 
шықты. 
Фейербах  дiннiң  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  екi  формасын  көрсетедi. 
Бiрiншiсi  –  ол  мистификацияланған  (құпияланған,  құдiреттелген)  табиғат 
күштерi.  Екiншiсi  –  ол  адамның  өзiне  ұқсайтын  Құдай  идеясы.  Ол  жөнiнде 
Фейербах  былай  дейдi:  «Шексiз  де  құдiреттi  Құдайдың  мәнi  дегенiмiз  –  ол 


106 
 
адамның  өзiнен  бөлiп  алынып  ерекше  өмiр  сүрiп  жатқан  сияқты  адамның 
рухани мәнiнiң өзi». 
Сонымен  қатар,  Фейербах  христиан  дiнiн  езiлген  адамның  рухани 
жұбатушысы  ретiндегi  қызметiн  көрсетiп,  оны  әшкерлейдi.  Оның  ойынша, 
Құдайға сену – дүниедегi залымдықты құртуға бағытталған құралдар жөнiндегi 
ойларды  шетке  шығарып  тастайды.  Адам  бұл  дүниеде  iске  аспайтын 
ынталарына  бола  iске  асыра  алатын  тiлектерiн  аяққа  басады.  Олай  болса, 
Фейербах  «мен  құдайды  терiстеймiн,  олай  дегенiм  –  мен  адамды  терiстеудi 
терiстеймiн»,-  деп  Гегельдiң  тiлiмен  оның  iлiмiне  қарсы  шығады.  Өйткенi,  о 
дүниенi терiстеу дегенiмiз бұл дүниенi орнықтыру деген сөз. Жарқын болашақ - 
ол сенiмге емес, адамның өзiнiң борышына жатады. 
Мiне,  ендi  бiз  Фейербахтың  философиясының  негiзгi  мәселесiне  келiп 
тiрелдiк  –  ол  адам  мәселесi.  «Жаңа  философия  адамды,  және  соның  негiзi 
ретiндегi  табиғатты  философияның  ең  негiзгi  универсалды  пәнiне 
айналдырады».  Сондықтан  бiз  Фейербахтың  iлiмiн  антропологиялық 
философия  деймiз.  Ол  адамды  негiзiнен  психо-физиологиялық  пәнде  ретiнде 
қарайды.  Фейербахты  немiс  философтарының  адамды  тек  қана  рух  ретiнде 
түсiнуi  қанағаттандырмайды.  Оның  ойынша,  адам  бiр  жағынан  материалдық 
дене болатын болса, екiншi жағынан - ойлайтын рух. Фейербах көбiне адамның 
табиғи-биологиялық  жақтарын  қайта  орнына  келтiруге  тырысады.  «Мен» 
дегенiмiз – ол ойлайтын рух қана емес, ол денесi мен ойлай алатын басы бар, 
нақтылы кеңiстiк пен уақыттың шеңберiнде өмiр сүрiп жатқан тiрi адамның өзi. 
Фейербах  адамның  негiзгi  мiнездемесi  ретiнде  оның  сезiмдiгiн  келтiредi. 
Гегельдiң  ойлау  мен  болмыстың  теңдiгiне  Фейербах  болмыс  пен  сезiмдiктiң 
теңдiгiн  қарсы  қояды.  Оның  ойынша,  тек  қана  «сезiнетiн  пенде  ғана  шынайы 
ақиқатты  пенде».  Сезiмдiк  болмыс  деп  Фейербах  бiздiң  санамыздан  тәуелсiз 
өмiр сүрiп жатқан материалдық дүниенi айтады. Олай айтқан себебi, Дүниедегi 
материалдық  заттар  мен  құбылыстардың  өзiндiк  өмiрiне  Фейербах  онша  көп 
мән  берген  жоқ,  ол  олардың  бәрiн  тек  қана  адамға  деген  байланысы  арқылы 
қарады,  соңғының  өзi  сезiмдiк  деректер  арқылы  адамға  берiлетiнi  сөзсiз. 
Екiншiден,  адамның  өзiнiң  материалдығын,  денелiгiн  ойшыл  сезiмдiк  арқылы 
түсiнедi. Адам түйсiктерi мен сезiмдерiнiң өзi оның материалдық дене екендiгiн 
көрсететiн  бiрде-бiр  дәлелдеме.  Сонымен,  «мен»  –сезiмтал  пенде,  олай  болса, 
дене  –  адамның  мәнiне  толық  түрде  кiредi.  Егер  табиғатты  Фейербах  өз 
болмысынан  өзiн  айыра  алмайды  деп  түсiнсе,  адам  өзiнiң  мәнiн  болмыстан 
айыра алатын пәнде. 
Фейербахтың сезiмдiк қағидасының гносеологиялық жағы да бар. Жағалай 
қоршаған  ортаны  танып-бiлу  сезiмдiк  қабылдау,  түйсiктер,  аңлау  арқылы 
жүредi. Оның айтуынша, тек сезiмдiк аңлаумен анықталған, бағытталған ойлау 
ғана шынайы. Егер ойлау сезiмдiктен алыстаса, онда ол шындықтан да қол үзiп, 
өзiнiң шеңберiнен шыға алмай адасады. 
Сезiмдiктiң тағы да бiр аса мәндi жағы – оның iшiне қажеттi түрде сүюдiң 
енуi. Фейербахтың ойынша, «бiздiң сүймейтiн, сүюге болмайтын нәрсемiз – ол 
жоқ»,  «сүю  жоқ  жерде  -  ақиқат  та  жоқ»,  «сүю  –  заттардың  бiзден  тыс  өмiр 


107 
 
сүруiнiң шынайы онтологиялық дәлелдемесi». Әрi қарай өз ойын жалғастырып, 
Фейербах  сүюдi  iңкәрмен  теңейдi.  Олай  болса,  тек  iңкәр  ғана  заттың  өмiр 
сүруiнiң анықтамасы. Тек iңкәрдiң ұмтылған заты қана ақиқатты. Фейербахтың 
бұл сөздерiн субъективтi-идеалистiк бағытта қарауға болмайды. Оның айтқысы 
келгенi  –  адам  өзiнiң  керек  қылатын  заттарына,  өмiрлiк  құндылығы  бар 
құбылыстарға  немқұрайлы  қарамайды,  ол  оларды  сүйедi,  оларды  игеруге, 
иеленуге  тырысады,  тек  осы  сәтте  ғана  олардың  адамнан  тыс  өмiр  сүрiп 
жатқаны оған айқын көрiнедi. Егер ол өзi сүйетiн, керек қылатын заттарға жете 
алмаса, ол онда қайғырып - қамығады, зардап шегедi. Оның өзi шынайы өмiрде 
керек  нәрсенiң  жоқтығын,  оның  бiздiң  жан-дүниемiзден  тыс  өмiр  сүретiнiн 
көрсетедi. 
Фейербахтың  философиясында  әлеуметтiк,  моральдық  мәселелерге  көп 
көңiл  бөлiнген.  Ол  өз  заманындағы  қоғамдық  қатынастарға  қанағаттанбайды. 
әсiресе,  христиан  дiнiнiң  –  осы  Дүниенiң  құдiреттi  жаратушысы  Құдайдың 
өзiне  сенiп  адал  болған  адамдарға  мәңгi  рахатқа  бөлiнген  о  дүниедегi  өмiр 
берiледi – деген негiзгi қағидасына терiс баға берiп, ол қарапайым адамдардың 
осы  өмiрдегi  жағдайларын  жақсартуға  бағытталған  ұмтылысына  кедергi 
келтiредi деген пiкiр айтады. Фейербахтың ойынша, аспандағы мәңгiлiк өмiрге 
сену жердегi өмiрдiң құндылығын жояды. 
Бiрақ,  Фейербах  христиандықты  қатты  сынға  алғанмен,  қоғам  өмiрiне 
бәрiбiр  дiннiң  керектiгiн  мойындайды.  Оның  ойынша,  тарихтағы  бiрiн-бiрi 
ауыстыратын  үлкен  дәуiрлер  дiндердiң  ауысуымен  тығыз  байланысты.  Олай 
болса, өзiнiң мүмкiндiктерiн сарқыған христиан дiнiнiң орнына жаңа дiн керек. 
Ол  дiн  Құдайға  деген  сүйiспеншiлiктiң  орнына  адамды  сүюдi  қоюы  керек. 
«Христиандықтың  мәнi»  деген  негiзгi  еңбегiндегi  соңғы  тарауында  Фейербах 
«Адам  адамға  –  Құдай»  деген  пiкiр  айтады.  Сонымен,  бүкiл  философиясы 
материалистiк  бағытта  болған  философ  мұндай  көзқарасқа  неге  келедi,-  деген 
сұрақ  бiздiң  ойымызға  ерiксiз  келедi.  Оның  ойынша,  адамдардың  бiр-бiрiне 
деген  қатынастарына  дiни  бiтiм  берiлмесе,  олар  өзiнiң  гуманистiк 
(адамгершiлiк) қасиеттерiнен жұрдай болады, өйткенi, ондай жағдайда адамдар 
өздерiнiң табиғи өзiмшiлдiгiнен арыла алмай қалады. Дiнсiз болу – тек адамның 
өзiн ғана ойлауымен тең, дiнге сену  – басқаларды да ойлаумен бiрдей, - дейдi 
Фейербах. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет