Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет86/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   199
Байланысты:
Темиргалиев Философия каз

3.5.  ХІХ ҒАСЫР ФИЛОСОФИЯСЫ 
 
Марксизм 
философиясын 
жасаушылар 
неміс 
ғалымдары Карл Маркс (1812-1883 жж.) және Фридрих 
Энгельс (1820-1895 жж.) болды. 
Маркс  пен  Энгельстің  фислософиясының  пайда 
болуының ең  жақын  және  тікелей  алғы  шарттары  болып 
неміс 
классикалық 
философия 
табылады. 
Неміс 
классикалық  философиясының  соңы  философияның 
ақырын 
көрсеткен 
жоқ, 
ол 
натурфилософияның 
ғылымдардың ғылымы ретінде дағдарыс жағдайын білдірді.   
Марксизм  философиясының  пайда  болуының  тікелей  әлеуметтік 
алғышарты – өнеркәсіптік жұмысшы табының дамуы және оның революциялық 
қызметінің өсуі болып табылады. 


109 
 
Жұмысшы  табының  азаттық  күресінің  ғылыми  теориясын  К.Маркс  пен 
Ф.Энгельс жасады. Олар жүмысшы табының ұйымдаспаған 
бытыраңқы  стихиялық  көтерілістерін  үйымдасқан  саналы 
қозғалысқа  айналдыру  қажеттігін,  ал  ол  үшін  жүмысшы 
қозғалысын  ғылыми  –  социалистік  теориямен  қосу,  оны 
қосатын  ғылыми  теориямен  қаруланған  ұйымшыл 
жүмысшы партиялары екенін дәлелдеп берді. 
Пролетариат өзін азат ету үшін бүкіл еңбекші халықты 
азат етуі қажеттігін, ал бұл үшін адамды адамның қанауын 
тудыратын  экономикалық  негіздерді  жойғанда  ғана  бүкіл 
қоғамды  әлеуметтік  бостаңдыққа  жеткізуге  болатыны  жайында  қорытынды 
жасады. Маркс пен Энгельс бұл қорытындыны бүкіл қоғам өмірін, ең алдымен 
капитализмнің  дамуын  өздері  жасаған  ғылыми  –философиялық  көзқарас  – 
диалектикалық жөне тарихи материализмді басшылыққа ала отырып зерттеудің 
нәтижесінде жасады. 
К.Маркс  пен  Ф.Энгельстің  өткеннен  қалған  философиялық  мұраны  сын 
көзбен қайта өңдеуі және өздері жүзеге асырған философиядағы революциялық 
төңкерісі өзара байланысты біртұтас процесс. Оның негізгі мазмұны — дүниеге 
ғылыми – философиялық көзқарасты қалыптастыру, одан әрі дамыту болды. 
Әрине,  Маркс  пен  Энгельс  диалектикалық  материализмді  бірден  жасап, 
жұмысшы  табының  ғылыми  көзқарасының  негізін  бірден  қалаған  жоқ.  Олар 
өздерінің  теориялық  және  қоғамдық  –  саяси  қызметінің  бас  кезінде  идеалист 
болды,  Гегель  философиясынан  революциялық  жене  атеистік  қорытындылар 
жасамақ  болған  гегельшілдер  мектебінің  солшыл  өкілдеріне  (жас 
гегельшілдерге)  қосылды.  Бірақ  басқа  жас  гегельшілдерге,  қарағанда,  Маркс 
пен  Энгельс  тіпті  өздерінің  алғашқы  шығармаларында-ақ  революцияшыл 
демократтар  ретіңде,  қалың  еңбекші  бұқараның  мүдделерін  қорғаушылар 
ретінде көрінеді. 
Марксизмнің  негізін  салушылар  жаңа  заманның  материалистік  ілімін, 
Фейербахтың философиясын қоса, диалектикалық түрғыдан жан-жақты талдап, 
оны  механистік  және  метафизикалық  сипаттардан  тазартты.  Олар  сондай-ақ 
Гегельдің  диалектикалық  әдісін  материалистік  түрғыдан  өңдеп,  табиғат  пен 
қоғам  кұбылыстарын  ғылыми  зерттеуге  кедергі  болатын  идеалистік 
мазмұнынан тазартты, сөйтіп «басы, төмен қарап тұрған диалектиканы аяғына 
қойып»  дұрыстады,  яғни  ғылыми  материалистік  теорияны  ғылыми 
диалектикалық әдіспен табиғи біріктірді. Осы тұрғыдан алғанда материалистік 
диалектиканы  тек  әдіс  деп,  ал  философиялық  материализмді  тек  теория  деп 
қана  түсіну  үстірттік  болар  еді.  Материалистік  диалектика  шындығында  тек 
әдіс емес, ол сондай-ақ даму жайындағы теория  – табиғаттың, қоғамның және 
танымның  ең  жалпы  даму  заңдары  жайындағы  ілім,  ғылыми  теория. 
Философиялық материализм теория ғана емес, сондай-ақ болмысты белгілі бір 
тұрғыдан  түсіндіретін  материалистік  әдіс.  Қорыта  айтқаңда,  марксистік  әдіс 
диалектикалық  қана  емес,  сондай-ақ  материалистік,  ал  марксистік  теория  – 
материалистік  қана  емес,  сондай-ақ  диалектикалық  әдіс.  Демек,  марксизм 


110 
 
философиясында материализм мен диалектика біріне-бірі тәуелсіз екі құрамдас 
бөлшек емес, біртұтас ілім, өйткені ол бейнелендіретін шындық дүниенің өзі – 
бір мезгілде әрі материалдық, әрі диалектикалық дүние. 
Сонымен,  дүниеге  диалектикалық-материалистік  көзқарастың  жасалуы, 
материализмнің  диалектикалыққа  айналуы,  материалдық  дүниенің  және  оны 
танып-білудің  ішкі  диалектикалық  процесінің  ашылуы  Маркс  пен  Энгельстің 
философияда  жасаған  революциялық  төңкерісінің  ең  бірінші  көрінісі  болып 
табылады. 
Марксизмге  дейінгі  материализм  жай  пайымдаушылық  сипатта  болды: 
оның  өкілдері  дүниені  практикадан  тәуелсіз,  адамдардың  дүниені  өзгертуге 
бағытталған  мақсатты  іс-әрекетіне  байланыссыз-ақ  танып  білуге  болады  деп 
санады.  Диалектикалық  материализмнің  негізін  салушылар,  керісінше, 
адамдардың дүниені танып білуінің негізі практикалық іс-әрекет, оның ішінде 
материалдық  игіліктер  өндіруге  бағытталған  мақсатты  іс-әрекет  екенін  терең 
түсіне  отырып,  таным  теориясына  практика  критерийін  енгізді,  практика 
танымның  негізі  және  ақиқаттылықтың  өлшеуіші,  анықтаушысы  деген 
қағиданы  енгізді.  Сөйтіп,  Маркс  пен  Энгельс  теория  мен  практиканың  табиғи 
бірлігін  қамтамасыз  етті.  Бүл  да  марксизмнің  философияда  жасаған 
революциялық төңкерісінің көрінісі болды. 
Маркс  пен  Энгельстің  философияда  жасаған  революциялық  төңкерісінің 
ең айқын көрінісі тарихтың материалистік үғымының жасалуы болды, өйткені 
Маркстен  бұрынғы  материалистердің  бәрі  тек  табиғат  құбылыстарын 
түсіңдіруде  ғана  материалист  еді,  ал  қоғам  өміріне  келгенде  олардың  бәрі 
идеализм шеңберінен шыға алмады, қоғам өміріндегі шешуші күш сана, рухани 
бастама  деп  түсінді,  өйткені,  деді  олар,  адамдарды  түрліше  іс-қимылға 
бастайтын  идеялық  себептер,  адамдардың  мақсат-мүдделері  деді,  бірақ  бұл 
идеялық мотивтерді тудыратын түпкі себептерді ашып бере алмады. 
Диалектикалық  материализмнің  негізін  салушылар  адамды  қимылға,  іс  - 
әрекетке  бастайтын  идеялық  себептермен  шектеліп  қалмай,  бұл  соңғылардың 
шын  себебін  ашты;  ол  себеп  адамдардың  материалдық  игіліктер  өндіруге 
бағытталған  қызметінде  екенін  дәлелдеп  берді.  Олар  идеологиялық 
қатпаршақтардың астында жасырынып келген мынадай аса қарапайым фактіні 
ашып  берді:  «адамдар  саясатпен,  ғылыммен,  өнермен,  дінмен  т.б.  айналысу 
үшін алдымен жеуі, ішуі, киінуі тиіс, баспанасы болу керек, ал бұларды өндіру 
керек» деді Ф.Энгельс К.Маркс ашқан адамзат тарихының даму заңы жайыңда 
айта  келіп.  Әрине,  бүл  қарапайым  фактілер  Маркс  пен  Энгельстен  әлдеқайда 
бұрын  белгілі  болатын.  Бірақ  олар,  бұрынғы  материалистер  сияқты,  бұл 
қарапайым  фактіні  айтумен  тоқтап  қалған  жоқ,  бүлар  сияқты  толып  жатқан 
қоғамдық  құбылыстардың  негізінде  терең  жатқан  заңдылықтың  мәнін  ашты, 
атап  айтқанда,  адамдардың  алуан  түрлі  іс-әрекет,  қимылдары  материалдық 
игіліктер  өндіру  тәсіліне  тәуелді  екен,  ал  бұл  өндірістің  барысында  адамдар 
өздерінің  еркінен  тыс,  тәуелсіз  өндірістік  қатынастар  орнатады  екен.  Қоғам 
өмірінің  негізі  бүкіл  басқа  идеологиялық,  саяси  т.б.  қатынастарды  айқындап 
беретін түпкі базисі – өндірістік қатынастардың жиынтығы екен. 


111 
 
Маркс  пен  Энгельс  диалектикалық  материализмді  дәйекті  түрде  қоғам 
өміріне,  тарихқа  қолдана  отырып,  тарихи  материализмді  жасады,  қоғамдық 
болмыстың  біріншілігі,  қоғамдық  сананың  екіншілігі  жайындағы  оның  негізгі 
мәселесін  тұжырымдады:  адамдардың  материалдық  түрмыс  жағдайы  қандай 
болса, жалпы алғанда олардың ой-санасы соған сәйкес болатынын т.б. негіздеп 
берді. 
Қысқасы,  Маркс  пен  Энгельс,  өздерінен  бүрынғы  материалистер  сияқты, 
жарты  жолда  тоқтап  қалмай,  материализмді  дәйекті  түрде  аяғына  дейін 
жеткізіп,  дүние  жайындағы  біртүтас  ғылыми-философиялық  ілім  – 
диалектикалық және тарихи материализмді жасады. 
Иррационализмнің 
көрнекті 
өкілі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет