146
Білімнің ғылымилығы оның логикасынан шығады. Тілді логика арқылы талдау
– мәтінді, белгілерді, ұғымдарды, белгілер жүйедегі байланысты, белгілердің
семантикасын талдау.
Біздің білімдеріміз ғылыми болсын, қарапайым болсын тіл арқылы жетеді.
Философия сөзбен, сөйлеммен, тілмен айналысуы керек. Философияның
міндеті ғылым сөйлемдерінің мазмұнын, сөзді пайдалану, қолдану ережелерін
талдау.
Философия ғылымы теория бола алмайды, өйткені оның сөйлемдер жүйесі
дүние туралы ешқандай мәлімет бермейді, сондықтан оның қағидаларын растай
алмайсың. Философияның ақиқатқа жеткізер ғылыми бағыты жоқ, сондықтан
оны ғылым деп атай алмайсың. Философияның ары қарай тарылуы
верификация принципіне іске асырылады. Егер сөйлем верификациялаудан
(тексеру, растау) өтпесе оны ғылыми демейміз. Шындығында, философияның
пайымдауларын тексере алмайсың. Сонда, философияға не қалды?
Философияға қалатыны теория емес, жүйе емес... тек әдіс, яғни логикалық
талдау. Философия мағынасыз сөздерді, жалған сөйлемдерді аластаумен
айналысуы керек екен. Верификация арқылы неопозитивизм ғылымның
ақиқатқа негізделген үлгісін жасауға талпынған. Бірақ, осындай үлгінің тар
екені байқалды, өйткені ғылымның жалпы пайымдауларын, заңдардын осы
принцип арқылы негіздей алмайсың. Мысалы идеалды объектілерді, төрт
өлшемді кеңістік, парсек т.б. ұғымдарды тексере алмайсың.
ХХ ғасырдың 50 – 60 жылдары неопозитивизмнің жаңа бағыты –
Достарыңызбен бөлісу: