153
болуы мүмкін, дейді Джемс, бірақ философиялық мәселелерді түсінуге
ешқандай қатысы жоқ.
Джемс философиясының негізгі ұғымы «тәжірибе». Тәжірибеден басқа
ештеңе жоқ. Джемс тәжірибенің объективті жағын емес субъективті адами
мазмұнын (сезіну, қобалжу) қарастырады. Тәжірибе сананың ағыны,
мазасызданудың ағыны, яғни көрінген сезімдерді, эмоциялық жағдайларды,
көңіл-күйлерді біріктіреді.
Британ эмпиризмінің дәстүрін сақтай отырып, Джемс тәжірибенің ішінен,
соның негізі ретінде түйсікті бөледі. «Түйсік қайдан келгені белгісіз, бізге
күшпен ендірілген». Тәжірибенің негізін түйсік деп білген Джемстің Беркли
мен Юмның сенсуализміне жақын екендігін байқауға болады. Бірақ, Джемс
пікірінше заттар белгілі, анық заттар ретінде тәжірибеде берілмеген, өйткені
тәжірибе түйсіктердің ажырамаған ағыны. Ол заттарды сол ағыннан субъект өз
еркімен, жігерімен бөліп «кесіп» алады. Адамның жігері, еркі іс-әрекетпен
тығыз байланыста. Сонымен, бізді қоршаған айқын, нақты рас дүниені өзіміз
жасаймыз.
Адам алдына мақсат қояды, соған жетудің құралын өзі таңдайды. Адам
табиғаттың бөлігі, күші емес, ол жігерлі, белсенді, сезімтал, әрекетші тұлға.
Әрекетті, прагматистер, практикалық әрекет емес рухани әрекет деп біледі.
Әрекет арқылы дүние жасалмайды, өзгермейді, тек түйсіктер өзгереді. Әрине,
түйсіктер біздің бақылауымыздан тыс жатыр. Бірақ қай түйсіктерге көңіл
аударамыз, байқаймыз, ол біздің ықыласымызға тәуелді. Біздер, бір фактіні әр
түрлі оқимыз. «Ватерлоо...» ағылшындар үшін «жеңіс», француздар үшін
«жеңіліс».
Рас дүниенің мазмұны таңдауға тәуелді, ал таңдау субъектіге тәуелді. Рас
дүние өзі туралы ештеңе айта алмайды. Ол туралы біз айтамыз. Ол туралы не
айтқымыз келсе соңы айтамыз – дейді Джемс, өйткені әлем біздің ырқымызға
көнгіш.
Адам дуниені ақиқат жүйелері арқылы қабылдайды. Ақиқатты жасайтын
адам. Ақиқатты, Джемс жалпы прагматистер жақсы «жұмыс» жасайтын,
табысқа жеткізетін, пайда әкелетін идея деп түсінеді. Егер идея тәжірибе
кедергілеріне сүріндірмей алып шықса, біз оны ақиқат дейміз, өйткені
пайдалы,
немесе ол пайдалы, өйткені ақиқат.
Жалпы, Джемс өзінің «радикалды эмпиризмін» және ақиқат теориясын
діни сенімді ақтау үшін кеңінен пайдаланады. Діни сенім
адамның өмірін, қылығын өзгертеді, яғни оның салдары
көбінесе
жақсылықпен
аяқталады.
Сондықтан,
прагматикалық ақиқат теориясы бойынша оны ақиқат деп
мойындауымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: