Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


Структурализм,  постструктурализм  және  постмодернизм



Pdf көрінісі
бет132/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   199
Байланысты:
Темиргалиев Философия каз

Структурализм,  постструктурализм  және  постмодернизм  –  ХХ 
ғасырдың  екінші  жартысындағы  Батыс  Еуропада  таралған  философиялық 
бағыттар. 
Осы  философиялық  бағыт  философиялық  білімнің  мазмұнын  пәнаралық 
тұрғыдан  қарастырады.  Философиялық  зерттеудің  обьектісі  жаңа  мағына 
іздегенде  түсіндіруге  тұрарлық  көрінген  мәтін.  Мәтін  деп  ақпарат  алуға 
болатын,  жасырын  мағынасы  бар  көрінген  белгілердің  жүйесін  айтады. 
Сондықтан  осы  бағыт  зерттеудің  дәстүрлі  философиялық  амалдарынан  басқа 
гуманитарлық әдістерді қолданады. Осы бағыттың негізін қалаушы Фердинанда 
де  Соссюр.  Деконструкция  (лат.  de...  –  бір  нәрсені  жоқ  ету,  алып  тастау) 
принципі.  Деконструкция  әдеби  мәтіндерді  зерттеудің  ерекше  методологиясы 
ретінде мәтіндердің ішкі қайшылығына, оқырман түгіл автордың өзіне белгісіз 
(Деррида оны «ұйқыдағы» дейді) жасырын сырларын табуға талпынады. 
Деконструктивизмді  сыртынан  қарасақ  герменевтикалық  дәстүрмен 
байланысты сияқты көрінуі мүмкін. Герменевтиканың мақсаты – мәтінді түсіну 
және  оны  түсінудің  амалын  беру  болса,  деконструктивизм  түсіну  факторына 
онша мән бермейді. 
Мәтіннің  өзі (формасы  жағынан, міндетті  түрде  мағынасы  жағынан  емес) 
мәтіндік формасы бар көрінген мазмұнға шешуші әсер етеді . 
Риторика  заңдары,  метафоралар  көркем  және  ғылыми  болсын,  көрінген 
мәтінге  әсер  етеді.  Осының  негізінде  «нарратив»  (баяндау  әңгімесі) 
концепциясы  құрылады.  Осы  теория  бойынша  дүние  «әдеби»  дискурс 
формасында  танылуы  мүмкін.  Жаратылыс  тану  ғылымдарының  өкілдері, 
мысалы  физиктер  «ядролық  бөлшектердің»  тарихы  туралы  әңгімелейді. 
Осындай  тарихты  әңгіме  арқылы  жеткізу  мәдениетке  тәуелді,  яғни  трагедия 
немесе комедия формасында іске асырылады. 
Классикалық  структурализмге  қарағанда  постструктурализм  түсіндірудің 
рационалистік схемасын сынайды. Классикалық структурализм өзінің міндетін 
бастапқы  түсіндіру  схемасын  іздеумен  айланысты.  Ондай  схемалар  алғашқы 
қауымдық  санада  болған,  бірақ  біздерге  өркениет  жасырып  жетпеген. 
Дегенменде,  қазіргі  мәдениет  құбылыстарын  түсіндіре  алады.  Классикалық 
структурализмнің  нақты  ғылымдарға  бағышталған  сциентистік  сипаты 
байқалды.  Поструктурализм,  керісінше,  адам  және  дәуір  «мәжбүр»  еткен 
түсіндіру  схемасын  қабылдамайды,  өйткені  олар бар  жағдайда  біреулер  ойлап 
тапқан  схемаға  күшпен  енгізуге  талпынады.  Постструктурализм  ойдың  еркін 
шарықтауын қалайды. 
Классикалық  философия  үшін  қарапайым  сана  ағартушылық  қызметтің 
аланы  деп  есептелсе,  ал  жаңа  ситуацияда  қарапайым  сана  философиялық 
ізденістердің маңызды обьектісі.  


164 
 
Постструктурализмнің және деконструктивизмнің теориялық алғышартын 
қалыптастырушысы француз философы және әдебиетшісі Жак Деррида. Оның 
философиялық  жұмыстарының  негізі  («грамматология»)  құрылымсыздық 
идеясы, ал интерпретация деп сөзді ойнатуды айтады. Грамматология бойынша 
«жазулар»  (мәтінді  Деррида  осылай  атайды)  ертедегі  жазулардың  жалғасы. 
Сондықтан,  классикалық философия ойдың өмір сүруінің негізінен  айырылып 
қалады. Осыны ескеріп, Деррида мәтінді дәстүрлі зерттеудің орнына, мәтіннің 
құрылымын деконструкциялап логикасын, рационализмін бұзуды ұсынады. 
Француз философы Мишель Фуко тарихты зерттеуге 
көп  мән  береді.  Тарих  Фуконың  пікірінше  бір-бірімен 
байланысқан  құбылыстардың  тізбегі  емес,  керісінше 
әртүрлі  және  тұйықталған  оқиғалардың  кездейсоқ 
жиынтығы.  Классикалық  дәстүр  тарихты  үздіксіз  процесс 
ретінде  түсіндіреді.  Фуко  керісінше  тарих  өзімен 
тұйықталған 
әртүрлі 
эпистемалардың 
жиынтығы. 
Эпистемалардың  арасында  байланыс  жоқ,  олар  бір-бірін 
кездейсоқ  алмастырады.  Эпистема  –  қарастырып  отырған 
дәуірдің  құрылымдық  байланыстары,  осы  дәуірге  тән  іс-
әрекет, ой. Эпистема – Фуконың «Сөздер мен заттар», «Гуманитарлық білімнің 
археологиясы»  атаулы  еңбегінің  негізгі  ұғымы.  Жаңа  замандағы  Еуропа 
мәдениетінен  Фуко  үш  эпистеманы  бөледі.  Олар  қайта  өрлеу  (16  ғ.), 
классикалық  рационализм  (17-18  ғ.)  эпистемалары.  «Сөздер»  мен  «заттар» 
арасындағы қатынас осы дәуірлердің ойлау ерекшелігіне ықпал жасайды. 
Швейцар  әдебиетшісі  Ролан  Барт  деконструкциясының  негізгі  ұғымы  – 
автордың  өлімі.  Егер  герменевтикада  мәтіннің  авторы  маңызды  болса, 
деконструктурализмде мәтіннің өзі маңызды, ал авторды ескермеуге болады. 
Автордың  мәтінге  салған  мағынасын  деконструкивистер  іздемейді, 
керісінше олар көп мағыналығына мән беріп ойдан қосып жалғастырады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет