Материя
Онтология – болмыс
туралы ілім
Идеализм онтологиясы
Материализм онтологиясы
Сана, идея алғашқы
Материалдық болмыс
алғашқы
Зат – ол түйсіктер
жиынтығы
Идеялар адамнан
тыс өмір сүреді
Нақты-ғылыми
теориялар
Тәжірибе
Субъективтік
идеализм
Объективтік
идеализм
175
Қозғалыс – материяның ең маңызды, жалпыға ортақ атрибуты, оның өмiр
суру тәсiлi. Дүниеде қозғалыссыз материяның болмайтыны сияқты, материясыз
қозғалыстың болуы да мүмкiн емес.
Сансыз көп түрлi заттардың, құбылыстар мен процесстердiң өзара
байланысы нәтижесiнде болмыстың бiртұтастығы, тұрақтылығы қамтамасыз
етiледi. Сонымен, дүниеде бәрi де, бiрденеге ұмтылып, өзгерiп,
болмыссыздыққа өтедi.
Қозғалыс дегенiмiз – кез келген өзара әсер, өзара байланыс, кез келген
өзгерiс. Материя өзiн тек қозғалыс арқылы бiлдiрiп, бiздiң санамызға, түйсiк –
сезiмдерiмiзге әсер ете алады.
Қозғалыс – материяның өмiр сүру тәсiлi, сондықтан ол да материя сияқты
мәңгi, жасанды емес және жойылмайды, сытқы себептер арқылы тумайды, тек
бiр формадаң басқасына ауысып отырады.
Материяның өмiр сүруiнiң көптеген қалыптары мен түрлерi, оның жүйе
есебiнде ұйымдасуының әр түрлi материалдық деңгейлерiне сәйкес
қозғалыстың да сапалық көп түрi болады (Энгельс).
Кеңiстiк пен уақыт материяның ажырамас қасиеттерi, атрибуттары; өмiр
сүру формалары. Әлемде қозғалыстағы материя ғана бар дедiк, ендеше ол
қозғалыс кеңiстiкте және уақытта ғана iске асады, өзiн айқындайды, мәнге ие
болады. Философия мен ғылымда бұл мәселеге әр түрлi қөзқарастар болды. 1)
субстанционалдық тұғырнама - көне грек атомистерiнең басталған (Евклид
геометриясы, Демокрит пен Эпикур кеңiстiктi атомдарды орналастыратың бос
құыс деп ұқты) кейiнгi философтар мен ғалымдар идеяларында жалғасын
тапты, олар әлем жайында механистiк көзқарасты ұстады – кеңiстiк бұл барлық
заттар жойылғаннан кейiн қалатының бәрi. Ол - бос қуыс, оның қасиеттерi
қашықтықта созылу және өзiнде бүкiл бар материяны сыйдыру. Ал, уақыт -
ештенеге қатысы жоқ, ағым, бәрi де пайда болып және жойылып жататын
бiркелкi ұзақтық.
Дүниенiң құрылымдық қасиеттерiн, материалдық объектiлердiң және
жүйелердiң, оларды құрайтын бөлшектердiң аумағын, басқа заттардың,
денелердiң, құбылыстар мен процесстердiң арасындағы алатын орынын,
олардың өзара орналасуы мен байланысын кеңiстiк ұғымы сипаттайды.
Басқаша айтқанда, кеңiстiк дегенiмiз - қозғалушы материяның объективтi
түрде өмiр сүруiнiң формасы, ол заттардың бiр-бiрi мен қатар және бөлек өмiр
сүруiн, олардың тұрқын, олардың бiр-бiріне қатысты алғандағы орналасу
тәртiбiн бiлдiредi.
Оның қасиеттерi: 1) ұзындық, қашықтықта созылу - әр объектi келесi бiр
объектiнiн қасында орналасады, соған байланысты материяның құрылымы да
айқындалады; 2) болмыстың шынайы кеңiстiктегi өлшемi - үш, осы үш
өлшемдiк кеңiстiкте болмыстың шексiздiгi мен таусылмастығы өз көрiнiсiн
табады; 3) бiртектiлiгi - кеңiстiкте нақты «белгiленген» нүктелер жоқ;
изотроптылық - кеңiстiкте барлық бар болатын бағыттардың тең құқықтығы.
Қозғалыстағы материя бiр қалыпта тұрмайтының, үнемi өзгерiп, дамып,
бiр күйге, бiр жағдайдан келесi жағдайға ауысып жататың процесстi уақыт
176
ұғымы сипаттайды. Басқаша айтқанда, уақыт дегенiмiз - қозғалушы
материяның объективтi түрде өмiр сүруiнiң формасы. Уақыт материалдық
процестер өрiстеуiнiң жүйелiлiгiн, бұл процестердiң түрлi сатысының бiр-
бiрiнен бөлек екенiн, олардың ұзақтығын, олардың дамуын сипаттайды.
Материя және оның өмір сүру түрлері мәселелерін қарастырып дүниенің
материалдық бірлігі қағидасы даму қағидасымен қажетті байланыста екендігін
айта кету керек.
15 - сызбанұсқа. Кеңістік пен уақыт
Достарыңызбен бөлісу: |