25
Аюрведада бірнеше минут ішінде аурудың табиғатын анықтайтын және
емдеуді бастауға мүмкіндік беретін көптеген диагностикалық әдістер бар. Ең
алдымен, тамыр диагностикасы әдісі туралы айту керек – ол тез арада
емделушінің денсаулық жағдайы туралы жалпы қорытынды беруге және
патологиялық байланыстардың бар екендігін анықтауға жағдай туғызады.
Сонымен бірге диагностикалық әдіске емделушіге сұрақ қою, оның психикалық
жағдайын бақылау, тілін, көзін, тырнақтарын зерттеу, негізгі құрал болып
тамыр диагностикасы табылады.
Сөйтіп, Аюрведа адамды дене, жан, мінез-құлық және қоршаған орта
бірлігі ретінде қарастырады.
Көне Үнді медицинасымен танысу үшін негізгі көз болып «Аюр – Веда»
(«өмірді білу») Сушрута (б.д.д. VI ғ. жазылған) табылады. Сушрутаның
медициналық жүйесі Чарвактың философиялық жүйесімен тығыз байланысты
және оның негізгі ережелері болып келесілер табылады:
1. Адамдар барлық білімді абыздар үйреткендей құдайлардың ашылуынан
емес, сезім мүшелері арқылы алады.
2. Қоршаған дүние негізінде төрт элемент жатыр (от, ауа, су және жер).
3. Денсаулық
немесе ауру олардың дұрыс немесе дұрыс емес
арақатынасына тәуелді.
Осылайша, сол кездегі барлық ғылымдардың өмір сүруі шеңберіндегі
натурфилософия медицинаның дүниетанымдық негізі болып табылды.
Достарыңызбен бөлісу: