Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет17/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   199
Байланысты:
Темиргалиев Философия каз

 
 
 


23 
 
2.1.  КӨНЕ ҮНДІ ФИЛОСОФИЯСЫ 
 
Көне Шығыс философиялық-этикалық ойларының көп түрлі және бай бола 
тұрса  да,  оны  еуропа  философиясынан  ерекшелендіретін  оған  тән  ішкі  бірлік 
бар:  
- ғылыми оймен байланысының аздығы; 
- жеке тұлғалық сипатының нашарлығы; 
- діни-мифологиялық оймен тығыз байланыстылығы; 
- философиялық  ой  ескерткіштерінің  хронологиялық  жағынан жүйесіздігі 
және белгісіздігі; 
- негізгі философиялық үғымдардың мән-мағынасының күрделілігі және сан 
түрлілігі. 
Осы  философиялық  ойлардың  және  де  қоғамдық  сананың  белгілері 
Шығыстың  тарихи  дамуының  ерекшеліктері  мен  оған  тән  өмірлік  салтын 
бейнеледі. Басқаша айтқанда, кайсы болсын философиялық жүйені талдағанда 
нақты-тарихи тәсіл қажет.   
Үндідегі  бірінші  діни-философиялық  шығармалардың  пайда  болуы  біздің 
д.д. 3-2 мыңжылдықтарға жатады. Келесі кезеңге бөлінуді ұсынуға болады: 

Ведалық  кезең  (б.з.д.  1500-600  жж.  гимндер,  дұғалар,  Ведалар, 
Упанишадалар) 

Эпикалық шығармалар дәуірі (б.з.д. 6-3 ғ.ғ. эпикалық шығармалар – 
Махабхарата, Рамаяна) 

Философиялық 
сутралар 
кезеңі 
(трактаттар), 
жинақталған 
білімдерді синтездеу (б.з.д. 3 ғасыр – б.з. 2 ғасыры). 
Ежелгі  үнді  философиясының  даму  тарихы  ведалық  әдебиет  пен 
брахманизмді  танып  білу  нәтижесінде  қалыптасты.  Веда  мәтіндері  –  діни 
мазмұндағы  әдебиеттер.  Олар  б.з.д.  ІІ  мыңжылдықтың  ортасынан  бастап 
жазыла  бастаған.  Веда  текстерінің  жазылуының  аяқталуы  б.з.д.  6  ғасырға  тұс 
келеді.  Яғни  бұл  әдебиет  арийлер  кезеңінен  бастап  Үнді  елінде  алғашқы 
мемлекеттер  пайда  болғанға  дейін  жазылып  келген.  Бұл  құбылыс  қоғамның 
кастаға бөліунімен (варна) байланысты болды. 
Веда  арнайы  кітаптар  жинағы  болып  табылады.  Оларды  4  жинаққа  бөліп 
қарайды: 1.Самхит жинақтары. Самхит жинақтарының өзі 4 топқа бөлінеді: 
1)  Ригведа (гимндер ілімі). 
2)  Сама-веда (жырлар, өлеңдер ілімі) 
3)  Атхарва-веда (дұға, сүрелер ілімі).   
4)  Яджур-веда (Құрбан шалу формулалары жайындағы ілім) 
ІІ. Брахмандар (веда текстеріне түсіндірмелер). 
ІІІ.  Араньяк  кітаптары  жинағы.  Араньяк  жинақтары  –  сопылық  жолын 
ұстап,  елден  бөлек  өмір  сүруге  бел  байлаған,  монахтың  аскеттік  өмір  жолын 
ұстанған адамдарға арналған тексттер. 
ІV. Упанишадалар (философия тұрғысынан маңызды кітаптар жинағы). 
Шығыс  медицинасының  тарихи  тамыры  Көне  Үндінің  ведалық  мәдени 
кезеңге  кетеді.  Бұл  ведалық  әдебиеттің  медициналық  тармағы  27  ғылымды 


24 
 
қамтиды,  төрт  негізгі  шығармаларда  жинақталған.  Аса  маңызды  жазба 
дереккөздері  болып  Аюрведа  мен  Самхитас  (Карака  және  Сушрута 
аюрведалық  дәрігерлермен  жазылғын),  сонымен  бірге  Вабхата  трактаты 
табылады.   
Веда ілімінің  жан-жақтылығы, аюрведалық емдеу әдістің аяқталушылығы 
мен  толықтығы  ғасырлар  бойы  дәрігерлер,  емшілер  мен  ғалымдардың 
қызығушылығын туғызды. Сонымен бірге Көне Египет, Тибет және Қытайдың 
емдеу өнерінің негізі болып табылады.  
Аюрведа  тарихы  –  шығыс,  ең  алдымен  үнді  медицинасының  тарихы. 
Уақыт  өте  келе  көптеген  медициналық  жүйелер  Аюрведаның  мұхитына  сіңіп 
кетті.  Аю  –  өмір,  ал  веда  –  білім  дегенді  білдіреді,  сондықтан  да  санскриттен 
Аюрведа сөзінің тікелей аудармасы «өмір туралы ғылым».  
Ведалар  жер  бетіндегі  медицина  білімдерінің  көне  бастамасы  болып 
табылады,  және  де  Аюрведа  анатомия,  физиология  мен  хирургия  жазылған 
Атхарва  веданың  тармағы  болып  табылады.  Сонымен  бірге  Ригведа  да 
мүшелерді  ауыстыру,  жасанды  аяқ-қолды  қолдану  және  шөптерді 
пайдаланумен  байланысты  емдеулерді  суреттейтің  10572  әнұрандарды  береді. 
Өз  кезегінде  Атхарва  веда  анатомия,  физиология  және  сол  уақыттың 
хирургиясын сипаттайтын 5977 әнұрандардан тұрды.    
Тамыр  соғуын  зерттеу  туралы  ерте  ведалық  5000  жыл  бұрын  жазылған 
Ригведа  және  Атхарва  веда  сияқты  мәтіндерден  кездестіруге  болады.  Бірақ 
бірінші  рет  аюрведа  мәтіндерінде  толық  диагностикалық  жүйе  ретінде  тамыр 
соғуының  диагностикасы  туралы  б.д.  1325  жылына  жататын  Шарангадхара 
самхитінде кездеседі.   
Аюрведалық  дәрігердің  бірінші  міндеті  болып  адамдарды  өмірдің  таза, 
рухани  түріне  үйрету  болса,  онда  ол  өзі  де  жеткілікті  дәрежеде  таза  болуы 
қажет. Аюрведа медицинасының дәрігер кейпі – ол біріншіден, тек денені ғана 
емес, ең алдымен жанды емдейтін ұлы дана кейпі.    
Адамзат  өмірінің  мақсаттарымен  жүру  қажеттілігін  түсінуді  адамда  ояту 
аюрведалық дәрігердің міндеті болып табылады.  
Рухани кеңес беру – аюрведалық дәрігердің іс-әрекетінің негізгі аспектісі. 
Емделушіге оның ішкі таңғажайып табиғатын көрсету және онда осы табиғатты 
түсінуде жауапкершілікті ояту керек, және ол ең жақсы ем болып табылады.  
Аюрведада  өмірдің  рухани  аспектісіне  осында  көп  көңіл  бөлінгендіктен, 
барлық  емдеу  шаралары  рухани  өмірдің  ілгерлеуіне  жағдай  жасауға 
бағытталған.  Және  Аюрведа  ауруды  қалай  емдеу  керектігі  туралы  ғана  емес, 
сонымен  бірге  біздің  өмірдің  әр  түрлі  қырлары  біздің  рухани  өсуімізге 
көмектесетінін  және  кедергі  болатыны  туралы  білімдерді  де  береді.  Аюрведа 
өмірдің  тамақ  жеу  тәртібі,  күн  тәртібі,  жұмыс,  айналадағылармен  қарым-
қатынас, және біздің тіршілік етуіміздің рухани құрамдасын дамытуға жиналу 
мүмкіндігін  алу  үшін,  өз  өмірін  ретке  келтіру  жақтарын  суреттейді.  Ведалық 
жүйеде  психикалық  құрылыс  әдетте  үш  гун  бойынша  анықталады:  Сатва, 
Раджас және Тамас, олар айқындық, алаңғасарлық, топастық ретінде білінеді.  


25 
 
Аюрведада  бірнеше  минут  ішінде  аурудың  табиғатын  анықтайтын  және 
емдеуді  бастауға  мүмкіндік  беретін  көптеген  диагностикалық  әдістер  бар.  Ең 
алдымен,  тамыр  диагностикасы  әдісі  туралы  айту  керек  –  ол  тез  арада 
емделушінің  денсаулық  жағдайы  туралы  жалпы  қорытынды  беруге  және 
патологиялық  байланыстардың  бар  екендігін  анықтауға  жағдай  туғызады. 
Сонымен бірге диагностикалық әдіске емделушіге сұрақ қою, оның психикалық 
жағдайын  бақылау,  тілін,  көзін,  тырнақтарын  зерттеу,  негізгі  құрал  болып 
тамыр диагностикасы табылады.  
Сөйтіп,  Аюрведа  адамды  дене,  жан,  мінез-құлық  және  қоршаған  орта 
бірлігі ретінде қарастырады.  
Көне  Үнді  медицинасымен  танысу  үшін  негізгі  көз  болып  «Аюр  –  Веда» 
(«өмірді  білу»)  Сушрута  (б.д.д.  VI  ғ.  жазылған)  табылады.  Сушрутаның 
медициналық  жүйесі  Чарвактың  философиялық  жүйесімен  тығыз  байланысты 
және оның негізгі ережелері болып келесілер табылады: 
1.   Адамдар  барлық  білімді  абыздар  үйреткендей  құдайлардың  ашылуынан 
емес, сезім мүшелері арқылы алады.  
2.  Қоршаған дүние негізінде төрт элемент жатыр (от, ауа, су және жер). 
3.  Денсаулық 
немесе  ауру  олардың  дұрыс  немесе  дұрыс  емес 
арақатынасына тәуелді.  
Осылайша,  сол  кездегі  барлық  ғылымдардың  өмір  сүруі  шеңберіндегі 
натурфилософия медицинаның дүниетанымдық негізі болып табылды.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет