41
Әлемдегі денелерде Аспан (ян – еркек) мен жер (инь – әйел) бастамалары
заттардың өмір сүру заңы (цу) арқасыңда гармониялық бірлікте болады. «Дао»
– болмыс заттарды дүниеге келтірсе, «дэ» оларды қоректендіреді. Бүл екеуінсіз
(«дао және дэ») еш нәрсе өмір сүруі мүмкін емес.
Заттардың гармониясы дегеніміз – олардың өздерінде қарамақарсы
жақтардың бір-біріне ауысып отыруы. Мысалы, адам туған кезде әлжуаз, әлсіз
болса, өлер алдында қатайып, қайраттанады, сол сияқты басқа денелер де
әлсізденіп өмірге келсе, қатайып, кәріленіп бүл өмірден кетеді.
«Даоның» екі түріне байланысты танымның да екі түрі бар. «Аты жоқ
даоны» кез келген адам біле бермейді, оны тек шынайы дана адам ғана біле
алады. Себебі ондай адам құмарлықтан алшақ болғандықтан, заттардың
күресінен – гармонияны, қозғалыстан – тыныштықты, болмыстан болмысты
көре алады. Ал құмарлықтан арылмаған адам дайын заттарды ғана көреді.
Танымның бұл екі түрі бір-бірімен тығыз байланысты.
Шынайы дана билеуші, даосистердің пікірінше, өзінің қол астындағыларға
табиғи жолмен («дао» жолымен) жүруіне мүмкіндік береді. Ондай билеуші
ештеңеге араласпайды. Ондай билеушінің бар екенін халық естігені болмаса,
онымен тікелей байланыспай, әрқайсысы өз жолдарымен жүреді, сондықтан да
даосистер дао жолымен жүргендерді заң арқылы шектеуге қарсы болады. Осы
тұрғыдан олар конфуцийшылдарға да, легистерге де қарсы болды.
Кейін келе даосизм дінге айналып, өзінің алғашқы кездегі көптеген
идеяларынан айрылып қалды.
Даоның көрінуі
Даоның өзіне оралуы
5 - сызбанұсқа. Көне Қытай философиясы. Даосизм
Достарыңызбен бөлісу: