Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет24/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   199
Байланысты:
Темиргалиев Философия каз

«Шу  цзин»  –  «Тарих  кітабы»  немесе  «Құжаттар  кітабы».  Кітапты  алғаш 
рет  Конфуций  құрастырды,  кейіннен  әр  түрлі  ойшылдар  оны  бірнеше  рет 
өңдеді  (олардың  кейбіреулері  кітапқа  өз  мәтіндерін  де  қосып,  араластырып 
жіберген),  кейбір  бөліктері  біздің  дәуірімізге  дейінгі  213  жылы  кітаптар 
өртелген  кезде  отқа  жағылды  деген  пікірлер  бар.  Атынан  көрініп  тұрғандай, 


36 
 
кітаптың тарихи мазмұны басым, бірақ философиялық көзқарастар да (әсіресе, 
Конфуций мектебіне тән) көп кездеседі. Мәтіндердің басым бөлігінің мазмұны 
кітаптың  өте  ерте,  көрнекті  Қытай  философтары  дүниеге  келместен  бұрын 
пайда  болғанын  дәлелдейді.  Қазір  «Шу  цзиннің»  55  тарауы  бар,  олардың 
арасында  33  тарауының  нақты  «Шу  цзин»  кітабының  алғашқы  нұсқасына 
жататыны  анықталған.  Кітапта  қарастырылатын  негізгі  мәселелер:  адам  және 
қоғам, адам және табиғат арасындағы үндестік, ата-баба салттары, Көктің адам 
мен қоғамға айқындаушы әсері және т.б. 
Көне Қытай философиясының негізгі ұғымдары:  
Адамды сүю (жэнь) – Конфуций философиясының маңызды категориясы. 
Ең  әуелі  әке  мен  ұлдың,  билеуші  мен  шенеуніктердің,  дос  адамдардың,  аға-
інінің  арасындағы  қарым-қатынастарды  бейнелейді,  сонан  соң  ғана  жалпы 
адамдар арасындағы сүйіспеншілікті білдіреді. 
Алтын  орта  (чжун  юн)  –  Конфуций  философиясының  басты 
ұғымдарының  бірі.  Бұл  жетілген  мораль  үлгісі,  адам  еш  нәрседе  де  шектен 
шығып  кетпеуі  керек  дегенді  білдіреді.  Мысалы,  тым  қызба  немесе  тым  жай 
болған  дұрыс  емес,  орташа  күйді  сақтауға  ұмтылу  керек.  Конфуций  бұл 
ұғымды  ағашты  мысалға  ала  отырып  түсіндіреді.  Оның  жоғарғы  жағында 
орналасқан  жапырақтарға  жаңбыр  мен  күннің  әсері  тез  жетеді,  төмендегі 
жапырақтарға  да  аса  ыңғайлы  емес.  Ең  дұрысы,  ортада  орналасқан  жапырақ 
болу. Алтын ортаға жету қиын, бірақ оған жеткен адам мәнді өмір сүреді. 
Асыл  адам,  бекзат  адам  (цзюнь-цзы) –  адамгершілігі  жоғары,  жан-жақты 
жетілген,  «алтын  ортаға»  жеткен,  ізеттілік,  шыншылдық,  сақтық  секілді 
қасиеттерге ие және басқа адамдардың адамгершіліктік жетілуіне көмектесуші 
адам.  Конфуциийдің  пікірінше,  мүндай  қасиеттерге  мемлекетті  билеуші, 
басқарушы адам ие. «Асыл адамдар» көбейген сайын қоғам да жақсара түседі, 
мемлекетті  басқару  да  жеңілдейді.  «Асыл  адамдардың»  үлгісі  зорлық  арқылы 
бағындырудан  әлдеқайда  бағалы,  себебі  халықта  үрей,  қорқыныш  емес,  өз 
басшыларына  деген  сенім  пайда  болады.  Бұл  ұғымға  қарсы  ұғым  –  «төмен 
адам» ұғымы. 
Дао  –  дұрыс  жол,  космостық  және  адамгершіліктік  заң,  Қытай 
философиясының басты категориясы, ол басқа категориялардың бәрін қамтиды. 
Дао  өзінен  өзі  дамитын  универсумнің  жоғарғы  принципі,  барлық  бар 
нәрселердің  алғашқы  бастауы,  дүниенің  генетикалық  бірлігі  ретінде 
түсіндіріледі:  бәрі  одан  туындайды  және  бәрі  оған  қайта  оралады.  Сонымен 
қатар, дао – универсалдық заңдылық. Көктің өзі дао заңдарына бағынады, яғни, 
адам  Жер  мен  Көк  заңдары  арқылы  дао  жолымен  жүреді,  адамның  өмірлік 
мақсат-міндеті – даоны игеру, яғни, дұрыс өмір сүру. 
Ди – ағаны сыйлау. 
Инь және Ян – этимологиялық мағынасы «төбенің немесе өзен жағасының 
көлеңкесі мен күнгейі» дегенді білдіреді. Инь мен Ян дүниедегі ретсіздіктерді 
тәртіпке  келтіруші  Көк  пен  Жер  күштері  ретінде  қарастырылады.  Олар  бір-
біріне  қарама-қарсы,  бірақ  олардың  үндесіп,  бірігуі  бар  нәрсенің  бәрін 
басқаратын  адамды  дүниеге  әкелді,  Инь  –  дүниенің  рационалдық,  «әйелдік» 


37 
 
бастауы,  Ян  –  бейсаналық,  «ер  адамдық»  бастауы  деп  түсініледі.  Қытай 
философиясында  Инь  мен  Янның  өзара  әсерінен  табиғат  құбылыстары  да, 
қоғамдағы өзгерістер де туындап отырады деп тұжырымдалады. 
Ли – ритуал, салт, этикет. 
Сяо – ата-ананы құрметтеу. 
Тянься – (орысша «Поднебесная»), «Көкасты», Қытай елінің, мемлекетінің 
синонимі, қытайлықтар өздерін қазірге дейін осылай атайды. Көк немесе Аспан 
ұғымы  Қытай  философиясында  жер  бетіндегі  барлық  бар  нәрсенің  алғашқы 
негізі және алғашқы себебі, ең құдіретті күш. Адамдардың тағдыры мен өмірін 
де,  мемлекет  істері  мен  табиғат  құбылыстарын  да  анықтаушы  және  реттеуші 
Көк, ал мемлекетті билеуші оның жердегі өкілі, сондықтан да әрбір адам Көкке 
табынуға міндетті. 
Ци  –  этимологиялық  мағынасы  «пісіп  жатқан  күріштің  буы»  дегенді 
білдіреді,  бірнеше  мағынаға  ие:  белгісіз,  сапасы  жоқ  алғашқы  зат;  дүниеден 
жоғары  космостық  субстанциядан  үшып  шығып  жатқан  нәрсе;  алғашқы 
материалдық  элементтер,  денелер,  атомдар  және  т.б.  Ци  алғашында  тұтасып 
кеткен  субстанциялардан  тұрды,  кейінірек  таза  мен  бұлдырға  –  Инь  мен  Янға 
бөлінді деген түсінік қалыптасқан. 
Көне  Қытай  философиясының  негізгі  мектептері:  Конфуций  мектебі, 
даосизм, легизм, моизм, натурфилософия және номиналистер мектебі (4 кестені 
қараңыз). 
Олардың  арасындағы  бастысы  –  Конфуций  мектебі  болды  деуге  болады, 
оның  біздің  дәуірімізге  дейінгі  екінші  мыңжылдықтан  бастап,  XX  ғасырдың 
басына дейін Қытай мемлекетінің ресми идеологиясы қызметін атқарғаны бұл 
пікіріміздің дәлелі бола алады. 
Бұл  философиялық  ағымның  пайда  болуы  және 
қалыптасуы осы ағымның негізін қалаушы Кун-фуц-зы, 
оның  ізбасарлары  Мэн-цзы  жөне  Сюнь-цзының 
есімдерімен 
тығыз 
байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет