59
Ақыл жалпылама ойлаудың мүмкіндігі. Адамның сөйлеу қабілеті осыған
негізделген (сөйлеуде жалпылықтар туралы ойлар байқалады) ал жануарларда
бұндай қабілеттілік жоқ. Адамда ғылым бар (яғни жалпы бастау туралы білім)
және бұл жануарларда болмайды. Ақыл адам әрекетін шартты етеді, оның еркін
қалыптастырады. Ерік адамның талпыныстарынан құралады және адамгершілік
таңдауына (ол жалпы білімге негізделіп жасалған) дайындығын көрсетеді .
Аристотель бойынша адам жанында екі түрлі бөлгі бар: жануарлық және
ақылды. Ақыл – индивидуалдылыққа жатпайтын, жалпылық, өзгермейтін және
мәңгі. Ақыл барлығына ортақ, оның индивидуальды ерекшеліктері болмайды.
Ол тәндік процестермен байланысты емес, жан тек ақылды бөлігінде ғана
ажалсыз.
Антикалық философияның үшінші кезеңі римдік – эллиндік кезең ( б.д.д. 3
ғ – б.д. 6 ғ.). Платон мен Аристотельдің философияға енгізген орасан зор
еңбектері мен жаңалықтарынан кейін философия айтарлықтай беделге ие
болып, дәрежесі өсе бастады. Бұл жағдай «Эллиндік дәуірдің» өркендеп,
гректік ойлау ерекшелігінің Жерорта теңізінің барлық территориясына
таралуына септігін тигізген еді. Мұнымен қоса, Александр Македонскийдің
бірнеше
елді мекендерді жаулап, сол жерлерде жаңа мәдениетті жасауы болды.
Бір жағынан грек ойшылдарының философиясы жан-жақты таралып, қанат
жая өркендеп өсуі - сол замандағы адамдардың өз өмірдерін жақсартуға деген
құлшыныстарына да байланысты болды, өйткені, олар «қалай өмір сүру
керектігін» білу үшін, «данагөй» болуға тырысты. Соған орай философия
жүйеленіп, догматикалық сипатқа ие бола бастады. Қалаған мектебінен,
ұстазынан білім алатын жағдайға жетті, себебі әртүрлі философиялық
мектептер қалыптаса бастады. Ерекше сипатқа ие болған философиялық
мектептер қатарына стоиктер, эпикуршылар және скептиктерді жатқызуға
болады. Адам өмірінің жандануы мен құлдырауы жөніндегі мәселе сол кездегі
негізгі философиялық сұраққа айналды. Бұл сұрақ ақиқатқа жетудің жолын
емес, бәрінен бұрын қалай жақсы өмір сүруге болады деген мәселенің шешімін
іздеді. Міне, осы сұрақ төңірегінде өрбіген стоик, эпикуршыл және скептиктер
секілді ағымдар өздігінше жауап беруге тырысты.
Антика философиясы және медицинасының өзара байланысы мен өзара
ықпалы туралы антиканың атақты үш дәрігері мысалында талдауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: