Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет43/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   199
Байланысты:
Темиргалиев Философия каз

Асклепиад  (б.д.д.  128  –  56  жж.)  соңында  Римге 
көшіп  кеткен  грек  дәрігері,  ағзаның  және  де  оның 
психикалық  әрекетін  қосқанда  материалдық  негізі 
болып  атом  табылады  деп  есептеген.  Олар  өкпеде 
ауаның  ыдырауынан,  сонымен  бірге  асқазанда 
тамақтың  ұнтақталуынан  пайда  болады,  содан  қан 
арқылы барлық ағзаға таралады.  
Асклепиад  ынтымақты  (солидарной)  (solidus  – 
тығыз)  патологияның  бірінші  жүйесінің  атасы  болып 
табылады.  


60 
 
Оған  «Дәрігер  қатерсіз,  жылдам  және  жағымды  емдеу  керек»  деп 
тұжырымдама жатады. Ол бірінші рет трахеотомияны ұсынды және қолданды. 
Асклепиад  ілімне  сәйкес  адам  ағзасы  көрінбейтін  кіші  бөлшектерден  тұрады 
және  олар  үнемі  қозғалыста  болады.  Олардың  ағзадағы  еркін  ауысуы 
денсаулықтың  негізгі  жағдайы  болып  табылады.  Оның  ойынша,  аурудың 
этиологиясы  қандай  болса,  терапиясы    да  сондай  болуы  керек.  Сондықтанда 
адам  өмірінде  бірінші  орында  қозғалыс  болуы  қажет:  дұрыс  тамақтану,  таза 
ауада ұзақ болу, дене жаттығулары, суық сумен жуыну. Асклепиад өз мектебін 
ашу жолында көп жерлерде Гиппократқа қарсы шықты. Мысалы, ағзаны лоқсу 
және іш өткізгіш дәрілермен тазалау ескірген деп санады, бұл емдеу шаралары 
және шамадан тыс денені жылыту ағзаны әлсіретуге әкеледі деп есептеді. Ол өз 
емдеу  тәсілін  стоиктердің  ережесіне  негіздеген:  «Бар  болғаны  табиғатпен  сай 
өмір  сүру  керек»  (латынша  «Naturae  convenienter  vivere»).  Онда  ол  өмірлік 
күштің  сақталу  жолынан  көрді.  Сырқат,  оның  ілімі  бойынша,  денедегі 
тамырлардағы  бөлшектердің  тоқтап  қалуынан.  Оның  емдің  құралы  –  тамаққа 
ұстамдылық, су ішу, суық былау, белсенді қозғалыс.  
Дегенмен,  Асклепиад  емдеу  науқасқа  қауіпсіз,  жылдам  және  жағымды 
болуы  қажет  деп  айтсада,  оның  ұсынған  шаралары  әрқашан  рахат  сезім 
бермеген. Сал адамды оның тұрып қалған бөлшектерін қозғалысқа келтіру үшін 
кілемге  салып  шайқау  керектігін  айтқан;  безгек  ауруын  күн  ықпалына  салу 
және ұйықтатпау, өйткені «безгек ауруын емдеу ол сол безгек» деп есептеген. 
Әр  бір  әдіс  әр  адамға  жеке  қолданылған,  дәрілер  сирек  белгіленген. 
Медицинада бұл бағыт әдістемелік деп аталған.  
Асклепиад  және  оның  мектебі  антикалық  Римнің  медицинадағы 
материалистік  бағытты  ұстанды.  Ол  бағытқа  Авл  Корнелий  Цельс  және 
Клавдий Гален өкілдері болып табылатын идеалистік бағыт қарсы болды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет