Неоплатонизм - III–IV ғасырларда туындап, Платон және Аристотель
ілімдерінің ортақ жүйесін ұштастыра дамытқан, болмыс бірлігі теориясымен
белгілі ілім, олар әлемдік иерархияда адам өз орнын сезініп, терең ойланып
ұғынуды мақсат етуі керек. Жақсылық жоғарыдан, тұтас дүниеден келеді.
Зұлымдық төменнен, материядан келеді. Зұлымдық негізгі нәрсе емес. Ол
жақсылықпен байланысты емес. Адам зұлымдықты қабылдамауына болады.
Оған бұл жағдайда материалдық емес құрылымның, дүние сатысының қай
деңгейіне көтерілгені әсерін тигізеді. Ол сатылар мынадай: 1) жан; 2) ақыл және
3) біртұтастық (яғни космос). Бұл сатыларға сезім, ой және экстаз сәйкес келеді.
Неоплатондықтар барлық жерде гармония мен әсемдікті көрген. Жақсылықтан
туындағандардың бәрі сұлу, әсем. Адамдар - әлемдік ақылда (мировой разум)
қалыптасқан сценарийді жүзеге асыратын актерлер. Неоплатондықтар антика
философиясын аяқтады. Олар оны жоғарғы нотада аяқтады, біртұтас игілікке
шақырды. Одан кейінгі көкжиектің арғы жағында философтарды теоцентрлік
мәселелер күтіп тұр еді.