63
Эллинизм кезеңінің үшінші мектебі – скептиктер болды.
Скептицизм (гр.
Skeptikos –сынаушы) – объективті шындықты танып-білудің мүмкіндігіне шүбә
келтіретін философиялық концепция. Скептицизмнің соңы – агностицизмге
әкелді. Алғашқы скептик Пиррон (б.д.д. 360-270 жж. ш.) – ежелгі грек
философы, антикалық скептицизмнің негізін қалаушы. Оның айтуынша
ешнәрсеге сенімді болмау керек деп үйретті. Ол бақытқа жетудің жолын
іздестіреді. Бақыт – сабырлылық, жан тыныштығы және азаптың жоқтығы. Біз
заттар туралы ештеңе біле алмаймыз, сондықтан олар туралы қандай да
болмасын пікірлерден бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн: мұндай қадамға
бару – жан-дүниенің тыныштығына қол жеткізеді. Соған орай скептиктер
мынадай жағдайларға байланысты пайда болды деп айтуға болады: адамның
(догмасы) ақиқат деп жүрген ой-тұжырымы шындығында қателік, жалған
болып шығуы мүмкін. Өкілі Секст Эмпирик.
Достарыңызбен бөлісу: