90
дамытты. Гоббс бойынша таным идеялар көмегімен жүзеге асады. Идеялардың
түптамыры тек сыртқы дүниені сезімдік қабылдау болып табылады және біздің
танымымыздың да түпкі негізі.
Т.Гоббстың саяси-әлеуметтік, қоғамдық көзқарастарын айқындайтын
шығарма – «Левиафан». Бұл шығармада қоғамның пайда болуы мен дамуын
жан-жақты қарастырды. Қоғамды екі дәуірге бөлді:
1) алғашқы дәуірі табиғи деп аталды. Мұнда адамдар тең құқылы, барлығы
заттарға тең иелік етеді. Бұл тең құқылық адамдар арасындағы қақтығысқа,
соғысқа әкелді, ол адамның жер бетінен құрып кетуін әкелетін болды.
2) екіншісі азаматтық деп аталды. Онда адамдар өзара келісе отырып,
«мынау менікі, мынау сенікі» деген құқықтық қатынастарды тудырды.
Сонымен жеке меншік пайда болды. Ал жеке меншікті қорғау үшін мемлекет
пайда болды. Ендігі жерде қоғам екінші дәуірге аяқ басты. Гоббс қоғамның
құдіреттің күшімен орнайтындығын теріске шығарып, қоғамдық келісім
теориясын жасады. Бұл теориясы бойынша жеке меншік пен мемлекеттің пайда
болуы заңды процесс және ол қасиетті. Оған қарсы шығуға болмайды, оған
қарсы шығу адамзат табиғатына, белгілі бір заңдылыққа қарсы шығу деген сөз.
10 - сызбанұсқа. Томас Гоббс
Англиядағы Ф. Бэконның және Т. Гоббстың ізін
қуушы
Джон Локк (1632 – 1704 жж.) болды. Ол
материалистік сенсуализм принципін негіздеді, яғни
барлық білімнің сыртқы дүниені сезімдік қабылдаудан
пайда болады деп тұжырымдады. Оның негізгі
шығармасы – «Адамның ақыл-парасаты туралы» (1690),
бұл еңбегінде Декарттың туа біткен идеялар туралы ілімін
Достарыңызбен бөлісу: