91
теріске шығарып, тәжірибені барлық идеялардың бірден-бір көзі деп
жариялады (Tabula rasa – таза тақтай). Локк тәжірибені екіге бөлді: сыртқы
және ішкі тәжірбие. Алғашқысы – сезінуге негізделген, екіншісі – рефлекске
негізделеді. Идеялар сыртқы әсердің сезім органдарына әсері нәтижесінде
(сезіну идеялары), немесе жанның жай-күйіне және қызметіне бағытталған
назарының нәтижесінде пайда болады (рефлекс идеялар). Локк сезімдік
қабылдау идеясында сапаны екіге бөлді: «бірінші реттегі» яғни объективті;
«екінші реттегі» яғни субъективті. Объективті сапалар – заттар мен процестерге
тән, ал субъективті сапа – заттардың өзіне тән сияқты, ал шындығында оларда
болмайтын біздің сезім мүшелеріміз арқылы берілетін сапалар.
Достарыңызбен бөлісу: