94
мен қозғалыстың, табиғатта жүріп жатқан процестердің өзара байланыстарын,
табиғи формалардың мәңгі өзгерісте болатындығы туралы идеяларын енгізді.
Материалдық бөлшектердің механикалық қозғалысы қалайша түйсіктерге
тән мазмұн тудырады деген мәселені материяның жалпы сезімталдығы туралы
ойға жүгіне отырып шешті. Осыған байланысты рефлекстер туралы ілімінің
негізі болған психологиялық қызметтің материалистік теориясын айтты. Бұл
теория бойынша адамдар жануарлар тәрізді – тек сезіну қабілеті мен есі бар
құрал-саймандар. Бұл жөніндегі еңбегі «Даламбердің Дидромен әңгімесінде»
Ол таным мәселесінде, Бэконның тәжірибеден бастау алған білімінің
алдына қойған бар мақсаты тек ақиқатты ғана ұғынып қоймай, адамның күш
қуатын арттыру мен кемелдендіру жолын табу деген пікірін дамытты. Тәжірибе
мен бақылау танымдағы жетекші әдіс болып табылады. Солардың негізінде
ойлау толық ақиқат болмаса да, ықтималдығы жоғары білімге жете алады.
Оның өмірінің мақсаты энциклопедияны жарыққа шығару болды. Қоғамдық
ойларында феодалдық деспотизмге қарсы шықты, конституциялық монархияны
жақтады.
Сонымен, француз ағартушылары тарихтың қозғаушы күші адамзат
ақылы, ағартушылық процесс екендігін басты атап көрсетті. .
Бұл сұрақтарға дәл жауаптар К. Гельвеций және П. Гольбах еңбектерінен
табылды.
Достарыңызбен бөлісу: