Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі


Ми қабықтарының клиникалық анатомиясы



Pdf көрінісі
бет11/82
Дата06.10.2023
өлшемі4,15 Mb.
#113007
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82
Ми қабықтарының клиникалық анатомиясы
 
Ми үш қабықпен жабылған –
қатты қабық (dura mater), торлы (өрмекті) қабық –
(arachnoidea) және жұмсақ қабық (pia mater). Бассүйектің ішкі беті мен мидың қатты 
қабығы арасында эпидуралды (қатты қабық үсті) кеңістігі бар, қатты қабық пен торлы 
қабық арасында субдуралды (қатты қабық) асты кеңістік жатады
(4-
сурет). Торлы қабық 
астындағы мидың жұмсақ қабығымен ол борпылдақ түрде жанасады да, 
субарахноидалды (торлы қабық асты) кеңістікті құрайды.
 
 
4-
сурет. Ми қабықтары.
1-
эпидуральді кеңістік
; 2- 
Мидың қатты қабығы –
 
венозды синусты құрайды
; 3-
субдуральді кеңістік
; 4-
мидың торлы қабығы –
 
тамырсыз

5-
субарахнойдальді кеңістік –
 
ликвермен толған
; 6-
мидың жұмсақ қабығы –
 
миды 
жауып тұрады
; 7-
ми заттары

Мидың қатты қабығы және веналық синустар (қойнаулар).
 
Бассүйектің ішкі беттері жұқа дәнекер тіндік қабықшамен тысталған, құрамы 
жағынан қантамырлардың эндотелиіне ұқсайды. Оның астында мидың қатты қабығы 
жатады, ол жылтыр түсті екі жапырақшадан тұрады және арасында жұқа дәнекер тін 
болғандықтан, екі жапырақшаны бір
-
бірінен ажыратуға болады. Бассүйектің күмбезі 
тұсында қатты қабық сүйектермен борпылдақ жанасқан, ал бассүйек түбінде, тігістер, 
тесіктер мен саңылауларда өте берік бітіскен, бұл жерлерде әдетте тамырлы –
нервтік 
шоғырлар өтеді. Сондықтан эпидуралды қан құйылулар (гематомалар) бассүйектің 
күмбезі мен қатты қабық арасына кең тарайды. Мидың қатты қабығы 3 артерия 
тармақтары арқылы қанмен қамтамасыз етіледі: ми қабығының алдыңғы, ортаңғы және 
артқы артериялары (a.meningea anterior, media et posterior). Олардың ішіндегі ең ірісі –
ортаңғы артерия, ол самай сүйектің ішкі бетіндегі жүлгесінде және мидың қатты 
қабығының екі жапырақшасының арасымен өтеді. Бұл артериялар жарылып кетсе, жедел 
хирургиялық көмек қажет. Қан ағуды тоқтату үшін тамырдың астына инемен жіп 
өткізуге тура келеді. Мидың қатты қабығының веналары веналық синустарға құйылады. 
Үлкен шүйде тесігі арқылы dura mater жұлынның осындай аттас қабығына жалғасады. 
Мидың қатты қабығы бірнеше жалпақ келген табақша тәрізді өсінділер жасайды, олар 
мидың жекелеген бөлімдерінің арасындағы саңылауларға кіріп, оларды бір
-
бірінен бөліп 


18 
тұрады. Бұлар –
үлкен ми орағы (falx cerebri), мишық шатыры мен орақшасы (tentorium 
et falx cerebelli), түрік ершігінің диафрагмасы (гипофизге арналған), үшкіл қуыс (үшкіл 
нерв түйіні үшін). Мидың қатты қабығы сүйектерге бекінетін жерлерінде және шеті бос 
жиектерінде қуыстар (синустар) жасайды. Бұл веналық синустар мидың, көзұясының, 
есту ағзасының, мидың қатты қабығының өзінің, бас сүйектерінің веналарынан қанды 
қабылдайды. Синустар қатты қабықтың екі жапырақшасының арасында орналасады
белгілі жерлерде бұл жапырақшалар екіге ажырап, эндотелимен қапталған үшқырлы 
пішінді өзектерді құрайды. Синустардың қабырғасы фиброзды тіннен және эластинді 
талшықтардан құрылған, бұлшықет тіні болмайды. Веналық синустардың сыртқы 
қабығы –
дәнекер тіндік (адвентация), ол сүйекпен тығыз бітіскен, сондықтан олар 
кесіліп кетсе, қуысы қабыспай ашық тұрады. Синустарда клапандар жоқ, бірақ толық 
емес бөгетшелер бар. Веналық қанайналымның осындай ерекшеліктерінің болуы, 
бассүйек іші қысымның өзгерістері болса да, мидың күрделі жұмысына байланысты 
қанның кедергісіз ағымын қамтамасыз етеді.
Синустардың мынадай түрлерін ажыратады: 1) көлденең синус (sinus transversus) –
диаметрі ең үлкені, шүйде сүйектің аттас жүлгесінде жатады, одан әрі 2) сигма тәрізді 
синусқа (sinus sigmoideus) жалғасады да, мойындырық тесігі арқылы ішкі мойындырық 
венасына құйылады. Көлденең және сигма тәрізді синустар бассүйек қуысының ең басты 
қан жинағыш коллатералдары болып табылады. Шығарушы веналар арқылы сигма 
тәрізді синус самай сүйектің емізік тәрізді өсіндісінің сыртқы веналарымен және бастың 
басқа да беткей веналарымен қатынасы бар. Ортаңғы құлақтың іріңді қабынуы 
нәтижесінде, әсіресе бұл қабыну емізік тәрізді өсіндіге жалғасса, онда инфекция сүйекіші 
веналардың тромбозына алып келуі мүмкін. Бұл жағдай одан әрі сигма тәрізді, көлденең 
синустарға және ішкі мойындырық венасына оңай ауысуы мүмкін. Көлденең синусқа ми 
орағының жоғарғы шетімен өтетін 3) жоғарғы сагиталды синус (sinus sagittalis sup.) 
құйылады. 4) Төменгі сагиталды синус (sinus sagittalis ing.) ми орағының төменгі шетімен 
өтіп, артқы жағындағы 5) тік синусқа (sinus rectus) қосылады, ал соңғысы көлденең 
синустардың біріне құйылады. 6) Шүйделік синус (sinus occipitalis) мишық орақшасының 
ішімен өтіп, ішкі шүйде төмпесінің тұсындағы синустық арнаға барып құйылады. Бұл 
арнаға сагиталды, тік, шүйделік және көлденең синустар келіп қосылады
(5-
сурет). Бұл 
орын
-
синустық арна (
confluens sinuum
) тұрақты емес. Тәжірибелік дәрігерге 7) қуысты 
(торлы) веналық синустың (sinus cavernosus) анатомиясын білу өте маңызды. Бұл синус 
түрік ершігінің екі бүйірінде сына тәрізді сүйектің үлкен қанаттарының түбірінде 
орналасқан. Атылған синус өзара анастомоздармен байланысқан
көптеген веналық ұсақ 
қуыстардан тұрады. Синусқа беттің беткей және терең веналарымен байланысы бар көз 
веналары құяды. Sinus cavernosus арқылы ішкі ұйқы артериясы, сондай
-
ақ симпатикалық 
нерв өрімі мен n.abducens өтеді. Бұл синусқа мидың қатты қабығымен ғана бөлінген –
көз 
қозғалту (ІІІ жұп), шығыршық (ІV жұп), көз (V жұп тармағы) нервтері жанасып жатады, 
артқа таман үшкіл нервтің (V жұп) жартылай пішінді түйіні орналасқан. Қуысты (торлы) 
синустан веналық қан самай сүйек пирамидасымен жоғарғы және төменгі
тасты 
синустары арқылы сигма тәрізді синусқа барып құйылады. Мидың торлы (өрмекті) 
қабығы (arachnoideа) қатты қабықтың астында жатады, кейбір жерлерде онымен бірігіп 
кетеді, бірақ негізінен дәнекер тіннен құралған, тамырлары жоқ, мидың ойыстары мен 
жүлгелеріне кірмейді, жоғарғы бетінде орналасады. Торлы қабықтан өсіп шыққан
әсіресе жоғарғы сагитальды және көлденең синустардың бүйір беттерінде кішкене 
шашақтар пішінді түйіршіктер (granulationes arachnoideales) болады. Олар мидың қатты 


19 
қабығымен бірге өсіп,
онымен бірге веналық синустардың немесе бас сүйектерінің ішіне 
кіре орналасады.
Мидың жұмсақ қабығы (pia mater) миды қанмен қамтамасыз ететін қантамырларға 
бай, әсіресе жұқа қабырғалы веналары ерекше жалпақ болып келеді. Бұл қабық ми 
бетімен тікелей жанасады, оның барлық жүлгелері мен қарыншаларына кіреді, 
қантамырлық өрімдерді құруға қатынасады. Мидың торлы қабығы мен жұмсақ 
қабығының арасында ми
-
жұлын сұйықтығымен толған торлы қабық асты 
(субарахноидалды) саңылау тәрізді кеңістік орналасқан. Бұл одан әрі
осы аттас жұлын 
кеңістігіне жалғасады.
Мидың қанмен жабдықталуы екі артериялық арнадан іске асады, олар –
ішкі ұйқы 
және омыртқалық артериялар. Ішкі ұйқы артериясы (a.carotis interna) жалпы ұйқы 
артериясынан (a.carotis communis) бастау алады. Жалпы ұйқы артериясы мойындағы 
тіласты сүйегінің деңгейінде ішкі және сыртқы ұйқы артерияларына бөлінеді, одан әрі 
мойынның екі жағындағы оң және сол жақ ішкі ұйқы артериялары жоғары қарай жүріп 
бассүйектің сыртқы түбінде самай сүйектің пирамидасындағы ұйқы өзегінен өтіп, 
жыртық тесік тұсында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет