Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі



Pdf көрінісі
бет61/82
Дата06.10.2023
өлшемі4,15 Mb.
#113007
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   82
Байланысты:
httpengime.orguploaddownloadid98183

 
24-
сурет. Мойын ағзалары (қалқанша безі).
 
 
Олардың үлкендіктері 2 ден 8 ммдейін, түсі қалқанша без тінінен шамалы 
өзгешелеу, сарғыш
-
сұр түсті болып келеді. Бездердің сыртындағы жұқа қабықшасы 
қалқанша бездің артқы бетіне жабыстырып қоршап тұрады. Қалқанша маңы бездерінің 
санына, үлкендігіне және орналасатын жерлеріне қарай кездесетін ауытқулары сирек 
емес, бұл жағдай ағзаларды іздеп табу барысында қиындықтар туғызады. Кейбір 
жағдайларда бездің орналасатын жерін, оларға қарай бағытталған (негізін) төменгі 
қалқанша артериясының, сирегірек жоғарғы қалқанша артериясынан, немесе осы аттас 
вена тамырларынан баратын тармақтар көрсете алады. Қалқанша бездің меншікті 
капсуласының артқы бөлімі хирургиялық операциялар жасауға «тыйым салынған» аймақ 
болып табылады, себебі бұл аймақта қалқанша маңы бездерінің, қайырылмалы нервтік 
және төменгі қалқанша артерияларының өзара орналасуы мен қарым
-
қатынастары өте 
күрделі болып келеді.
Қалқанша бездің қанмен жабдықталуы екі жоғарғы қалқанша артерияларынан 
(сыртқы ұйқы артериясының бұтақтары) және екі төменгі қалқанша артерияларынан 
(бұғана асты артериясынан бұтақтары), сондай
-
ақ бесінші артерия –
ең төменгі 
(a.thyroidea ima
) тамырынан іске асады. Соңғысы қолқа доғасынан немесе иық
-
бас 
бағанасынан басталады, әрі бұл артерия тұрақты кездеспейді, тек 19
-
20% құрайды. 
Веналық қан безден аттас веналар арқылы мойындырық, бұғана асты, иық
-
бас 
веналарына барады.
Безге нерв тармақтары көмей нервтерінен және симпатикалық бағаналардан келеді. 
Қалқанша бездің төменгі полюсі тұсында төменгі қалқанша артериясын, әдетте көмейдің 
төменгі нерві қиып өтеді. Артерияны байлау кезінде (мысалы, қалқанша безге операция 
жасау кезінде) бұл нервті зақымдап алу, көмейдің дыбыс байламдары мен 
бұлшықеттерінің қызметі бұзылуына алып келуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет