94
бөлінеді –
біріншісінде үшеу, екінші және үшінші бөлімінде –
біреуден.
Бұғанаасты артериясының (
a.subclavia) 1-
бөлімдегі тармақтары: 1)омыртқалық
артерия (
a.vertebralis
); 2) қалқанша
-
мойын сабауы (
trancus thyreocervicalis
); 3) кеуденің
ішкі артериясы (
a.thoracica interna).
Артерияның екінші бөлімі сатыаралық саңылау ішінде жатады, бұл жерде одан бір
тармақ: қабырға –
мойындық сабау (
truncus costocervicalis
) бөлінеді, ол артқа қарай жүріп
бірінші қабырғаның мойны тұсында мойынның артқы бұлшықеттерін және жоғарғы екі
қабырға аралық пен жұлынды қанмен жабдықтайды.
Үшінші бөлімі жауырын –
бұғаналық үшбұрышта өтеді, мұнда бұғанаасты
артериясы бір тармақ: мойынның көлденең артериясын (
a.transversa colli
) береді. Бұл
артерия иық нерв өрімін тесіп өтеді, немесе оның үстімен жүріп, одан әрі иық өрімі
сабауларының арасында орналасып, жауырын қылқанының медиалды ұшы деңгейінде
өзінің екі
үлкен бұтағына бөлінеді:
ramus superficialis
және
ramus profundus
. Бұл бұтақтар
мойынның, жауырынның және арқаның артқы бұлшықеттерін қанмен жабдықтайды,
сондай
-
ақ, қолтықасты артериясының тамырларына анастомоздар беріп, жауырын
артериялық шеңберінің пайда болуына қатынасады.
Достарыңызбен бөлісу: