103
бұл жағдайда көмей мен кеңірдекке операция жасау қиындыққа соғады.
3)
Егер кеңірдекті ашу және оған канюля қою операциясы қалқанша без мойнағынан
төмен деңгейде жасалса –
бұл төменгі трахеостомия деген атпен белгілі.
4)
Қалқанша –
сақиналық байламға пункция жасап, артынша канюля енгізсе
-
микротрахеостомия операциясы жасалғаны.
5)
Кеңірдекті ашу және оған канюля қою қалқанша –
сақиналық байламның
(бұрынғы аты
- lig.conicam
) орта тұсынан жасалса –
онда операция коникостомия деп
аталады.
6)
Егер кеңірдекті ашу мен канюля қою
lig.conicam
арқылы және сонымен қоса
сақина тәрізді шеміршектің доғасын кесумен жүргізілсе –операция конико
-
кракостомия
деген атпен аталады.
7)
Егер хирург қалқанша шеміршекті кесуге мәжбүр болса –
ол тиреотомия деп
белгіленеді.
8)
Жұтқыншақты ашу операциясы –
фаринготомия деген атпен белгілі.
Хирургиялық тәжірибе жұмысында операцияның пациентке (емделушіге) барынша
пайдалы түрін таңдауға тура келеді. Науқасқа операцияның ең қолайлысы –
төменгі
трахеостомия болып табылады және бұл әдісті қолдануда сақина тәрізді шеміршектің
бүтіндігі сақталады. Неге десеңіз, әдетте, сақина тәрізді шеміршектің азғантай ғана
зақымдануы, тіпті оның доғасының канюля қоюдан қажалған жағдайдың өзінде –
көмейдің кілегейлі және кілегей асты қабаттарының тітіркенуінен және қатты ісінуінен
едәуір қолайсыздықтар тууы мүмкін, себебі, кілегей асты қабаттың байламасты
бөлігіндегі кеңістікте дәнекер тін өте жақсы дамыған және ол кездейсоқ әсерлерден өте
тез ісінеді.
Аталмыш операцияны ерте жастағы балаларға жасау өте үлкен қиындықтар
туғызады. Балаларда қалқанша бездің мойнағы кеңірдектің барлық жоғарғы сақиналарын
жауып тұрады және фасция арқылы сақина тәрізді шеміршектің төменгі шетіне берік
бекінеді.
Кеңірдектің жоғарғы сақиналарын босату үшін қалқанша бездің мойнағын төмен
қарай тартуға тура кетеді, ал фасция безді берік ұстап тұрады. Мойнақты тарту кезінде
жоғарғы қалқанша артериясының тармақтары зақымдануы мүмкін. Бұл артерия фасция
астында өтеді, оның зақымдануы керексіз қан кетуге әкеп соғады.
Қорыта келгенде, жоғарғы трахеостомияны ересектерге жасаған жеңілдеу және қан
кетусіз өтеді. Алайда, төменгі трахеостомия да асқынусыз болмауы мүмкін, сондықтан
дәрігер операцияға кіріспес бұрын аталған аймақтың клиникалық анатомиясы мен
операциялық хирургиясын терең оқып –
зерттеп, өте ұқыпты және
тиянақты дайындық
жұмыстарын жүргізуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: