36
үшбұрышты пішінді саңылау, алдыңғысынан тереңдеу, екі қанат тәрізді бұлшықеттер
арасында жатыр. Самай
-
қанаттық шелмай кеңістігінде беткейірек веналық
анастомоздардан құралған қанат тәрізді өрім орналасады, ал тереңірек жоғарғы жақсүйек
артериясы мен оның бұтақтары өтеді. Бұл кеңістіктің шелмайы басқа аймақтың
бөлімдерімен қантамырлы –
нервтік шоғырлар бойымен байланысады: таңдай өзегі
арқылы (canalis palatinus) ауыз қуысымен, сына
-
таңдай тесігі (foramen sphenopalatinum)
арқылы мұрын қуысымен, төменгі көзұялық саңылау арқылы көз ұясымен, тікелей қанат
-
таңдай шұңқырымен (fossa pterygopalatina), дөңгелек тесік (foramen rotundum) арқылы
бассүйек қуысымен. Қанатаралық шелмай кеңістігінде қанат тәрізді веналық өрім,
жоғарғы жақ сүйек артериясының тармақтары мен төменгі жақ сүйек нервінің (үшкіл
нервтің 3
-
ші тармағы) бұтақтары болып табылатын: тіл және төменгі тісұяшықтың
нервтері (n.lingualis, n.alveolaris inferior) жатады.
Жұтқыншақ маңы шелмай кеңістігі –
жұтқыншақты екі бүйірінен қоршап тұрады
және құлақ маңы безіне, дәлірек айтқанда, оның фасциямен қоршалмаған және медиалды
қанат тәрізді бұлшықетпен жабылмаған жұтқыншақ маңы өсіндісімен
жанасады. Ішкі
жағынан бұл кеңістік фасциямен тысталған жұтқыншақ бөлімімен шектеседі.
Жұтқыншақ маңы шелмай кеңістігін алдыңғы –
жоғарғы және артқы –
төменгі
бөлімдерге бөледі. Бұларды бөліп тұратын құрылымға –
самай сүйектің біз тәрізді
өсіндісінен басталатын бұлшықеттер, олардың сіңірлері мен фасциялары және соларды
қоршап жататын барлық тіндер жатады. Алдыңғы –
жоғарғы бөлімнің шелмайында
a.palatina ascendens және аттас вена өтеді. Ангина болғанда осы вена тромбофлебит пен
флегмоналарға алып келетін инфекциялардың таратылу жолының себебі болуы мүмкін,
сонымен қоса бұл патология бетке, ауыз қуысы түбінің шелмайына ішкі мойындырық
венасына т.б. аймақтарға таралатын қаупі бар. Жұтқыншақ маңы шелмай кеңістігінің
артқы
-
төменгі бөлімінде ішкі ұйқы артериясы, ішкі мойындырық венасы, тіл –
жұтқыншақ (IX
-
жұп), кезбе (X
-
жұп), қосымша (XI
-
жұп) және тіласты (XII
-
жұп)
нервтері, симпатикалық бағана мен оның жоғарғы түйіні орналасады. Сондықтан, осы
кеңістік арқылы инфекция мойын аймағына өтіп кетуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: