33
жабылған, одан тереңірек бұлшықет қабаты жатыр, ал сыртынан –
жұтқыншақ фасциясы
жауып тұр. Жұтқыншақтың артқы қабырғасының сыртқы бетімен омыртқа алды фасция
арасында шелмай қабаты орналасқан, онда жұтқыншақ арты лимфа түйіндері
шоғырланған, оларға таңдай т.б. бадамша бездерден, ауыз және мұрын қуыстарының
артқы бөлімдерінен келетін лимфа тамырлары құйылады. Лимфа жолдарымен инфекция
жұтқыншақ артындағы шелмай кеңістікке өтіп кетсе, жұтқыншақ арты абсцесстің
түзілуіне әкелуі мүмкін. Жұтқыншақ арты шелмай кеңістік, жұтқыншақтың бүйірлік
және өңеш маңайы шелмайлармен байланысқан, сондықтан бұл іріңдік процестің таралу
жолдарын көрсетеді. Жұтқыншақты артериялық қанмен қамтамасыз ететін тамырлар:
a.pharyngea ascendens, a.thyroidea superior (сыртқы ұйқы артерия арнасынан), ал веналары
жақсы дамыған жұтқыншақ венасын өрімін құрайды, олар ішкі мойындырық венасына
құяды. Аталған аймақ бас
нервтерінің IX және X жұптары есебінен нервтенеді.
Достарыңызбен бөлісу: