23- сурет. Тіл асты сүйегінің үстіңгі және астыңғы аймағы Тіласты сүйек асты аймақ – (region infrahyoidea) Шекаралары. Бұл аймақ екі бүйірінен төс
-
бұғана
-
емізіктік бұлшықеттердің
алдыңғы қырларымен шектелген, яғни екі бұлшықеттің (оң жақ және сол жақ)
аралығындағы кеңістікті алып жатыр
(23-
сурет). Жоғарғы шегі тіласты сүйегі арқылы
жүргізілетін көлденең сызық, ал төменгі жағы
-
төстің ойығы болып есептеледі. Аймақта
екі үшбұрыш бар (
tr.omotracheale
), олар ортаңғы сызықта бір
-
бірімен жанасады, ал
жауырын
-
тіласты бұлшықетінен жоғары
-
ұйқы үшбұрышы орналасқан.
Қабаттары . Аймақтың терісі жұқа, серпімді, астында шелмай қабаты мен беткейлік
фасция жатады. Мұнда мойынның беткейлік веналары:
v.jugularis ant., v.mediana colli
және мойын өрімінің терілік нервтерінің тармақтары орналасқан. Одан тереңірек
мойынның екінші (өзіндік) фасциясы, содан кейін (үшінші) жауырын
-
бұғаналық фасция
жатады. Үшінші фасция мойынның алдыңғы бұлшықеттеріне арналған қынаптар
жасайды. Ол бұлшықеттер: бұғана
-
тіласты, жауырын
-
тіласты, бұғана
-
қалқанша,
қалқанша тіласты осы қынаптармен қоршалған. Артқы екеуі басқаларынан тереңірек
жатады. Аталған бұлшықеттерден терең төртінші ішкіағзалық фасция –
дәлірек айтқанда
,
оның париеталды жапырақшасы жатады. Оның
астында ішкі ағза алды кеңістікті табуға
болады, ал одан тереңірек вицералды фасция жатады. Бұл фасция мойынның ішкі
ағзалары: көмейді, кеңірдекті, қалқанша және қалқанша маңы бездерін, өңешті жауып
тұрады. Ішкі ағзалар алды кеңістікте қантамырлары, лимфа
тамырлары мен түйіндері бар
шелмай қабаты жатады.