Байланысты: аза стан республикасы денсаулы са тау ж не леуметтік даму мин
Тіл ісіктеріне жасалатын хирургиялық әрекеттер Тіл ісіктеріне қатерсіз болсын немесе қатерлі болсын – интубациялық наркоз беру
арқылы операция жасалады. Егер интубация назотрахеалды түтік өткізу әдісімен
жүргізілсе, операциялық әрекет айтарлықтай жеңілдейді.
Аса үлкен емес қатерсіз ісіктерді алып тастау әдетте қиындық туғызбайды.
Әруақытта тілге оның орталық сызығына барынша жақын ұзынша тілік жасалады.
Мұнымен қан кетуді азайтуға қол жеткізеді. Ісік тілдің тіндерінен ажыратып алып
тасталынады да, тілікті бірнеше терең түйінді тігістер салып жабады.
Қатерлі ісіктерге қазіргі кезде барлық жерде ісікке сәулелік терапия қолданады. Егер
қандайда болмасын ой-пікірлер туындап, бәрібір ісікті алып тастау операциясын жасау
қажет болса, онда қатты қан кетудің алдын алу мақсатында операцияны, тек ісік
жағындағы тіл артериясын байлаған соң бастайды.
Тіл артериясын мойын жақтан ашады. Ол үшін науқастың басын барынша артқа
қайырады және операция жасалатын жаққа қарама-қарсы бағытта бұрады. Мойындағы
ұйқы үшбұрышында (trigonum caroticum) тілік жасап, сыртқы ұйқы артериясын табады,
оның екінші тармағы дәл тіл артериясы болып табылады. Тамырды екі мәрте екі
лигатурамен байлап, жара өз қабаттарымен жабылады.
Аса үлкен емес ісіктерді, оның айналасынан 2см шегініңкіреп, тілдің сау тіндерінің
көлемінде сына тәрізді тілік жасап алып тастайды; жараның шетін түйінді тігістермен
тігіп жабады.
Үлкен кең тараған ісіктерді ауыз қуысы жағынан алып тастау мүмкін емес. Бұл
жағдайда операциялық жету жолын жеткілікті қылу үшін, төменгі жақсүйектің бұтағын
кесу ұсынылады. Теріге тілік жасау ауыз бұрышынан төменгі жақсүйек бұрышына дейін,
одан әрі мойында артқа қарай тіл асты сүйегі бағытында жүргізіледі. Төменгі жақсүйек
бірінші премоляр (кіші азу тіс) деңгейінде аралап кесіледі. Төменгі жақсүйектің
араланған сүйектік шетін қайырғанда, тіл түбірі мен ауыз қуысының түбіне кең жол
ашылады. Ісікті алып тастаған соң араланған төменгі жақсүйекті екі сым тігіс салу
арқылы жалғап тігеді. Жұмсақ тіндерге түйінді тігістер салады.