Жоспар: Кіріспе



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата13.04.2023
өлшемі193,16 Kb.
#81980
  1   2   3
Байланысты:
Зерттеу жұмысы



Зерттеу жұмысы 
 
 


ЖОСПАР: 
Кіріспе 
1.Буржуазиялық революция дегеніміз не?……
.3 
Негізгі бөлім 
2. Еуропадағы негізгі буржуазиялық 
революциялар 
2.1 Нидерланды…………………………………..3 
2.2 Англия….……………………………………..4 
2.3 Франция………………………………………5
Қорытынды 
3.Буржуазиялық революциялардың салдары…7 
 
 
 
 
 



1.Буржуазиялық революция дегеніміз не?
 
 
Буржуазиялық революция- 
негізгі мақсаты феодалдық 
құрылысты жойып, буржуазия өкімет билігін орнату 
арқылы буржуазия мемлекетті қалыптастыруды көздейтін 
әлеуметтік революция. Өндіргіш күштер мен өндірістік 
қатынастар 
арасындағы 
қайшылықтар 
туғызатын 
әлеуметтік революциялар кенет пайда болмайды, ол - 
қоғамның 
экономикалық 
және 
саяси 
жағынан 
эволюциялық жолмен дамуының барысында заңды түрде 
пісіп жетілетін процесс, тап күресінің жоғарғы 
сатысы.
Феодализмнен капитализмге өтердегі әлеуметтік 
революциялардың тууының шартты себебі - феодализм 
қойнауында пайда болып, өсіп жетілетін капиталистік 
өндірістік қатынастар. Феодалдық құрылыс баста бұл жаңа 
бағытқа жол бергенімен, кейін оның дамуына кең өріс 
ашпай, барған сайын оған еселеген дәрежеде тұсау салып 
тоқтатпақшы болады. 
2. Еуропадағы негізгі буржуазиялық 
революциялар 
Нидерланды
15 ғасырдың аяғы мен 16 ғасырдың басында 
Нидерландыда феодалдық қатынастар ыдырап, 
капиталистік қатынастар туа бастады. 1566 жылы 
басталып, испан үстемдігіне қарсы азаттық соғысына 
ұласып кеткен буржуазия революциясы кальвинизм туы 
астында өтті.



Солтүстік провинциялардың саяси одағы - Утрехт 
униясы Нидерландының солтүстігіндегі тәуелсіз 
республиканың заң жүзіндегі негізін қалады; 1581 
жылы Голландия мен Зеландия испан королы Филипп 
ІІ-ні ресми түрде тақтан тайдырды. 1585 жылы 
революция Нидерландының оңтүстігінде жеңіліске 
ұшырап, республика тағы да Испанияға қарсы соғыс 
алаңына айналды. Он екі жылдық уақытша бітім 
бойынша Испания Нидерланд республикасының 
тәуелсіздігін мойындады. Сөйтіп Нидерланды 
буржуазия революциясын жеңген, тарихта тұңғыш 
буржуазия республика орнаған алғашқы ел болды. Он 
шақты жыл ішінде Европаның басқа елдерін басып 
озды. Елде мануфактуралық өндіріс - тоқыма, кеме 
жасау, теңіз қатынасы, балық аулау өрістеді 
Англия
.
XVII ғасырдың 30-жылдарының соңы мен 40-
жылдарының бас кезінде Англияда революциялық жағдай 
қалыптасты. Заңсыз салықтар сауда мен өнеркәсіптің 
дамуын тежеді, халықтың жағдайының нашарлауына 
әкелді.I Яков 1625 жылы қайтыс болып, сол жылы оның 
мұрагері I Карл таққа отырды. Ол әкесінің парламент 
құқығын мойындаудан бас тартқан шексіз билік туралы 
көзқарасын жалғастырды. 
Парламент наразылық білдірушілердің талаптары 
көрсетілген құжат — «Құқық туралы петиция» 
қабылдады. I Карл парламентті таратып, он бір жыл бойы 
Англияда жеке-дара билігін жүргізді. Бірақ король 
парламенттің рұқсатынсыз жаңа салықтар енгізе алмады. 



XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Англияның 
сыртқы саясатын революциялық ахуалдың қалыптасу 
факторы ретінде қарастыруға болады. I Якоб 
басқаруының бас кезінде біріккен провинциялармен 
бәсекелестік күшейді және Испаниямен жақындасу 
басталды. Бұл -көпестер мен кеме иелерінің наразылығын 
туындатты. Шотландияда I Карлдің жеке-дара билігіне 
қарсылық ретінде көтеріліс басталды. Осы оқиғаларға 
орай I Карл парламентті шақыруға мәжбүр болды. Ол 
корольға жаңа салықтарды жинауға рұқсат бермегені 
үшін таратылып, тарихқа Қысқа парламент деген атпен 
енді. 1640 жылы королъ Ұзақ парламент деп аталған жаңа 
парламент шақырды. Буржуазиялық-ақсүйектер 
оппозициясының бағдарламасы екі құжатта: «Тамырлар 
мен бұтақтар туралы петиция» мен «Ұлы 
ремонстрациядан» өз көрінісін тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет