69
диагнозбен ауру келіп түсті. Дәрігерлік тексеру – құлақ бүртігінің алдында, төменгі
жақсүйек арты шұңқырда тығыз инфильтрат бар екендігін, ауыз саңылауының өте күшті
ассиметриясы мен оң жақ мұрын-еріндік қатпардың жазықталғандығы анықтады.
Аталған симптомдардың мүмкіндік себептерін атаңыз.
14.
Хирургиялық бөлімшеге «Менингит, қуысты синустың тромбозы» деген
диагнозбен ауру келіп түсті. Анамнезінде мұрын желбезегі аймағында фурункул болғаны
көрсетілген. Капиллярлық құрылысымен сипатталатын қуыстық синустың тромбозы
немен қауіпті? Аталған жағдайды клиникалық – анатомиялық тұрғыдан түсіндіріңіз.
15.
Автокөліктік авария нәтижесінде зардап шегушінің сол жақ бетінің бүйірлік
аймағында жыртық жара анықталды. Рентгенограмма төменгі жақсүйектің буындық
өсіндісінің мойны деңгейінде жарықшақтық сынық бар екендігін көрсетті. Жараға
хирургиялық ревизия жасау және сүйектің бос жарықшақтарын алып тастау кезінде
кенеттен жараның тереңгі түбінен өте күшті қан кету басталды. Сүйек жарықшағымен
қайсы тамыр зақымданғанын және жарадағы қан кетуді тоқтату әрекеттері қиындыққа
соқса, қандай тамырды байлау керек екендігін атаңыз.
16.
Хирургиялық бөлімге келіп түскен ауруды қарағанда мынадай өзгерістер: оң
жақ құлақ маңы-шайнау, ұрт және шамалы самай аймақтарында домбығу ісігі, ауыз
қуысы күмбезі кілегей қабығының ісінуі мен ауыспалы қатпарының жазықталуы,
жақсүйектердің шамалы қарысуы анықталды. Аталғанға диагноз қойып, оның орналасу
орнын, инфекцияның көзін және іріңдіктің таралу жолдарын атаңыз.
17.
Жас балаға «Жіті іріңді гайморит» диагнозы қойылды. Жоғарғы жақсүйек
(Гаймор) қойнауынан іріңдіктің мүмкіндік таралу жолдарын атап көрсетіңіз.
18.
Үш жасар балаға «Жіті іріңді фронтит» деп қойған дәрігердің диагнозын дұрыс
деп есептейсіз бе? Түсініктеме беріңіз.
19.
Төменгі жақсүйектің сынуынан соң, зардап шегушінің иек асты терісінің жаны
кетіп қалуы пайда болды. Сынықтың шамамен қай тұста болғанын және аталған
асқынудың себебін түсіндіріңіз.
20.
Хирургиялық бөлімшеде балаға тіл жүгеншесінің іштен туа біткен қысқалығы
себебімен операция жасалды. Жүгеншенің қысқалығын жою үшін қандай хирургиялық
әрекет қолданылады?
Достарыңызбен бөлісу: