Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі


Тіласты сүйек үсті аймағы (regio suprahyoidea)



Pdf көрінісі
бет55/77
Дата22.12.2023
өлшемі3,67 Mb.
#143037
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   77
Байланысты:
аза стан республикасы денсаулы са тау ж не леуметтік даму мин

 
Тіласты сүйек үсті аймағы (regio suprahyoidea) 
Шекарасы
. Бұл аймақ төменгі жақсүйектің қырымен және тіласты сүйегімен 
шектелген. Мұнда үш үшбұрышты ажыратады – екі (жұп) жақсүйекасты үшбұрыштар 
мен бір иекасты үшбұрыш. Соңғысы орталықта орналасқан, екі жағынан қосқарыншалы 
бұлшықеттердің алдыңғы қарыншаларымен шектелген(23-сурет). Жақсүйекасты 
үшбұрыштар – қосқарыншалы бұлшықеттердің алдыңғы және артқы қарыншаларымен
сондай-ақ біз – тіласты бұлшықетімен және төменгі жақсүйектің төменгі қырымен 
шектелген. 
Қабаттары.
Аймақтың терісі жұқа, ер адамдарда түктері бар. Төменгі жақсүйектің 
астыңғы қырынан төмендеу жердегі шелмайлық қабатта теріасты бұлшықетке 
(m.platisma) баратын бет нервінің тармақтары өтеді. Теріасты бұлшықет беткей 
фасцияның жапырақшаларымен қоршалған. Одан тереңірек екінші өзіндік фасция 
орналасқан, ол иекасты үшбұрышта қосқарыншалы бұлшықетті, оның алдыңғы 
қарыншаларын тыстайды, ал олардың арасындағы шелмайда лимфа түйіндері топтасқан, 
бұларға ауыз қуысынан, иектен, төменгі еріннен, тіл ұшынан келетін лимфа құйылады.
Бұл лимфа түйіншектері қабыну процестерінде, сондай-ақ мерез, иммундық 
жетіспеушілік синдромында, тіл және төменгі еріннің обыры сияқты дерттер кезінде 
ісініп үлкейеді. Аймақтың ең тереңгі қабатында ауыз қуысының түбін шектеп тұратын 
m.mylohyoideus, m.geniohyoideus, m. genioglossus бұлшықеттері жатады, ал одан соң 
шелмай қабат пен ауыз қуысының кілегейлі қабаты орналасқан. 
Мойынның (екінші) өзіндік фасциясының астында еркін тұйық қапшық ішіндегідей 
жақасты сілекей безі, шелмай қабаты, қантамырлар, нервтер және лимфа түйіндері 
жатады. Бұл без (glandula submandibularis) тығызданған фасция арқылы құлақ маңы 
безінен (glandula parotis) бөлініп тұрады. Жақасты сілекей безі өзінің жоғары-сыртқы 
бөлімімен төменгі жақсүйектің сүйектік қабығына жанасып жатады. Оның алдыңғы-
жоғарғы бөлімінен ұзындығы 5 см бездік түтігі (cluctus submandiburalis) шығады. Түтік 
бездің медиалды жағымен өтіп, алға қарай бағытталады да, тілдің астындағы 
жүгеншесіне жетіп, оның емізікшесінде ашылады. Дәрігерлер кейбір кезде бездің 
түтіктерінде жиналатын тығыз затты («сілекей тастарын») бақылайды. Түтіктен шамалы 
жоғары тіл нерві, төменірек тіл венасы орналасқан. 
Безге сырт жағынан бет венасы жанасады, ол одан әрі ішкі мойындырық венасына 
құйылады. Бездің ішкі жағында – бет артериясы өтеді, ол бездің тіндік затының ішімен 
жүреді де, одан шығып, төменгі жақсүйектің төменгі қырынан иіліп бетке қарай 
бағытталады. 


88 
Жақсүйекасты үшбұрышта тағы бір-үшбұрышты (Пирогов) ажыратады, мұнда тіл 
артериясы проекцияланады. Осы жерде тіл артериясын байлап, тілден қан кетуді 
тоқтатуға болады. Үшбұрыштың шекаралары: жоғарыдан – тіласты нерві, төменнен – 
қосқарыншалы бұлшықеттік аралық сіңірі, алдынан – m.mylohyoideus (бос шеті). 
Үшбұрыштың түбін m.hyoglossus құрайды, оның жоғарғы бетінде тіл венасы орналасқан, 
ал тіл артериясына бұлшықеттің астында өтеді. Демек, бұл артерияны ашу үшін 
үшбұрыштың түбіндегі бұлшықетті (m.hyoglossus) тарамдап аршу керек. Не болмаса, тіл 
артериясын (a.lingualis) оның сыртқы ұйқы артериясынан бөлініп шығатын жерінде, 
тіласты сүйегінің үлкен мүйізшесі тұсында байлауға болады. Қан кетуді тоқтату бұл 
жерден байлағанда өте нәтижелі болады, себебі Пирогов үшбұрышына дейінгі тіл 
артериясының барлық тармақтары байланғандай нәтиже береді. 


89 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет