Үтір және қойылатын орындары



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата01.12.2022
өлшемі132,57 Kb.
#54217
  1   2


ҮТІР ЖӘНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ОРЫНДАРЫ 
 
Үтір тыныс белгілердің ішіндегі ең жиі қолданылатын тыныс белгі 
екендігі. Үтірдің сөйлемнің құрылысына, мағынасына байланысты 
қолданылатьгны 
Бірыңғай 
мүшелер 
арасында 
қойылатын 
үтір. 
Жалғаулықсыз байланысқан бірыңғай мүшелер арасында үтір қойылатыны. 
Бірыңғай мүшелер арасындағы мен, бен, ә; і, да, де, не, я, немесе, әлде, бірде, 
біресе, кейде жалғаулықтары екі немесе одан да көп қайталанса бірыңғай 
мүшелердің үтірмен ажыратылатыны. Да шылауы әрбір бірыңғай 
мүшелерден кейін қайталанып келгенде, одан соң үтір қойылады т.б. 
Бірыңгай мүшелердің арасына үтірдің койылатьш реттері. Мен, бен, пен, я, 
яки, әрі, немесе, әлде, болмаса деген жалғаулықтар бірыңғай мүшелер 
арасында қайталанбай бір рет келетін болса, үтір қойылатыны, бірыңғай 
мүшелердің арасында әртүрлі жалғаулықтар келетін болса, бірыңғай 
мүшелер арасында үтір қойылатыны. 
Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір. Қаратпа сөздерге 
байланысты қойылатын үтір негізінен интонацияға катысты. Сөйлем 
құрамындағы қаратпа сөз көтеріңкі дауыспен айтылатын болса, леп белгісі 
қойылады да, ал жай баяу дауыспен айтылатын болса, үтір қойылатыны. 
Қаратпа сөздің сөйлемде орналасуына қарай үтірдің орны да өзгеріп 
тұратыны. Бірыңғай қаратпа сөздер де іштей үтір арқылы ажыратылатыны. 
Қаратпа сөздер мен одағай сөздер қатар келгенде олардың іштей үтір арқылы 
ажыратылатыны. 
Қыстырма сөздерге байланысты қойылатын үтір. Аламның түрліше сезімін 
білдіретін амал қанша, несін айтасыз, бәсе, әрине, рас, сірә, тегінде, асылы, 
бәлкім, шамасы, айтпақшы, мүмкін, бақытымызға қарай, соры қайнағанда, 
тәрізлі қыстырма сөздер мен сөз тіркестері сөйлемнің өзге мүшелерінен үтір 
арқылы ажыратылатыны. 
Айтылған ойдың кімнің тарапынан шыққанын білдіретін, жұрт 
айтқанда, оның айтуынша, менің айтуымша, бпдіцшс, ссніише, сіздіңше, 
оларша, оның ойынша, әлі есімдс, шынымды айтсам, ұмытпасам сияқты 
қыстырма сөздерден, сөйлемдегі өзге мүшелерден үтірмен ажыратылатыны. 
Одағайларға байланысты қойылатын үтір. 
Қаратпа, қыстырма сөздер тәрізді одлғайлар да сөйлем құрамындағы 
өзге мүшелермен синтаксистік байланысқа түспейтіндіктен, тыныс 
белгісімен ажыратылатыны. 
Жай қалыпты дауыспен айтылған одағайлар хабарлы сойлем 
құрамында қолданылғанда үтірмен ажыратылатыны. Құрамында одағай 
сөздері бар сұраулы, лепті сөйлемдсрдің сұраулық, лептілік мағынасы одағай 
сөздерге ғана қатысты болмай, бүкіл сөйлемге қатысты болса, одағай сөздер 
үтір арқылы ажыратылады да, сөйлем соңынан мағыналық ерекшелігіне 
қарай не леп белгісі не сұрау белгісі қойылатыны. Екі одағай қатар келсе. бір-
бірінен үтір арқылы ажыратылатыны. 
Оңашаланған мүшелерге байланысты қойылатын үтір. Оңашаланған 
мүшелер сөйлем құрамыңдагы өзге мүшелерден үтір немесе сызықша 


арқылы ажыратылатыны. Әсіресе, тіпті, көбінссе, яғни, атап айтқанда, оның 
ішінде тәрізді мағынаны күшейте түсетін сөздер оңашаланған мүшенін 
алдынан келсе, үтір аталған сөздерден соң қойылмай, оңашаланған 
мүшелерден кейін бір-ақ қойылатыны. 
Бірін бірі айқындайтын оңашаланған мүшелер бірінен бірі үтір арқылы 
ажыратылатыны. 
Егер оңашаланған мүшелердің құрамында бірыңғай мүшелер келсе, 
тыныс белгілері қабаттасып кетпеуі үшін бірыңғай мүшелердің арасына үтір, 
ал оңашаланған мүшенің сызықшамен ажыратылатыны. 
Салалас құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын үтір. Салалас 
құрмаластағы жай сөйлемдер жалғаулықсыз байланысса үтір арқылы 
ажыратылатындығы. Салаластың жай сойлсмдері бірақ, алайда, әйтпесе, 
дегенмсн, ал, сонда да, сөйтсе де. сондықтан, себебі, өйткені, сол себепті 
деген жалғаулықтардың бірі арқылы байланысса, үтір жалғаулықтардың 
алдынан қойылатыны. Я, яки, немесе, әрі, біресе, бірде, әлде, кей-кейде, құй, 
мейлі, әйтеуір деген жалғаулықтардың бірі арқылы байланысқан жай 
сөйлемдер үтір арқылы ажыратылатыны. Салаластың алғашқы жай сөйлемі 
емес көмекші етістігіне аяқталатын болса үтір қойылатыны. 
Сабақтас және аралас құрмалас сөйлемдергс байланысты қойылатын 
үтір. 
Үтірмен сөйлемдегі қаратпа сөздер, қаратпа сөз тізбектері бөлінеді. 
Нақтылы біреуге арналмаған, жалпылық-белгісіздік мағынасы бар 
сөздер мен сөз тізбектері де үтірмен бөлінеді. 
Сөйлемдегі қыстырма сөздер, сөз тізбектері және сөйлемдер үтірмен 
бөлінеді. 
Үтірмен сөйлемдегі одағайлар бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет