94
бөлінеді – біріншісінде үшеу, екінші және үшінші бөлімінде – біреуден.
Бұғанаасты артериясының (a.subclavia) 1-бөлімдегі тармақтары: 1)омыртқалық
артерия (a.vertebralis); 2) қалқанша-мойын сабауы (trancus thyreocervicalis); 3)
кеуденің
ішкі артериясы (a.thoracica interna).
Артерияның екінші бөлімі сатыаралық саңылау ішінде жатады, бұл жерде одан бір
тармақ: қабырға – мойындық сабау (truncus costocervicalis) бөлінеді, ол артқа қарай жүріп
бірінші қабырғаның мойны тұсында мойынның артқы бұлшықеттерін және
жоғарғы екі
қабырға аралық пен жұлынды қанмен жабдықтайды.
Үшінші бөлімі жауырын – бұғаналық үшбұрышта өтеді, мұнда бұғанаасты
артериясы бір тармақ: мойынның көлденең артериясын (a.transversa colli) береді. Бұл
артерия
иық нерв өрімін тесіп өтеді, немесе оның үстімен жүріп, одан әрі иық өрімі
сабауларының
арасында орналасып, жауырын қылқанының медиалды ұшы деңгейінде
өзінің екі үлкен бұтағына бөлінеді: ramus superficialis және ramus profundus. Бұл бұтақтар
мойынның, жауырынның және арқаның артқы бұлшықеттерін
қанмен жабдықтайды,
сондай-ақ, қолтықасты артериясының тамырларына анастомоздар беріп,
жауырын
артериялық шеңберінің пайда болуына қатынасады.
Достарыңызбен бөлісу: