Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі


Микротрахеостомия және ларинготомия



Pdf көрінісі
бет71/77
Дата22.12.2023
өлшемі3,67 Mb.
#143037
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   77
Байланысты:
аза стан республикасы денсаулы са тау ж не леуметтік даму мин

Микротрахеостомия және ларинготомия 
Қалқанша –сақиналық жарғақ (конустық байлам) арқылы көмей мен кеңірдек 
қуыстарына пункция жасау көптеген жылдар көлемінде қақырық алу үшін, бронхоскопия 
немесе интубация алдында жергілікті анестетиктер енгізу мақсатында қолданылып 
келген. Ең алғаш Jacoby (1952ж) және көптеген басқалар тері арқылы транстрахеалды 
интубация кезінде оксигенациялау үшін, сондай-ақ бетінде, ауыз қуысында
жұтқыншақта 
жарақаттары 
бар, 
көмейде 
патологиясы 
бар 
науқастарға 
микроларингеалды операциялар кезінде кездесетін ұзаққа созылған ларингоспазм 


107 
жағдайында өкпені ауамен желдету үшін қолдануды ұсынған. Пункциялық 
микротрахеостомия атравматикалық және тез әрі оңай орындалатын әрекет болып 
табылады, сондай-ақ интубация орнына әрі ауруханалардан тыс жағдайларда жасауға 
болады. 
Әдістемесі. Арқасына жатқызылған және басы шалқайтылған науқастың мойнын 
саусақпен сипап, қалқанша және сақина тәрізді шеміршектердің орналасуын анықтайды. 
Канюлямен жабдықталған жуан ине көмегімен (№14 немесе 16) конус тәрізді байламды 
тесіп, кеңірдекке пункция жасайды, бұл сәтте иненің ұшы төмен қарай кеңірдектің 
бифуркациясына бағытталуын мұқият қадағалау қажет. Иненің кеңірдек ішінде дұрыс 
орналасқандығын шприцпен (ішінде физиологиялық ерітінді болса тіпті жақсы) ауа 
тарту арқылы тексеруге болады. Кеңірдек тіндерін инемен жарақаттап алмау 
мақсатында, инені кеңірдекке кіргізген бетте бір орнында (деңгейде) ұстап, әрі қарай тек 
канюляны жылжытады. Осыдан соң инені алып тастап, канюляны тігіс жасау немесе 
жалпақ жіп көмегімен бекітіп, жоғарғы қысыммен оттегі беретін қондырғыға жалғайды. 
Бұл өкпеге ауа беруді қамтамасыз етеді. Сонымен, жас дәрігер – анестезиолог үшін 
кеңірдекке интубация жасамас бұрын жергілікті анестезия әдістерінің ең ұтымды және 
қауіпсіз түрі конус тәрізді байлам анестетик ендіру болып табылады, одан соң 
микротрахеостомия жасап, сол арқылы кеңірдекке антибиотиктер және басқа дәрі-
дәрмек түрлерін құюға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет