Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі



Pdf көрінісі
бет69/77
Дата22.12.2023
өлшемі3,67 Mb.
#143037
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   77
Байланысты:
аза стан республикасы денсаулы са тау ж не леуметтік даму мин

 
29-сурет. Трахеястомия операциясы 
Кеңірдекке тілік жасаған сәтте ішіне ауа кіреді де, оның кілегейлі қабығын 
тітіркендіре келе қатты жөтел тудырады, оны басу үшін кеңірдек ішіне пипетка арқылы 
5-7 тамшы дикаин тамызады. Жара ішінен кілегей, жарғақ бөлінділері шашырап шығады. 
Аталған бөлінділер опреацияның жараға түспеу үшін кеңірдекке тілік жасар алдында 
жараның бетін дәкелік материалмен жауып қояды. Жөтел соңынан тыныс алу паузасы 
(апноэ) іске қосылады, осы сәтте кеңірдектің тілігіне Труссо немесе Лобард кеңейткішін 
ендіреді де, біртісті ілмектерді алып тастайды. Кеңірдек қуысына кеңейткіш бранштары 
арасымен айналмалы қозғалыспен канюла кіргізеді. Канюляны ендірудің кезекті үш 
сатысы бар: 1) кеңейткішті бір қолмен ұстап, кеңірдек тілігін ептеп кеңейтеді де, екінші 
қолмен канюляның қалқаншасын сагиталды кеңістікке сәйкес ұстап, кеңірдек тілігіне 
айналмалы қозғалыспен канюляны кіргізеді; 2) канюляны кеңірдек ішіне тереңдете келе, 
кеңейткіштерді алып, канюляның қалқаншасын фронталды кеңістікке сәйкестеп бұрады 
да, канюляны оның қалқаншасы жара шетіне жанасқанға дейін тереңдетеді; 3) жараға 
гемостаз жасап, жараны қабаттарына сәйкес тігеді. Канюляны дәкелік жолақтармен оның 
қалқаншасына бекітіп, науқастың мойнына айналдыра артына байлап қояды. Тігіс 
жасалған сызық бойымен орналасатын таңғыш бірнеше қабат дәкеден болуы қажет және 
физиологиялық ерітіндімен ылғалданып тұруы керек. Таңғыш канюляның алдыңғы 
бетіне бекітіліп тігіледі, бұл ішке қарай демалғанда ауаның сүзіліп, ылғалдануына себеп 
болады. Канюляның ішкі түтігін мезгіл-мезгіл шығарып, шырыш т.б. бөлінділерден 
тазартып, стерализация жасап отырады немесе жаңа ішкі түтікпен ауыстырады.


106 
Кейбір оташылар кеңірдекке ұзынша тілік емес, В.И. Вояген тәсілімен кеңірдектің 
сақиналары арасымен көлденең тілік жасайды. Бірақ мұндай тілік жасағаннан кейін
кеңірдектің тесігі үстінде тыртық қалуы мүмкін, кейбір жағдайда кеңірдек 
сақиналарының некрозына әкеп соғуы ықтимал. Мұндай асқынулардан сақтану үшін 
кеңірдекті тесік түрінде ашу (фенестрация) тәсілі ұсынылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет