Қазақстанның қазіргі заман тарихы
«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» курсыныңпәні, мақсаты және оның міндеттері. Қазіргі кездегі «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні туралы түсінік. Тарих, жеке тұлға, мемлекет. Тарих және өркенит. Отан тарихының қызметі мен қағидаттары. Қазақстанның қазіргі заман тарихы дүниежүзілік тарих контекстінде. Ұлттық тарихтың құндылықтары. «Қазақстан Республикасында тарихи сананың қалыптасутұжырымдамасы» (1995жыл). Бүгінгі Қазақстанның тарихын кезеңдерге бөлу. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын зерттеудің негізгі әдістері. Отан тарихын зерттеудегі жаңа концептуалдық ұстанымдар. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша деректер мен әдебиеттер. Отан тарихын зерттеудің ерекшеліктері. Қазіргі замандағы Қазақстанның бүгінгі таңдағы ұлттық тарихының проблемаларын өзектендіру.
3
Философия
Мәдениет контекстіндегі философиянын тарихи үлгілері. Ежелгі үнді философиясы шығыс мәдениетінің феномені ретінде. Қытай мәдениетінің гулдену кезіндегі ежелгі Қытай философиясы. Көне мәдениетіндегі философия. Орта ғасырлық мәдениеттегі философия феномені. Ислам мәдениеті контекстіндегі араб-мұсылман философиясы. Батыс еуропа орта ғасырлық мәдениетіндегі философия және дін феномені. Ренессанс және реформация мәдениетіндегі философия. Жаңа Заман мәдениетіндегі Батыс Еуропа философиясы. 20 ғасырдың екінші жартысындағы мәдениеттегі Батыс Еуропа философиясы. Орыс философиясы 19-20 ғасырдағы ресей мәдениетінің феномені ретінде. Қазақ мәдениетіндегі философия феномені. 20 ғасыр мәдениетіндегі Кеңес философиясы. 21 ғасырдың алдындағы 20 ғасырдың мәдениеті контекстіндегі батыс философиясы. Тұрмыс философиясы. Философиялык антропология. Әлеуметтік философия. Мәдениет философиясы. Махаббат философиясы. Дін философиясы. Тарих философиясы. Білім философиясы. Диалектика теориясының проблемалары. Эпистемология. Жаһандық проблемалар философиясы.
3
Шет тілі
Оқылатын шет тілінің фонетикалық, орфографиялық, лексикалық және грамматикалық нормалары. Фонетика: шет тілінің айту және ырғақты интонациялық ерекшеліктері, сөйлеудің дыбыстық жүйесінің рецепциясы және репродукциясы. Орфография: тілдің дыбыстық-әріптік жүйесі, негізгі орфографиялық қағидалар. Лексика: сөз құрау үлгілері; базалық тілдің 2500 бірлігі көлеміндегі, сондай-ақ мамандық бейініне сәйкес келетін терминдердің лексикалық минимумы; қолдану салалары бойынша лексикалық екшеленуі. Грамматика: сөйлеудің негізгі бөліктері – зат есім, сын есім, үстеу, етістік, артикль, есімдік, демеулік жай және күрделі сөйлемнің құрылымы; сөз құрастырудың негізгі үлгілері. Оқу: танысу, іздену, зерделеу және қарап шығып оқу дағдыларын қалыптастыру. Сөйлеу: оқылатын тақырыптар шегінде диалогтық және монологтық сөйлеу дағдылары. Жазу: жеке және іскери сипаттағы шығармалар мен хаттарды жазу кезінде ақпараттарды біртіндеп жазу дағдыларын дамыту. Мамандық бойынша тілдік нормаларға сәйкес мәтіндерді шет тілінен қазақ (орыс) тіліне аудару. Аудирлеу: тұрмыстық, ақпараттық, және кәсіптік сипаттағы хабарламаларды естіп қабылдау.
6
Қазақ (орыс) тілі
Қазіргі қазақ (орыс) тілінің фонетикалық, орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалары. Лексикологияның, фразеологияның, морфологияның, синтаксистің негізгі түсініктері. Сөйлем деңгейінде: жай және күрделі сөйлем құрылымындағы субъектілі баяндауышты қатынастар, жай, салалас құрмалас, бағыныңқы құрмалас сөйлемдердегі объектілі, анықтауыш, пысықтауыш сөйлемшелер. Жалғаулықсыз сөйлемдегі салалас және бағыныңқы қатынастарды сөйлемшелер. Мәтін деңгейінде: мәтіндердің құрылымы және әртүрлі үлгілерінің байланысу құралы, қазіргі қазақ тілінің әртүрлі стильдерінің ерекшеліктері (публицистік, көркем, ресми-іскерлік), сөйлеудің ғылыми стилінің ерекшеліктері: ғылыми баяндаманың, рецензияның, аннотацияның, резюменің құрылымы. Сөйлеу қызметінің деңгейінде: мәтіннің мазмұнын оқу, түсіндіру, компрессия, айту. Рефераттардың, резюмелердің, аннотациялардың, рецензиялардың әртүрлі үлгідегі жоспарын дайындау және жазу. Монологтардың, диалогтардың, полилогтардың, сөйлеу мәдениетінің әртүрлі үлгілерін құрастыру.
6
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Есептік жүйелердің архитектурасы. Компьютерлік архитектураның дамуы. Жоғары өндіруші есептік жүйелер. Мобилді тұғырнаманың шолуы. Операциялық жүйелерге кіріспе. Заманауи қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыруға шолу. Ақпаратты өңдеу құралдары. Кестелік процессорлар. Графикалық редакторлар. Ақпараттар базасын басқару жүйесі (бұдан әрі – АББЖ). АББЖ анықтамасы және функциясы. АББЖ негізгі архитектуралық шешімі. АББЖ ақпараттар моделдері. Динамикалық және статикалық парақтар. Адам-машина қарым-қатынасы. Қолданушылық интерфейс. Жүйелік технологиялар және телекоммуникация. Ақпараттық қауіпсіздік және оның жіктеуіші. Ақпараттың қауіпсіздік кауіпі және оның жіктеуіші. Ақпаратты қорғау шаралары мен құралдары. Кәсіби саладағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Ақпараттық ресурстардың қорғалуы. Ақпараттық жүйелер. Мультимедиялық технологиялар. 3D дизайн. Мультимедияның негізгі түсініктері. Индустриалды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Компоненттер мен жүйелердің жаңа буыны. Алдыңғы қатарлы бағдарламалау. Электрондық үкімет. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Электрондық білім беру. Smart технологиялар. Жасанды интеллект жүйесінің даму перспективалары. Робототехника. Ақылды үй, ақылды қала. Smart Board құралдары. Сурет салу инструменттері. Мәтін үшін құралдар.
Кәсіби бағдарланған шет тілі
Кәсіби бағдарланған шет тілінде мамандықтың пәндік саласына кіріспе. Кәсіби бағдарланған шет тілі адами қызметтің белгілі бір саласына (мамандық ерекшелігін есепке алғанда) қызмет ететін пәндік феномен сияқты. Пәндік-тілдік материалды меңгеруді қалыптастыру негіздері. Шет тілдік мәндегі базалық санаттық-ұғымдық аппарат. Кәсіби шет тілі терминологиясы. Арнайы кәсіби бағдарланған материал және оны берілген кәсіби жағдаяттарда пайдалану. Мамандық бойынша пәндік сала мазмұнының шет тілдегі сипаттамасы. Кәсіби құзырет: шет тіліндегі мәтіндерге бағдарлану, кәсіптік мазмұнда монологтық пікір айту және т.б. Кәсіби бағдарланған шет тілінің пәндерімен байланысы. Кәсіби бағдарланған шет тілін трансформациялау және саралау.
2
Кәсіптік қазақ (орыс) тілдері
Кәсіби қазақ (орыс) терминологиясы. Арнайы кәсіби бағдарланған материал және оны берілген кәсіби бағдарланған жағдайларда пайдалану. Мамандық бойынша пәндік сала мазмұнының қазақ (орыс) тілдеріндегі сипаттамасы. Кәсіби құзырет: қазақ (орыс) тілдеріндегі мәтіндерге бағдарлану. Кәсіби бағдарланған қазақ (орыс) тілдерінің бейінді пәндермен байланысы.
2
Органикалық химия
Органикалық қосылыстардың жіктелуі, номенклатурасы, құрылымдық изомериясы. Химиялық байланыс және органикалық қосылыстардың молекулаларындағы атомдардың өзара әсері. Органикалық қосылыстардың кеңістік құрылысы. Органикалық қосылыстардың қышқылдық және негіздік қасиеттері. Алкандар. Циклоалкандар. Алкендер, диендер, алкиндер. Моноядролы арендер. Конденсирленген арендер. Галогенкөмірсутектер. Көмірсутектердің гидрокситуындылары және олардың тиоаналогтары. Жай эфирлер және сульфидтер. Аминдер. Диазо қосылыстар. Азобояғыштар. Альдегидтер және кетондар. Карбон қышқылдары. Карбон қышқылдарының функционалдық туындылары. Дикарбон қышқылы. Көмір қышқылының туындылары. Гетерофункционалды органикалық қосылыстар. Галоген-, гидрокси- және оксоқышқылдар. Аминоқышқылдар, пептиндер, ақуыздар. Моносахаридтер. Олигосахаридтер және полисахаридтер. Бір және екі гетероатомдары бар алты мүшелі гетероциклдер. Конденсирленген гетероциклдер. Алкалоидтар. Липидтер. Сабындалатын липидтер. Триацилглицеридтер, фосфоглицеридтер. Сабындалмайтын липидтер. Терпеноидтер. Стероидтер.
3
Таңдамалық химия
Сапалық және сандық талдау әдістердің теориялық негіздері. Заттарды анықтаудың әдістері мен қағидаттары. Катиондар мен аниондардың жіктелуі. Катиондар мен аниондардың сапалы талдауы. Аналитикалық химиядағы электролит ерітінділерінің теориясы. Аналитикалық химиядағы иондық тепе-теңдіктердің (қышқылдық-негіздік, тотығу-тотықсыздану, гетерогендік және кешенді нометрлік) әртүрлі үлгілеріне әрекет ететін массалар заңын қолдану. Сапалық талдауда органикалық реагенттерді қолданудың теориялық негіздері. Бөлу, бөліп шығару және концентрациялау әдістері. Үлгіні талдауға дайындау. Сандық талдау. Гравиметриялық талдау. Титриметриялық талдау. Қышқылдық-негіздік титрлеу, тотығуды-тотықсыздануды титрлеу, тұндыру және комплексонометриялық титрлеу. Талдаудың аспаптық әдістері (оптикалық, электрохимиялық, хроматографиялық).
3
Ботаника
Ботаника пәні. Ботаниканың бөлімдері. Өсімдіктер – жер бетіндегі тіршілік көзі. Биосфера. Табиғаттағы заттардың айналымы. Ботаниканың фармация үшін мәні. Республикамыздың әртүрлі өңірлеріндегі флораны зерттеудегі қазақстандық ботаник-ғалымдардың үлесі. Өсімдік ағзасының тіршілігі мен құрылысының негізгі құрылымы. Жасуша туралы ілім. Цитология негіздері. Өсімдіктердің физиологиясы мен анатомиясы. Өсімдік ұлпалары, олардың құрылысы мен қызметі. Өсімдіктің вегетативтік мүшелері, олардың құрылысы мен қызметі. Өсімдіктің морфологиялық топтары. Өсімдіктің өсуі, дамуы және көбеюі. Өсімдіктердің жүйесі. Төменгі сатыдағы өсімдіктер. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Споралылар. Архегониалдылар. Жабық тұқымдыларды жүйелік шолу. Қосжарнақтылар класы. Даражарнақтылар класы. Өсімдіктер географиясының негіздері.
2
Фармакология
Фармакологияның мазмұны, пәні, зерттеу əдістері. Фармакологияның басқа пəндермен байланысы. Жалпы рецептура. сұйық, жұмсақ, қатты дəрілік нысандарды жазып беру тəртібі. Жалпы фармакология. Дəрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары. Нерв жүйенің перифериялық бөліміне əсер ететін заттар. Эфференттік иннервацияға əсер ететін заттар. Орталық нерв жүйесі əсер ететін заттар. Аналгетикалық заттар. Қабынуға қарсы жəне аллергияға қарсы заттар. Химиотерапиялық заттар, Бактерияға қарсы заттар, Туберкулезге қарсы, спирохетозға қарсы, зеңге қарсы, вирусқа қарсы, протозойға қарсы жəне ішек құртқа қарсы заттар. Тірек-қимыл, тыныс алу, жүрек-қантамыры, ас қорыту, зəр шығару, эндокринді жүйе, қан жүйесі қызметтеріне əсер ететін дəрілік заттар.
4
Дәрілік заттарды талдау және зерттеудің жалпы әдістері
Дәрілік заттардың сапасын реттейтін мемлекеттік қағидаттар мен жағдайлар. Фармацевтикалық талдау. Фармацевтикалық талдаудың жалпы қағидаттары. Бейорганикалық және органикалық дәрілік заттарды (жеке және үйлестірілген дәрілердің құрамында бар) зерттеудің жалпы әдістері мен тәсілдері. Дәрілік заттардың құрамындағы бөгде заттарды анықтаудың (тазалығына жүргізілетін сынақ) жалпы фармакопеялық жағдайлары. Дәрілік заттарды талдаудың сандық әдістерін біріздендіру. Биологиялық сұйықтықтарда дәрілік заттарға талдау жүргізудің ерекшеліктері. Бейорганикалық дәрілік заттарды талдау. Алифатикалық, циклдық және алициклдық қосындыларды талдау: галогенді- және оттегі құрамды алкан қосындылары, туынды дитиокарбон қышқылдары, беталактамидтер (цефалос-пориндер, табиғи және жартылай синтетикалық пенициллиндер), аминді гликозидтер, макролидтер және азалидтер, терпендер, статиндер, туынды адамантандар, туынды циклопентанпергидрофенантрен (стероидты қосындылар).
2
Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру
Халыққа медициналық жəне дəрі-дəрмектік көмекті ұйымдастырудың негізгі қағидаттары. Рецептерді қабылдау және дәрілерді босату бойынша жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі. Дәрілерді дайындауды, ресімдеу мен босатуды, дәріханаішілік сапаны бақылауды ұйымдастырудың қағидалары мен қағидаттары. Фармацевтикалық этика мен деонтологияның қағидалары мен қағидаттары.
2
Токсикологиялық химия
Токсикологиялық химия пәні және мазмұны. Токсикологиялық химияның негізгі бөлімдері және химиялық-токсикологиялық талдаудың (бұдан әрі – ХТТ) ерекшеліктері. Сот-химиялық сараптаманың құқықтық және әдістемелік негіздері. Адам организмінде улы затардың болуымен химиялық-токсикологиялық талдаудың өзара байланысы, оларды биологиялық объектілерден алу және алудың химиялық-токсикологиялық зерттеу әдістері. Дистилляциямен, минералдаумен, дала ерітінділерінің экстракциясымен, су экстракциясымен («ұшатын улар», «дәрілік улар», пестицидтер және басқалары) оқшауланатын заттар тобы. Жіті интоксикациялық зертханалық экспресс-диагностикасы клиникалық токсикология бөлімдерінің, негізгі бөлімдері мен міндеттерінің бірі ретінде. Жіті уланулар диагностикасындағы ХТТ. Жіті алкогольді интоксикация. Дәрілік препарттармен улану. Есірткі және басқа да бас айналдырар заттар мен басқа да токсиканттардың талдамалық диагностикасы.
4
ЖОО компоненті
66
Бейіндік пәндер (БП)
43
Міндетті компонент
16
Дәрілік заттардың өндіріс технологиясы
Дәрілер технологиясының жалпы мәселелері. Дәрілер технологиясы ғылыми пән ретінде. Дәрілер технологиясының дамуы туралы тарихи мәліметтер. Биофармация жалпы мәліметтер және оның дәрілер технологиясының теориясы мен практикасы үшін мәні. Дәрілік препараттарды мемлекеттік нормалау. Дәрілік заттар. Дәрілік нысандардың жіктемесі. Дәріханалық практикада қолданылатын ыдыс және тығын материалдары. Дәрілердің дәріханалық өндірісіндегі масса және көлем бойынша өлшеу. Дәріханалық өндірістегі дәрілік препараттардың технологиялық процестерінің механизация заттары. Дәрілік препараттар технологиясы. Қатты дәрілік нысандар. Сұйық дәрілік нысандар. Жұмсақ дәрілік нысандар. Зарарсыздандырған және асептикалық дайындалатын дәрілік нысандар. Дәрілік заттардың қиын және келіспейтін үйлесімдіктер. Арнайы мақсаттағы дәрілік препараттар.
4
Фармакогнозия
Дәрілік өсімдіктер, олардың ботаникалық белгілері. Дәрілік өсімдіктердің және дәрілік өсімдік шикізаттарының (құрамындағы биологиялық белсенді заттар бойынша) номенклатурасы. Фармакогнозияның дамудың заманауи кезеңіндегі міндеттері. Дәрілік өсімдік шикізаттарын фармакогностикалық талдау әдістері. Құрамында терпеноидтар, дәрумендер, гликозидтер, алкалоидтар және басқа да биологиялық белсенді заттары бар әртүрлі морфологиялық топтағы дәрілік өсімдік шикізаттарын дайындау, макро-, микроскопиялық, тауарлық талдау жүргізу туралы жалпы ұғымдар. Жинауды, кептіруді, қайта өндеуді ұйымдастыру. Дәрілік өсімдік шикізаттарын стандарттау. Дәрілік өсімдік шикізатына арналған нормативтік құжаттаманы әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі. Құрамында полисахаридтер, майлар, дәрумендер, терпеноидтар, алкалоидтар, ащылар, жүрек гликозидтері, сапониндер, фенол қосылыстары, флавоноидтар, дубильді заттар, кумариндер, хромондар, антрацентуындылар бар дәрілік өсімдік және шикізат. Дәрілік ресурстану. Картографиялық және басқа да материалдарды дайындау. Ресурстық зерттеулер: өсу аймағын табу, картирлеу, қорларын анықтау.
4
Фармацевтикалық химия
Табиғи биологиялық белсенді қосылыстары және гетероцикл қатарындағы дәрілік препараттар. Гетероциклді қосылыстардан өндірілген дәрілік препараттардың фармацевтикалық талдауының ерекшеліктері. Табиғи көздер және синтез тәсілдері. Гетероцикл қатарындағы дәрілік заттарды талдаудың, жиілік бақылаудың және сандық құрамының фармакопеялық және бейформакопеялық әдістер. Гетероциклді қосылыстардан өндірілген дәрілік заттардың жіктемесі. Құрамында қышқыл бар гитероциклдер (фураннан және 5-нитфруннан өндірілгендер, бензопираннан өндірілгендер: кумариндер, хроманды және фенилхроманды қосылыстар). Құрамында азот бар гетероциклдер (пирролдан, индолдан, иохимбаннан, лизергин қышқылынан, пиразолдан, имидазолдан өндірілгендер), пиридиннен өндірілгендер (пиридинметанолдан өндірілгендер), пиридин-3 карбонды және пиридин-4 карбонды қышқылдарынан өндірілгендер, тропаннан өндірілгендер, хинолиннен және хинуклидинен өндірілгендер, аралас 4 хинолиннен өндірілгендер, аралас 8 хинолиннен өндірілгендер, изохинолиннен өндірілгендер, пиримидиннен өндірілгендер, пиримидинді-тиазолдан өндірілгендер, пуриннен өндірілгендер, птеридиннен өндірілгендер, изоаллоксазиннен өндірілгендер, фенотиазиннен алкилөндірілгендер, 1,4-бензодиазепиннен өндірілгендер.
4
Фармацияны басқару және экономикасы
Қазақстан Республикасында фармацияны басқару органдары. Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастырудың негізгі қағидаттары. Фармакопеялық және фармакологиялық комитеттер. Фармацевтикалық қызметті лицензиялау. Дәрілік заттарды және медициналық (санитариялық) мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар арқылы әкелуді және әкетуді лицензиялау. Фармацевтикалық ұйымдардың қызметін және дәрілік заттардың сапасын реттейтін негізгі қолданыстағы бұйрықтар мен нормативтік актілер. Фармацевтикалық ұйымдар мен кәсіпорындарды (дәріханаларды, дәріханалық пункттерді, дүңгіршектерді, көтерме-бөлшек сауда фирмаларын) ұйымдастыру мен басқару процестерінің элементтері. Фармацевтикалық субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметін есепке алу және есептілік, талдау.
4
ЖОО компоненті
27
Барлығы
161
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы «____»____________
№ _______ бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрінің міндетін атқарушының
31 шілде 2015 жыл № 647 бұйрығына
3-қосымша