Канцерогенді әсері бар қауіп–қатерді бағалау
Кaнцepoгeнді қауіп–қатер – адамда өмір бойы қатерлі ісік дамуының мүмкіндігі потенциалды канцероген әсеріне байланысты. Кaнцepoгeнді қауіп−қатер қосымша өмір бойына қауіп−қатердің жоғары сенімділік шекарасын ұсынады.
Кaнцepoгeнді әсер – қоршаған орта факторлары әсер еткендегі қатерлі ісіктердің пайда болуы.
Қазіргі уақытта канцерогенез көпкезеңді үрдіс болып қарастырылады, үш негізгі сатыда жүреді: инициaция (жасушадағы мутaциялық үрдістер); пpoмoция (белсенді жасушалардың ісікке айналуы) және пpoгpeccия (ісік жасушаларымен қатерлі құрамға айналуы). Генотоксинді канцерогендер деп аталатын канцерогендә әсер табалдырығының болмауымен, сонымен қатар гендерді бұзу қабілетіне ие. Гeнoтoкcинді емес (эпигeнeтикалық) кaнцepoгeндер зиянды әсер табалдырығы бар, алайда канцерогенді үрдістің барлық сатысына таралмайды. Канцерогенездің осы механизмі көптеген химиялық қосылыстар үшін соңына дейін анықталмаған, ғылыми мәліметтер бойынша кез келген дозада осы әсердің теориялық мүмкіндігі, доза артқанда ұлғаяды. Сондықтан қауіп−қатерді бағалау әдістемесінде канцерогенді зерттеу көп жағдайда табалдырықсыз принцип негізі қолданылады.
Қауіптілікті идентификациялау кезінде, потенциалды канцерогендерді сомалық жылдық эмиссиясы және салмақтық канцерогенді эффектісі(Wc) бойынша алдын-ала рангілейді. Содан кейін, салыстырмалы канцерогенділік қауіптілігі (HRIc) 1 формула және 1 кесте бойынша есептелінеді («Руководство по оценке риска для здоровья населения при воздействии химических веществ, загрязняющих окружающую среду» Р.2.1.10.1920-04, Мәскеу, 2004 ж.):
HRIс = EWcP/10000, (1)
мұнда: HRIc – салыстырмалы канцерогенділік қауіптілігінің индексі;
Wc – канцерогенділік әсердің салмақтық коэффициенті;
P* - халық саны;
E** - шартты экспозиция көлемі (т/жыл).
Канцерогенділік қауіп-қатерлігі жоқ заттарға (жүйелі токсиканттар), жоғарыда сипатталған әдіске ұқсас тәсіл қолданылады. Мұндай жағдайда, қауіпсіз доза мен концентрацияда негізделген салмақтық коэффициентер(TW) арқылы есептеледі («Руководство по оценке риска для здоровья населения при воздействии химических веществ, загрязняющих окружающую среду» Р.2.1.10.1920-04, Мәскеу, 2004 ж.):
HRI = ETWP/10000, (2)
мұнда: HRI - салыстырмалы канцерогенділік қауіптілігінің индексі;
TW – адам ағзасына әсер ететін салмақтық коэффициент;
P* - халық саны;
E** - шартты экспозиция көлемі (т/жыл).
Бұдан басқа, химиялық канцерогендер үшін, қауіп-қатерді бағалауда химиялық заттардың критерийлерін анықтап алу қажет. Олар, канцерогенді мүмкіндік факторы, біздің жағдайымызда ингаляционды (SFi), сонымен қатар жекелеген қауіп-қатер көрсеткіші (Uri).
URi[м/мг3]=SFi[(кгтәул.)/(мг)]1/70[кг]20[мг3/тәул.], (3)
Қауіптілікті идентификациялау кезеңінде жиналған және талданған ақпарат, келешекте "доза (концентрация) - жауап" тәуелділік кезеңінде қолданылып, экспозицияны жоспарлау кезеңіне қажетті болады.
«Экспозиция – жауап» тәуелділігінің кезеңі – әсер ету деңгейі мен адам ағзасында туындайтын зиянды әсер арасындағы сандық байланысты айқындайды (жауап немесе реакция). Қауіп-қатерді бағалау кезінде, келесі екі негізгі әсерлер аталып өтіледі - канцерогенді және канцерогенді емес.
Индентификация кезеңінің қорытындысы бойынша алынған көрсеткіштер, зерттелетін химиялық қосылыстардың қауіптілік дәрежесін сапалық жағынан талдауға мүмкіндік береді және "концентрация (доза) - жауап" тәуелділігінің параметрлері сандық жағынан есепке алынады.
"Доза - жауап" тәуелділігінің сипаттамалары: тәуелділік бұрышының көлемі, ол дозаны (концентрацияны) 1 мг/кг немесе 1 мг/м3 жоғарлатқан сайын, зиянды әсердің пайда болуын бақылау; белгілі бір әсердің пайда болуынан, әсер ету деңгейінің өзгерісі (бұл топтың көрсеткіштері тіректі дозалар мен концентрацияларды анықтауға көмектеседі). Канцерогенді емес қауіп-қатер көрсеткіштерін сипаттау үшін "доза - жауап" тәуелділігінің параметрлері қолданылады. Олар, табалдырық әсеріне дейін жеткізетін максималды әсер етпейтін доза және минималды дозалар. Бұл көрсеткіштер минималды қауіп-қатерді – химиялық заттардың референтті дозалары (RfD) мен концентрацияларын (RfC) орнатуға негіз болады. Осыған орай, экспозицияны бағалау кезеңіндегі қорытынды мәліметтер референтті дозалар немесе концентрациялар негізінде, қауіптілік индексі мен коэффициенті атауларына ие болды (HQ, HI).
Канцерогенді агент әсерінен туындайтын канцерогенді қауіп-қатердің табалдырықсыз әрекет ету механизмінің көрсеткіші - канцерогенді фактор потенциалы (CPF) немесе иілу факторы (SF). Аталған көрсеткіш, канцерогенді қауіп-қатердің өсімділік дәрежесін сипаттайды.
Негізгі бейспецификалы атмосфералық ауаның ластаушыларын (ұсақ дисперсиялы фракциялар - РМ10 мен РМ2,5, азот оксиді, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді), қауіп-қатерін бағалау кезінде, белгілі бір көрсеткіштің шартты алынған концентрация бірлігіне пайыздық өзгерісі есепке алынады (әрбір 10 мкг/м3). Өсімділік коэффициентінің жоқ болуына байланысты «доза-жауап» тәуелділігінің бағанасын құру мүмкін емес. Сондықтан, болжау кезінде анықталған және дәлелденген клиникалық, эпидемиологиялық мәліметтерге сүйене отырып, тигізетін әсерлерді бағалаймыз. Егер де, табалдырық көрсеткіштері арта түсетін болса, онда сәйкесінше әсерлердің жоғарлауы байқалатындығын көрсетеді.
Экспозицияны (әсер) бағалау қауіп-қатерді бағалаудың ең маңызды және ең нақты кезеңі. Экспозиция қоршаған ортада жалпы сандық мәнімен (масса бірліктерінде, мысалы мг/м3) немесе әсер ету көлемімен – уақыт бірлігіне қатысты зерттелуші зат массасымен (мысалы, мг/күн) сипатталады.
Химиялық заттың мөлшерін сипаттау үшін келесі жалпы формула қолданылады:
, (4)
мұнда: I – келіп түскен химиялық зат (алмасу шекарасындағы химиялық зат мөлшері), мг/кг күніне дене массасы;
C – химиялық зат концентрациясы; экспозиция уақытында әсер ететін орташа концентрация (мысалы, мг/л су);
CR – контактілеу ауданы; адаммен уақыт мөлшерінде немесе бір жағдай әрекетінде ортаның ластану мөлшері (мысалы, л/күн);
EF – әсер ету жиілігі, жылдағы күн саны күн/жыл;
ED – әсер ұзақтығы, жылдар саны;
BW – дене массасы: экспозиция уақытындағы орташа дене массасы, кг;
AT – орташалау уақыты; экспозицияны орташалау периоды, күн саны.
Канцерогенді қауіп-қатерді бағалау кезінде орташа тәуліктік дозалар қолданылады. Бұл уақытта орташа өмір сүру уақытын ескеру қажет (70 жыл). Мұндай дозалар LADD деп белгіліенеді. LADD есептеуге арналған стандартты теңдеу:
LADD = [CCREDEF]/[BWAT365], (5)
мұнда: LADD – орташа тәуліктік дозасы немесе ағзаға түсуі (I), мг/(кгкүн);
C – ластанған ортадағы химиялық заттардың концентрациясы, мг/л, мг/м3, мг/см2, мг/кг;
CR – контактілеу ауданы; адаммен уақыт мөлшеріне немесе бір жағдай әрекетінде ортаның ластану мөлшері (ас су, ауаның, тағамдық азық-түліктің және т.б.), л/күн, м3/күн, кг/күн;
ED – әсер ету ұзақтығы, жылдар саны;
EF – әсер ету жилігі, жылдағы күн саны/жыл;
BW – дене массасы: экспозицияны орташа дене массасы, кг;
AT – орташалау уақыты: экспозицияны орташалау периоды (канцерогендер үшін AT = 70 жыл);
365 – күннің саны жылына (жылдағы күндер саны).
Қауіп-қатер сипаттамасы талданатын химиялық заттардың мәліметтерін экспозиция мөлшері, "доза – жауап" тәуелділігі бойынша біріктіріп, алдыңғы зерттеулер негізінде сапалық және сандық талдаулар жүргізіледі. Нәтижесінде, пайда болған мәселелер салыстырмалы талдама көмегімен айқындалып, адам ағзасына маңыздылық дәрежесін анықтауға мүмкіндік туады.
Жеке канцерогенді қауіп-қатер есептемесі экспозиция мөлшері туралы мәліметтерді қолдану арқылы және канцерогенділік потенциал факторлары көмегімен жүзеге асады. Заңдылық бойынша, индивидуумдағы өмір сүру уақытындағы катерлі ісік туындау мүмкіндігі (CR) орташа тәуліктік концентрациялары арқылы саналады (LADD)
CR = LADDSF,
мұнда: LADD – өмір сүру уақытындағы орташа тәуліктік концентрация, мг/(кгкүн);
SF - иілу факторы, (мг/(кгкүн))-1.
Канцерогенді емес әсерлер үшін қауіп-қатеді есептеу келесі формуламен 6:
HQ = AD/RfD или HQ = AC/RfC, (7)
мұнда: HQ – қауіптілік коэффициенті;
AD – орташа доза, мг/кг;
AC – орташа концентрация, мг/м3;
RfD – референтті (қауіпсіз) доза, мг/кг;
RfC - референтті (қауіпсіз) концентрация, мг/м3.
Канцерогенді емес заттарда қауіп-қатер сипаттамасын химиялық қосылыстардың комбинирленген кешенді әсері негізінде қауіптілік индексін есептейміз(HI):
HI = HQi, (8)
мұнда: HQi – жеке дара қосылыстарға арналған коэффициентер.
Адам ағзасына әсер ететін қауіп-қатерлерді классификациялау, қоршаған ортаны ластайтын химиялық заттардың әсеріне қарай, ДДҰ ұсынған кесте 3 арқылы топталынады.
Кесте 3 - Қауіп-қатер дәрежесінің жіктелуі (Руководство Р 2.1.10.1920-04)
Достарыңызбен бөлісу: |