18
I.2-1 жағдаяттық тапсырма
Науқас К., 42 жаста, пульмонологиялық бөлімшеде емделуде. Диагнозы: «өкпенің
оң жақ ортаңғы бөліктік пневмониясы, ауырлығы бойынша орташа дәрежелі».
Анамнезінен анықталғаны: жаңбыр астында қалғаннан 3 күн өткен соң қызба, жөтел,
дем алғанда кеуде қуысында ауырсыну сезімі, бас ауыруы, әлсіздік пайда болған.
Қақырықты және бронхтардың жуындысын бактерилогиялық зерттеу кезінде
Streptococcus pneumoniae табылған.
1. Науқастағы ауру дамуының жағдайы мен себебі қандай?
2. Осы аурудың дамуына кедергі жасайтын жағдайларды атаңыз.
3. Осы ауруды тудырған себеп қандай этиологиялық ықпалдар тобына
жатады?
Ауруларды этиотропты алдын алу мен емдеу
Этиотропты алдын алу
Себептік
ықпалдардың
организмге әсерін тигізбеуіне
бағытталған шараларды өткізу
Ауру
дамуына
кедергі
жасайтын
жағдайларды
қалыптастыру
Достарыңызбен бөлісу: