Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар республикалық орталығЫ



Pdf көрінісі
бет57/148
Дата04.11.2023
өлшемі4,48 Mb.
#122062
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   148
II.1-14 жағдаяттық тапсырма 
Науқас Д., 32 жаста, көк тамыр ішіне декстран (жоғары молекулалық зат) енгізгеннен 
кейін, қанның тұтқырлығы зерттелді. Тексеру барысында қан тұтқырлығының 
жоғарылағаны анықталды, агрегаттар домалақ, эритроциттер тығыз орналасқан, көлемі әр 
түрлі (41 сурет). 
1.
 
Науқаста микроциркуляцияның қандай бұзылысы дамыды? 
2.
 
Осы микроциркуляциялық бұзылыстың түрін анықтаңыз. 

 

 


66 
3.
 
Микроциркуляцияның осы бұзылысын тағы қандай себептер туындатуы 
мүмкін? 
 
 
II.1-15 жағдаяттық тапсырма 
Науқас К., 21 жаста, 12 жыл 1 типті қантты диабетпен ауырады. Соңғы кездері көруі 
нашарлап, көзі бұлдырап, оқығанда көзінің ашитынын байқады. Тексеру барысында: көру 
қабілетінің төмендеуі, көз түбіндегі ұсақ тамырлардың жуандауы, микроаневризмалар 
мен микротромбтардың болуы, тор қабықтың ісінуі, оларда қосалқы тамырлар мен ұсақ 
қан кетулер болғаны анықталды.
1.
 
Науқаста микроциркуляция бұзылыстарының қандай түрі дамыды? 
Жауабыңызды негіздеңіз.
 
2.
 
Тамыр 
қабырғаларының 
қалыңдауы, 
микроаневризмалар 
мен 
микротромбтардың болуы микроциркуляцияның қандай бұзылысы 
дамығанын көрсетеді?
3.
 
Тор қабықтың ісінуі микроциркуляцияның қандай бұзылысы дамығанын 
көрсетеді? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет