Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар республикалық орталығЫ



Pdf көрінісі
бет62/148
Дата04.11.2023
өлшемі4,48 Mb.
#122062
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   148
 
1.
 
Науқастағы қабынбалық процестің көрінісінің әлсіз болуын қалай 
түсіндіруге болады ? 
2.
 
Қабыну кезінде дамитын бейімделу механизмдерінің әсерлігін қандай емдік 
шараларды қолданып күшейтуге болады? 
3.
 
Қабынудың ағымына жүйкелік және гуморальді факторлардың ықпалы 
қандай? 
II.2-5 жағдаяттық тапсырма 
Науқас К., 9 жаста, туылғанда мұрынның сүйек қалқасының қисықтығы және
мұрын жолдарының туа біткен тарлығы анықталған. Соңғы жылы, мұрнынан сұйықтың 
көп ағуы, тынысының тарылуы және басының ауруы мазалайды. Бірақ, ата-анасы 
дәрігерге қаратпаған. Соңғы екі аптада жағдайы тым нашарлады: дене температурасы 
38
0
С дейін көтерілді, таралған ауру сезімі пайда болды, әсіресе бетінің сол жағында. 
Объективті: мұрын қуысының сол жағы іріңге толы, басқанда гаймор қуысының алдыңғы 
жағы ауырады, мұрын жолдарының сілемей қабығы қызарған, ісінген (45 сурет). Қан 
талдамасында - нейтрофильді лейкоцитоз және ЭТЖ жоғарылаған. 
1.
 
 
Науқаста қабынудың қандай түрі дамыған?
2.
 
Науқастағы қабынудың жергілікті және жалпы белгілерін атаңыз. 
3.
 
Науқаста дамыған қабынудың ықтимал себептері қандай?
Қабыну дамуына қандай факторлар ықпал етеді?
4.
 
Ірің дегеніміз не? 
II.2-6 жағдаяттық тапсырма 
Науқас К., 43 жаста, 5 жыл бойы алапестен емделуде. Шағымдары: жалпы әлсіздік, 
бүындарының ауруы, терісінің бұрмаланған сезімталдығы, бетін, аяқ-қолдарын бұдыр 
бөртпелер басқан. Соңғы кезде терісінде, тері асты қабатында эпидермистің түйіршікті 
қабатының қалыңдауы байқалғандықтан глюкокортикостероидтар берілді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет