Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар республикалық орталығЫ



Pdf көрінісі
бет73/148
Дата04.11.2023
өлшемі4,48 Mb.
#122062
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   148
1.
 
Өспенің дамуын немен байланыстыруға болады? Қандай жағдайлар өспе 
дамуына ықпал етеді? 
2.
 
Клиникалық әйгіленімдері ісік өсу патогенезінің қандай кезеңіне сәйкес келеді? 
3.
 
Неліктен аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған және өспе бар жердің терісінің 
түсі өзгерген

II.4-3 жағдаяттық тапсырма 
Түрлі бояулармен айналысатын цехтың, 7 жыл бойы анилинді бояғыштармен 
жұмыс істеген жұмысшысы, урологиялық бөлімшеге түсті. Шағымдары: Несеп шығару 
барысында, содан кейін ауру сезімінің пайда болатындығы, зәрде қанның болуы. 
Цистоскопия жасағанда Несеп қуығында өспе бар екені анықталды. Өспелік құрылымның 
бүрлерін жара басқан, бүрлері қалың, қысқа. Өспенің айналасындағы сілемей қабық 
ісінген, гиперемияланған 
(
51 сурет
)
. Гистологиялық тексеруден кейін келесідей диагноз 
қойылды: «Несеп қуығының папиллярлы обыры». Науқасқа хирургиялық ем 
тағайындалды. 

 


96 
1.
 
Науқаста пайда болған өспенің ықтималды себептері қандай? Осы 
этиологиялық фактор канцерогендердің қандай тобына жатады? 
2.
 
Хирургиялық емнің тиімділігін қандай фактор анықтауы мүмкін? 
3.
 
Қатерлі өспелерге тән негізгі биологиялық ерекшеліктер қандай? 
4.
 
Науқаста ісіктің дамуының мүмкін болатын себептері қандай?
 
 
II.4- 4 жағдаяттық тапсырма 
Науқас З., 66 жаста, бұрын шахтер болып жұмыс істеген, клиникаға түскендегі 
шағымдары: жалпы әлсіздік, тез арада жүдеп кеткендігі, тынысының тарылуы, құрғақ 
жөтел, қан түкіру, кеуде тұсының ауруы. Анамнезінен - ұзақ уақыттан бері жөтелетіні, 
бірақ темекі тартатын болғандықтан оған көңіл бөлмегендігі анықталды. Соңғы кездері, 
жөтелдің сипаты өзгерген, ұстамалы жөтел өршіп, ентігу, көгеру дамыған, қақырығында 
қан пайда болған. Объективті: кеудесі және бұғана үсті аймағы түсіңкі, мойынның лимфа 
түйіндері үлкейген, ұстағанда қатты, ауырмайды. Қан талдамасыында айқын анемия 
байқалды. Рентгенологиялық, эндоскопиялық және цитологиялық зерттеулер 
жүргізілді 
(
52 сурет
)
. Диагнозы: «Сол жақтағы өкпесінің орталықты обыры». 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет