Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет51/83
Дата03.12.2023
өлшемі2,08 Mb.
#133070
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   83
Байланысты:
НЕРВ ЖҮЙЕСІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

19-сурет. Геморрагиялық 
инсульт 
Ми тініндегі қоңыр-қызыл 
түсті қанның ұйындысы.
Қан құйылған аумақта 
ми тіні бүлінген (гематома
)
(
http://doctorexclusive.com
)


55 

Екіншілкі 
миішілік 
қанқұйылулар: 
өспе, 
коагулопатия 
қантамырлық мальформациядан, аневризмнің жарылуынан дамиды. 

Субарахноидалды қанқұйылулар. 

ИИ-тің геморрагиялық трансформациясы. Бұл белгілі бір жағдайда 
аурудың табиғи ағымының кезеңі түрінде дамуы мүмкін. Сонымен қатар, 
реперфузиялық емді қолданғанда байқалады. 
Миішілік қанқұйылулардың этиологиялық факторлары

Ілкі артериялық гипертензиялар (АГ-ның 80-85 %-да кездеседі). 
Алтериялық 
қысымның 
жоғарылауы 
мидағы 
қантамырлардың 
бұзылыстарына тән өзгерістерді, яғни, қан сарысуының сорылуы
жасушалардың өліеттенуі (некрозын), микроаневризмдердің түзілуі мен 
олардың жарылуын туындатады. Өте ауыр өзгерістер қыртысасты түйіндер 
мен таламуста байқалады. Бұл тік бұрыш астында ортаңғы ми 
артерияларының негізгі діңгегінен терең тармақтардың ауытқуынан 
дамиды. Сондықтан, гематомалар қыртысасты түйіндерде жиі пайда 
болып, мидың ақ затына жақын жатқан жерлерге жылдам тарайды. 

Мидағы қантамырлардың атеросклерозы. 

Бассүйекішілік аневризм (бассүйек-ми жарақаты мен сепсистік 
жағдайлардың нәтижесінде пайда болған микроаневризмдер) 

Артерия-веналық мальформация 

Ми қантамырларының қабынбалық өзгерістері 

Церебралды амилоидты ангиопатиялар 

Геморрагиялық синдромдарды туындататын аурулар (лейкоздар, 
уремия, Верльгоф ауруы және т.б.). 

Уыттанулар, алкогольді уыттану 

Психостимуляторлар, антикоагулянттар несесе тромболитиктерді 
қолдану 

Авитаминоздар және басқалар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет