~168~
саяси өмірдің дербес субъектісі де болып табылады немесе кейбір мүшелерге
саяси қатысу шарты немесе институты болып табылады.
Əлеуметтік қорғау жүйесі
тек халықтың табыссыз
топтары мен өндіріске
қатыспағандарды (оқушылар, зейнеткерлер, мүгедектер)
ғана қамтымайды, ол
сонымен қатар қоғамдық өндіріске қатысушыларды да, ең алдымен жалданып
істейтіндерді де қорғайды. Мұны еңбекті заңдастырудан (жұмыс аптасының
ұзақтығы, демалыстың мерзімі, еңбекті қорғау жəне т.б.) жəне оған ақы төлеуден
(жалақының төменгі қойылымын тағайындау) жұмысшыларды жұмысқа алу мен
босату жөніндегі ережелерден көреміз.
Əлеуметтік
қорғау
-
бұл
елдегі халықтың өмірлік
қажетті игіліктердің
белгілі бір деңгейін (қарттық, денсаулық жағдайына байланысты,
асыраушысынан немесе жұмысынан айырылуына жəне басқа да заңда
көрсетілген экономикалық белсенділік көрсете алмайтын) жəне
тиісті ақы
төленетін еңбекке қатысу арқылы өзін қамтамасыз ете алмайтын азаматтарға
белгілі бір өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету шаралары. Адам науқастанып
қалып уақытша еңбекке жарамсыз болып қалғанда белгілі бір көлемде
əлеуметтік жəрдемақы тағайындалады.
Сондай
-
ақ əлеуметтік жəрдемақы
жүктілікке жəне
бала тууға байланысты, бала асырап алған əйелдерге
(еркектерге) тағайындалады. Бұл жағдайда əлеуметтік жəрдемақы бала асырап
алған күннен бастап баланың туғанына 56 күн өткенге дейін барлық кезеңдерге
тағайындалады. Бала дүниеге келгенде ең төменгі есептік көрсеткіштің 10 еселігі
мөлшерінде бір реттік жəрдемақы төленеді. Қызметкерлерге əлеуметтік
жəрдемақыны жұмыс берушінің қаржысы есебінен тəртібі заңда қарастырылған.
Біздің елімізде «Мүгедектігіне, асыраушысынан айырылған жағдайда жəне
жасына байланысты мемлекеттік əлеуметтік жəрдемақы туралы» Заң
қабылданған. Егер қызметкердің уақытша жұмысқа жарамсыздығы жарақатқа
немесе кəсіби ауруға байланысты болса, онда жұмыс беруші əлеуметтік
жəрдемақыны
еңбекке жарамсыздықтың бірінші күнінен
бастап ол жұмысқа
шыққанша немесе мұгедектікті анықтағанша орташа айлық жалақысының 100
пайызы мөлшерінде төлейді.
Əлеуметтік жəрдемақы төлеу жөніндегі міндеттерін
орындамағанда немесе жартылай орындығында жұмыс беруші заңда белгіленген
тəртіп бойынша жауап береді.
Кедейшілік
сияқты өткір əлеуметтік мəселелерді шешу
-
мемлекет
жұмысының басты бір бағыты. Бұл əл
-
ауқатты өмірді қамтамасыз ете
алмағанымен, экономикалық тұтқалар арқылы ең төменгі тіршілік деңгейін
жасап, тұрмысы нашар адамдардың санын азайтуға көмектеседі. Кедейленген
топты
азайту
-
нарықтық экономикаға көшкен мемлекеттің əлеуметтік
саясатының негізгі міндеті