Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Заңды жауапкершіліктің мақсаты -



Pdf көрінісі
бет121/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

 
Заңды жауапкершіліктің мақсаты
-
адамның құқығы мен 
бостандығын қорғау, заңдылық пен құқықтың тəртіптің орнауын қамтамасыз 
ету. Мақсат

осы құқықтық амалдарды қодана отырып қол жететін нəтиже. 
Мақсат келесі заңды амалдарды қолдана отырып іске асады. Заңды 
жауапкершіліктің түрлері.
Жасалған құқық
бұзушылықтың сипатына жəне құқықтың салаларына 
қарай заңды жауапкершілікті келесі түрлерге бөлед: əкімшілік, азаматтық
-
құқықтық, материалдық, тəртіптік жəне қылмыстық:

Əкімшілік. 16 жастан бастап қолданылады. Негізі
-
əкімшілік тəртіпті бұзу. 
Жазалау түрлері
-
арнайы құқықтан айыру, айыппұл, əкімшілік қамау жəне т.б.;

Азаматтық. 14 жастан бастап қолданылалады. Негізі
-
келісімшарт тəртібін 
бұзу, келтірілген шығынды өтеу жəне мүліктік сипат. Жазалау түрі–айыппұл, 
келтірілген шығынды өтеу жəне т.б.;

Қылмыстық. 14 жастан бастап қолданылады. Тек Қылмыстық кодексті 
бұзғаны үшін қолданады. Жазалау түрлері
-
бостандығын шектеу, бостандықтан 
айыру, айыппұл, өлім жазасы жəне т.б.;

Материалдық. 16 жастан бастап қолданылады. Мекемелерге, ұйымдарға 
немесе кəсіпорындарға келген шығындардың нəтижесінде пайда болады. 
Жазалау түрлері
-
келтірілген материалдық шығынды толық өтеу.

Тəртіптік. 16 жастан бастап қолданылады. Əскери, еңбек немесе оқу 
тəртібін бұзған жағдайда қолданылады. Жазалау түрлері
-
ескерту, сөгіс, қатаң 
сөгіс, жұмыстан босату.
Заңды жауапкершілік
-
құқық бұзған тұлғаға мəжбүрлеу шарасын 
қолдану. Ол шаралар арнайы талаптарға, яғни заңды жауапкершіліктің 
қағидаттарына сай болуы тиіс. Ықтимал құқықбұзушылықтың алдын алу 
мақсатында мемлекеттік мəжбүрлеуді қолданатын жағдайлар болып тұрады. 
Мысалы, əуежайларда арнайы бақылау шаралары, пойызда, ерекше күзеттегі
орындарда, көліктің жəне жолаушының жүгін тексеру шаралары; тəрбиелік 
əсерлердегі мəжбүрлеу шаралары, медициналық сипаттағы мəжбүрлеу 
шаралары жəне т.б. Ондай шаралар алдын кесу, қорғаныс жəне 
құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары деп аталады. Бұл əрекеттердің 
барлығы міндетті түрде заң жүзінде іске асырылуы тиіс. Қорғаныс шараларының 
мақсаты
-
заң бұзушыны жауапкершілікке тартпай бұзылған құқықты қайта 
қалпына келтіру (мысалы, бала
-
шағаға арналған алиментті төлеткізу). Алдын 
кесу шарасының мақсаты
-
қылмыстық,
əкімшілік немесе азаматтық тірліктерде 
қалыпты өндірісті қамтамасыз ету (мысалы, ешқайда кетпеу туралы тілхат, 
ұстау). 
Басқа процессуалды шаралардың мақсаты
-
құқықбұзушылықтың алдын 
алу (мысалы, жеке тексермелеу, куəландыру, мəжбүрленген тексерулер, 
карантин болған жағдайда қимылдарға шектеу қою), сонымен қатар есі ауысқан 
ауруларға қолданатын медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шаралары.
Қоғамға, жеке тұлғаға жəне мемлекетке кесірі тигенімен, жеке тұлғаны 
заңды жауапкершілікке тартпайтын жағдайлар болады. Ондай жағдайлар заңда 
көрсетілген, заңды жауапкершілікке тартылмайтын жағдайлар деп аталады. 


~198~ 
Ондай жағдай орын алған кезде тұлға заңды жауапкершілікке тартылмайды. 
Олар:

ессіздік, тұлға өз əрекетіне жауап бере алмайды;

қажетті қорғаныс. Тұлға өзін, өзінің
құқығын немесе басқа тұлғалардың 
мүддесін қоғамдық қатерден сақтап қалу мақсаты. Дегенмен бұл жағдайда 
қажетті қорғаныс шектеулерінің шегінен шықпауы тиіс;

қылмыс жасаған тұлғаны ұстау əрекеті;

аса қажеттілік;

құқықбұзушылықты психикалық немесе физикалық мəжбүрлеумен 
жасату;

бұйрықты орындау
-
яғни, кесірін тигізіп отырған тұлға өзінің заңды 
міндеттемесін орындап отырған тұлға болса, мысалы, əскери бұйрық орындау;

азмəнділік
-
яғни, жасалған құқықбұзушылық қоғамға ешқандай қауіп 
төндірмейді.
Осылайша
құқыққа сай мінез
-
құлық
-
мемлекеттің кепілдігімен жасалған 
құқық нормаларындағы нұсқамаларға сай адамдар мен ұйымдардың тұрмыс
-
тіршілігі. Құқыққа сай мінез
-
құлықтың мəні
-
қоғамға қажеттілігі мен 
маңыздылығы. Құқыққа сай əрекеттің əлеуметтік жəне заңды антиподы болып 
құқықбұзушылық саналады. Ол
-
құқыққа қарсы, қоғамға зиян келтіретін кінəлі 
əрекет. Құқықбұзушылықтың салдары заңды жауапкершілік болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет