~232~
Жұмыс
беруші
-
заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы
лауазымындағы жұмысқа еңбек шарты жұмыс берушінің құрылтай
құжаттарында немесе тараптардың келісімінде белгіленген мерзімге жасалады.
Егер еңбек шартында оның қолданылу мерзімі айтылмаса, онда шарт
белгіленбеген мерзімге жасалған деп есептеледі.
Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі.
Ата
-
анасының біреуінің, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап
алушысының жазбаша келісімі мен орта білім беру ұйымында негізгі орта,
жалпы орта білім алған жағдайда, он бес жасқа толған азаматтармен; сабақтан
бос уақытында, денсаулығына зиян келтірмейтін жəне оқу процесін бұзбайтын
жұмысты орындау үшін, он төрт жасқа толған оқушылар мен еңбек шарты
жасалуы мүмкін. Еңбек шартына кəмелетке толмаған адаммен қатар оның ата
-
анасының біреуі, қорғаншысы, қамқоршысы немесе асырап алушысы қол қоюға
тиіс.
Еңбек шартын жасау үшін жұмыс беруші қызметкердің еңбек қызметін
растайтын мынадай құжаттарды талап етуге құқылы: жеке басының куəлігі
немесе төлқұжаты (он алты жасқа толмаған адамдар үшін тууы туралы куəлігі),
тиісті білімді, дағдылар мен машықтарды талап ететін жұмысқа еңбек шартын
жасасу кезінде білімі, біліктілігі туралы, арнаулы білімі немесе кəсіптік
даярлығының болуы туралы құжат, еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек
стажы бар адамдар үшін); əскери есеп құжаты (əскери міндеттілер мен əскери
қызметке шақырылуға жататын адамдар үшін); алдын ала медициналық
куəландырудан өткені туралы құжат (осы Кодекске жəне ҚР заңнамасына сəйкес
осындай куəландырудан өтуге міндетті адамдар үшін), салық төлеушінің тіркеу
нөмірін жəне əлеуметтік жеке код беру туралы куəліктердің көшірмелері.
Жұмысқа қабылдау жасалған еңбек шарты негізінде шығарылатын жұмыс
берушінің актісімен ресімделеді. Жұмыс беруші үш күн мерзімде қызметкерді
актімен таныстыруға міндетті. Жұмыс берушінің актісімен танысқаны
қызметкердің қол қоюымен куəландырылады. Қызметкердің талап етуі бойынша
жұмыс беруші оған актінің тиісінше расталған көшірмесін беруге міндетті.
Жұмысқа қабылдаған кезде жұмыс беруші қызметкерді ұйымдағы ішкі еңбек
тəртіптемесі ережелерімен, жұмыс берушінің қызметкердің жұмысына (еңбек
функциясына)қатысы бар өзге де актілерімен, ұжымдық шартпен таныстыруға
міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: