Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


кесте -  жетілген бəсеке нарығының медициналық қызмет нарығының  құрылымынан айырмашылығы. Жетілген бəсеке нарығы



Pdf көрінісі
бет55/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   200
5 кесте

жетілген бəсеке нарығының медициналық қызмет нарығының 
құрылымынан айырмашылығы.
Жетілген бəсеке нарығы
 
Медициналық қызмет нарығы
 
Сатушылардың көп саны
Сатушылар саны шектеулі, нарыққа 
шығудың шектеулілігі бар, бір ғана 
монополияға айналуға болатын мүмкін 
жағдайлар да бар

Біртекті тауарлар
Біртекті емес медициналық қызметтер,оның 
жеке даралығы, ерекшелігі

Сатып
алушылардың жақсы 
ақпараттануы
Ақпарат жеткіліксіз
Тауар бағасы мен оның
сапасын 
сəйкестендіру мүмкіндігі
Баға мен сапаны сəйкестендіру мүмкін емес 
немесе өте қиын

Өндірушілер пайданы 
максималдауға ұмтылады
Мемлекеттік жəне жеке меншік «пайдасыз»
ұйымдардың аздаған санының болуы

Өнімді өткізу тікелей жүзеге 
асырылады
Көп жағдайда медициналық қызметтің 
айтарлықтай бөлігін төлейтін «үшінші 
жақтың» қатысуын талап ететін 
жағдайлардың болуы.
Қазіргі денсаулық сақтау жүйесінде бəсекеге қабілеттіліктің төмен немесе 
мүлдем болмауының негізгі факторлары мыналар:
-
кеңестік денсаулық сақтаудың əкімшілік жоспарлы жүйеден 
маркетингтік қатынынастар жағдайындағы медициналық қызмет нарығының 
қалыптасуын басқара алмауына үрдісіне революциялық көшу

-
медициналық мекемелердің ескі меншік формасы, классикалық 
экономикалық заңдарға бəсеке жəне бəсекеге қабілеттілікке сəйкес келмейтін 
денсаулық сақтау саласындағы шағын кəсіпкерліктің құрылуының жəне 
дамуының белгісіздігі;
-
қоғамның жəне мемлекеттің дамуында жаңа экономикалық жағдайда 
қалыптасқан ұйымдық

техникалық жəне экономикалық

басқару мəселелерін 
жəне емдеу мекемесінің міндеттерін сауатты шешуге қабілетті қоғамдық 
денсаулық сақтау жүйесінде қазіргі заманғы менеджерлердің жоқтығы;
-
денсаулық сақтаудағы бəсекені басқару медициналық білім беру 
бағдарламаларының (курстардың) жоқтығы;


~86~ 
-
медициналық қызмет нарығын қалыптастыру жағдайында ғылыми 
жоспарларды жүзеге асыру əдістерінің ақталмауы (жүйелі талдау, болжау, 
медициналық қызметті оңтайландыру жəне т.б.);
-
денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық көмектің сапасын 
жоғарлатудың қазіргі заманғы механизмдерін, əдістері мен формаларын енгізу 
жəне жүзеге асыру бойынша негізгі басқарушылық шешімді жүзеге асыруда 
саяси еркіндіктің болмауы.
Медицинада бəсекелестік ортаны қалыптастыруда кедергі жасайтын 
факторлар мыналар:
-
медициналық қызметті тұтынушылардың көп сатылы жүйесі; мемлекет 
(ТМККК); науқастар (медициналық көмектің сапасына белсенді əсер ететіндер); 
емдеу

алдын алу мекемелерінің əкімшілігі (науқас жəне медициналық 
қызметкер арасындағы қатынасты бюрократты əкімшіл

əміршіл реттеу); 
дəрігерлер (өзінің науқасын емдеу жəне еммен қамтамасыз ету туралы шешім 
қабылдау бəсекелестік жəне экономикалық ортада болады);
-
медициналық қызметті көрсететін тұтынушы субъектілері арасындағы 
қызығушылықтың қарама

қайшылығы;
-
төлеушілер жəне делдалдар науқасты
емдеу нəтижесінде соңғы 
құқықтық жауапты өз мойындарына алмайды (бəсекелестік күрестің сурогаттық 
формасы олардың қызығушылқтарын дау

жан жалға алып келетіндей науқас пен 
төлеушінің өзара қарым

қатынасында орын алады

төлеуші қымбат тұратын 
медициналық қызметті төлеуден бас тарту үшін əртүрлі əрекетке барады);
-
науқастар, дəрігерлер, төлеушілер
үшін медициналық көмектің 
сапасының обьективті көрсеткіштерінің болмауы. Көрсетілген медициналық 
қызметтің бағасы мен сапасы арасындағы бір жақты байланыс бекіту
мемкін 
емес;
-
науқасты медициналық қызметті тұтынушы ретінде басқа тауарлар мен 
қызметтер тұтынушысынан айрықша сипаттамасы

бұл мүмкін болатын 
шығындарға
көңіл аудармай өмірін жəне денсаулығын сақтап қалудың
алғы 
шарты;
-
əртүлі дəрігерлерде медициналық қызметтің бағасы туралы науқастарды 
ақпараттандырудың жеткіліксіздігі немесе жоқтығы.
Денсаулық сақтаудағы бəсеке

бұл науқастың мақсатты қажеттілігін 
қанағаттандарудың жоғарғы деңгейіне жету бойынша медициналық 
қызметкерлер арасында қарсыласудың айрықша
өркениетті формасы шегінде 
медициналық қызметті өндіру жəне тұтыну субъектілерінің өзара қарым

қатынасы жағдайы жəне үрдісі
.
Денсаулық сақтау саласында бəсекелестікті қалыптастыруда бірнеше 
қарама

қайшылықтар бар:
-
денсаулық сақтаудағы ынталандыру жүйесі мен бəсекенің негізгі 
заңдары арасындағы қарама

қайшылық (тіпті шығындық ұсыныс жағдайында да 
медициналық қызметке жоғары баға сақталып қалады);
-
қымбат медициналық технологиялар мен медициналық қызмет алудың 
жалпыға бірдей қол жетімділігі;


~87~ 
-
нақты бар науқас пен қымбат медициналық қызмет (медициналық 
қызметтің сапасын жақсартусыз)
арасындағы қарама

қайшылық

-
медициналық еңбекті ынталандырудың қазіргі кездегі жүйесі 
инновацияны енгізуді жоғарлатады, медициналық қызметтің құнын төмендетеді 
немесе қызмет сапасын жоғарлатады

Медициналық қызметтегі бəсеке қабілеттілікті бағалау ерекшеліктері:
-
бағалау объектісі медициналық қызмет көрсететін ұйымның қызметі 
(емдеу

алдын алу мекемесі, дəрігерлік тəжірибе жəне т.б.);
-
қызметті бағалау қызмет көрсету үрдісі
мен технологиясының сапасын 
бағалаумен тығыз байланысты;
-
медициналық қызметкерлердің қызметін тікелей тұтынушымен бағалау;
-
көрсетілген медициналық қызметтің уақытша сипаттамасын бағалау;
-
көрсетілген қызметті қызметтің сапа стандартына сəйкес бағалау;
-
бір реттік медициналық қызмет алған науқастардың субьективті ойын 
біріктіру жəне бағалау.
Медициналық қызметті өндіру жəне тұтыну жағдайында бəсекелестік 
ортаның болуы, емдеу

алдын алу мекемелерінің жəне медициналық тəжірибенің 
бəсекеге қабілеттілігін жоғарлату денсаулық сақтау жүйесінің болашақтағы 
дамуы үшін аса маңызды. Денсаулық сақтау жүйесінде бəсекеге қабілеттіліктік 
жағдайды жасау дəрігерлер арасында, өркениетті бақталастық механизмдерін 
құру, сонымен қатар медициналық мекемелердің жəне дəрігерлік тəжірибенің 
бəсекеге қабілеттілігін басқару отандық денсаулық сақтау саласының қазіргі 
жағдайын сапалық өзгеруіне жағдай жасайтын еді. Медициналық қызметтің 
бəсекелік артықшылығы жүйелі жəне кешенді деңгейде құқықтық, кəсіптік, 
технологиялық, нарықтық, ғылыми, экономикалық, ұйымдық, психологиялық 
жəне де басқа да аспектілермен қамтамасыз етіледі.
Денсаулық сақтау саласында бəсекені дамыту бірқатар маңызды 
мəселелерді шешу жолдарын қарастырады:

мемлекеттік ұйымдар мен медициналық ұйым арасындағы
шарттық 
қатынастарды, олардың арасындағы құқықтық жауапкершілікті, міндеттерін 
айқын анықтап береді. бұл жағдайда
мемлекеттік жəне жеке медициналық 
ұйымдар тегін медициналық көмекті кепілдендірілген көлемін көрсету жөніндегі 
қызметтерді беру үшін жалпы стандарттар, қажеттіліктер, жауапкершіліктер 
жəне
экономикалық жағдай негізінде тепе
-
тең жағдайға ие болады;

жан басына шаққандағы қаржыландыруды біртіндеп толықтыру жəне 
жартылай қорды ұстауға көшу денсаулық сақтау жүйесінің ақталмаған жоғарғы 
шығындарына, соның ішінде стационарлық бөлшекті ұтымды етуге түбегейлі 
əсер етеді. Мемлекет жеке медициналық ұйымдардың көп болуын қамтамасыз 
етеді, себебі мемлекеттік медициналық мекемелерге қарағанда жеке меншіктегі 
медицина ұйымдарына бюджеттен қаржы бөлуді қарастырмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет